А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет19/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

М е т а ф о р а (грекше: metaphora – ауыстыру) шығармадағы заттың яки құбылыстың суретін күшейту үшін оны ұқсас, басқа зат яки басқа бір құбылыспен балап, мағынасының өңін айналдырып айту. Метафораға мысал:

Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер (Абай, «37- қара сөз»).

Сөз – сабан, іс – дән.

(Мақал)
Жыршының аты жыршы ма,

Әркімнен өлең жаттаса?

Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,

Айшығы айқын көрінбес,

Өрнексіз тігіп баттаса.
(Дулат)
Болғанда мен ақсұңқар, сен бір тауық.

(Құлманбет)

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері...

(Шал)


Енді осы троптың ішін ашып көрейік. Бұл метафора екі қабаттан тұрады.

  1. Иман, ақыл, нәпсі.

  2. Қой, қойшы, бөрі (Бөріге қой алдырмас ердің ері).

  1. қабат: ақыл-ой, идея қабаты, 2-қабат: жаратылыстан көшірілген сурет

қабаты. Яғни, бірінші қабат: идеялық қабат, екінші қабат: көркемдік троптық қабат. Жалпы, образ, бейне, троп осындай ірі екі бөлік қабаттан тұрады. Идея – дерексіз, таза, жалаңаш ұғымды береді. Жаратылыс дүние – деректі, бейнелі белгісі бар зат яки құбылысты береді. Идея жаратылыс дүниеден жоғары тұрады. Өйткені, идея басы көктен түседі. Жаратылыс дүние жермен шектеледі. Екеуі рух пен дене сияқты. Яғни бірінші қабат – мазмұн, екінші қабат – пішін аумағына кіреді. Шал ақынның өлеңіндегі идеялық бөлік – иман, ақыл, нәпсі; жаратылыс дүниелік бөлік – қой, қойшы, бөрі. Образ, суреттеу туралы Мағжанның да жақсы айтқан жерлері бар. Ол оның: «Көрген затты яки құбылысты ой мен жанымызда тірілте алу – суреттеу деп аталады» дегені («Пидагогика» шығармасынан. Автордың сөзін сөзбе-сөз емес, мағыналық тұрғыдан келтірдік) . Тағы: «Жанның өзінде бар бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады» (Мағжанның «Аурулы суреттеу – галлюцинация» дейтіні де бар). Яки «Қиял – суретті, жанды көрініс. Ойлау – белгілі бір тірі суретсіз жалаңаш көрініс» дегені. Яғни, ой, ойлау негізі – идея; сурет, суреттеу негізі – жаратылыс әлем. Біздің айтпақ болғанымыз да осы еді. (Олар тіл туралы да жақсы айтқан: Мағжан: «(Тіл) – жанның жайын жарыққа шығару жолы» десе; Ж.Аймауытов: «Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал» («Псиқолоғия» шығармасы) деген.
К е й і п т е у (олицетворение: «с гор побежали ручьи» – Н. Некрасов) – жансыз нәрсені жанды заттай ғып көрсету. Мысалы:
Алтын күн батып барады,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет