А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет21/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция
П е р и ф р а з (грекше: рeriphrasis: рeri – айнала, төңірек phrazo–айтамын) айтылатын нәрсені кәдуілгідей ғып айтпай, айнытып, ұқсасымен бүркемелеп айту. Және бұнда метафора яки теңеудегідей нәрсемен оның ұқсатылған баламасы қатар тұрмай, нәрсе алынып, тек ұқсатылған балама ғана тұрады. Перифраз бұл орайда жұмбаққа, фразеологизмдерге келеді. Жұмбақтың бәрі, фразеологизмдердің көбісі – перифраз. Перифразға ұқсаған нәрсені Шейх Тарази ташбих кинаят деп атайды. Перифразға мысал:
Өз қолымен ұнамды тон піштірмес.

«Тұтқын» (М.Д.-ға хат)
Ұлы қайтыс болған Жәңгір ханға Едіге бидің көңіл айтуы:
Алтын қоңырау үзіліп жерге түсті.
Перифраз болатын фразеологизмдер: қоңыз теріп кету, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, т.б.

Жұмбақтың перифраз болуы: Тақиям толған сөк, таңертең тұрсам жоқ. (Тақиям толған сөк – түнгі жұлдызды аспан, таңертең тұрсам жоқ – таң атқандағы жұлдызсыз, таза аспан // түнгі жұлдызды аспан – нәрсе, Тақиям толған сөк – нәрсеге ұқсатылған балама).


Метонимия (грекше: metonomadzo – атын өзгерту) – жалқының орнына жалпыны айту. Мысалы: Ауыл шулап жатыр. Негізінде шулайтын ауыл емес, ондағы адамдар. Сол сияқты Мәскеуді мойындатты деген сөзде метонимия. А.Байтұрсынов метонимияны алмастыру деп атайды. Анықтамасын «Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту» деп береді. Мысал ретінде: «Абайдың сөзінен, яки кітабынан көшіріп жаз деудің орнына «Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін айтамыз» деп түсіндіреді.
Аман бол, Бөгенім мен Шаяным-ай
(Мәделі Жүсіпқожаұлы)
Синекдоха (грекше: synerdoche)– метонимияға керісінше: жалпының орнына жалқыны айту. (Л.И.Тимофеев синекдоханы метонимияның бір түрі дейді). Мысалы, біреуге «Әй, бұйра шаш бері келші», «Анау қызыл жемпірді бері шақыр» десек синекдоха болады (Адамның орнына бұйра шаш, қызыл жемпір сөздері қолданылып тұр).
Азғындап жүрген жандар аз ба бүгін?

Торқа киіп, мінсе де семіз дөнен.



(М. Тазабек)
Тоқтар Әубәкіров – Махамбеттің дулығасын скафандрға ауыстырған батыр қазақ (Афоризм).
Теңеу – бір затты бір затпен теңеп айту. Теңегенде, әрине, ұқсасын тауып, келтіре айту, «тең теңімен, тезек қабымен» дегендей ғып. Теңеуге мысал:
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,

Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,

Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!



(«Батыр Баян» шығармасынан)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет