А. Қалшабек Әдебиет теориясы


Көркем әдебиет тілінің мақсаты – тілдің жеткізбек болған мағыналық ой қуатын көрнекі, қалың сурет бояуымен орап, безендіріп жеткізу



бет18/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция
Көркем әдебиет тілінің мақсаты – тілдің жеткізбек болған мағыналық ой қуатын көрнекі, қалың сурет бояуымен орап, безендіріп жеткізу. Ол үшін негізінен затты яки құбылысты өзге нәрсеге теңеп, ұқсатып, балап, ауыстырып айту тәсілі қолданылады. Яғни, көрнек тіл екі шартқа сәйкес келу керек: 1) ақиқат ой; 2) теңеу тәсілі.

Оның басқа да түрлі қалыптанған тәсілдері бар. Олар туралы төменде айтылады.

А. Байтұрсынов осындай сөз мағынасын ауыстырып қолдану тәсілі туралы былай дейді: «Сөздің көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге мағынада жұмсаймыз. Арасында түк ұқсастық жоқ екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды екіншісіне ауыстырып айтамыз. Мәселен, «күн құтырып кетті», «аяз қарыған», «қырау соққан» дейміз. «Құтырып кетті», «қарыған», «соққан» деген сөздер нақ өз мағынасында емес, өзге мағынада айтылып тұр. «Құтыру» – жанды, есті нәрсенің күйін көрсететін сөз. Мұнда күннің желдетуі адамның құтырған күйіне ұқсас әсер ететіндігінен, жанды нәрсенің күйін көрсететін сөз күннің күйін көрсетуге ауыстырып алынып тұр».

Шығарма тілін ажарлап, көркейту үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Солардың бәрін негізгі екі топқа бөліп қарауға болады. Олар: троп (грекше: tropos – айналым) және фигура (латынша: figura – бейне, кескін) деп аталады.



(Бұндай бөлініс ежелден бар нәрсе. Мысалы гректер бұны троп десе, арабтар мәжәз (ташбих) деген).
3.1. Троп
Шығарма тілін ажарлау, көріктеу үшін т р о п – қазақша сөздің мағынасын ауыстырып, өзгертіп қолдану әдісі қолданылады. Троптың түрлері: метафора, перифраз, теңеу, кейіптеу, символ т.б. (Сондай-ақ гипербола, литота, антитеза сияқты терминдерді де тропқа қосып отырмыз).

Л.И.Тимофеевтің айтуынша троптың тілдік үш міндеті бар: 1.Танымдық (познавательный), 2.Даралаушылық индивидуализирующий), 3. Жеке көзқарастық бағалау (субьективно-оценочный).

Әдетте, осы үш қасиет бүкіл тілдік поэтикалық комбинациялардың бойынан табылып жатады. А.А.Потебняның осыған ұқсас бір ойы бар. Ол : «Өз жадында көптеген поэтикалық образдар жиынтығын жинаған адам өз иелігінде ұланғайыр ойлау массасына ие болады. Бұны жай сандарға тигізетін алгебраның әсерімен салыстыруға болады. Алгебралық есеп жолын меңгерген жан бұл өрнекке кез-келген санды қойып өзіне қажетті нәтижені ала алады. Бұл процесті ойды қоюлату (сгущение мысли) процесі деп атауға болады», – деген (Потебня. А.А. Теоретическая поэтика. М., 1990). Яғни троп-образдың танымдық қасиеті меңзеліп тұр бұл жерде. Троптың танымдық қызметі деген мынау – мысалы: балық басынан шіриді, ауызбен орақ ору, инемен құдық қазғандай деген сияқты сөз орамдарын осы істерді біліп, көріп, таныған адамдар ғана айта алады. Яғни сөйлем образдар арқылы таным көкжиегі артады. Потебняның айтатыны да осы. Бағалаушылық қасиет те осы үш мысалдан көрініп тұр: сөз сыңайынан перде сыртында тұрған автордың осы істерге деген жеке бағалаушылық көзқарасын байқаймыз. Ал, даралаушылыққа келсек: оны да осы үш мысалдан табуға болады, яғни әр істің басынан айнып, бұзылатындығы, боссөзділіктің жанды бейнесі, қандай да бір іс қиыншылығы нақты қырларымен айшықталып, айтылып тұр.

Троптың түрлері: метафора, кейіптеу, заттандыру, эпитет, перифраз, метонимия, синекдоха, теңеу, гипербола, литота, тавтология, оксюморон,, символ, т.б. (Сондай-ақ, гипербола, литота, антитеза, тавтология, оксюморон сияқты терминдерді де тропқа қосып отырмыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет