Алтын күн ақырын өледі.
Сорлы бұлттар – сорлы жар
Қан жылап күнді көмеді.
(Мағжан)
Заттандыру (овеществление: «Гвозди б делать из этих людей: Крепче б не было в мире гвоздей» – Н. Тихонов) – керісінше жанды затты жансыз затқа балау. Мысалы:
Мен қорғасын сақамын
(Жамбыл)
Мылтыққа салып қойған мен бір пестон
(Құлманбет)
Кейіптеу де, заттандыру да метафораның түрлері.
Эпитет (грекше: epitheton – қосымша, қоса тіркеу) бір заттың, құбылыстың көзге ұрып тұрған бедерлі суретті сипатын, заттың, құбылыстың атына қосақтап айту. Мысалы:
Балталы, екпінді оттан Оразымбет,
Сіргелі, шапшаң оқтан ер Елшібек,
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін,
Тәкәппар Қошқарұлы ер Жәнібек.
Қалданға ханмен бірге тұтқын болған
Жолдасы Абылайдың батыр Жәбек.
Майданда от шашқандай оқ шашатын
Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет.
(«Батыр Баян» шығармасынан)
Орхон ескерткіштеріндегі эпитет:
Жетім халық – өксіз будун
Қырағы көз – көрүр көз
Қара құм – қара құмығ
Сары алтын – саруғ алтын
Достарыңызбен бөлісу: |