А. Қалшабек Әдебиет теориясы


-тарау. КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІ



бет17/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

3-тарау. КӨРКЕМ ШЫҒАРМА ТІЛІ
Көркем шығарма негізі – тіл. Тіл – шығарма материалы. Үйдің негізі кірпіш болатыны секілді. Әр нәрсенің материалы бар. Сурет өнерінің негізі, материалы – бояу, қалам, графит, туш, пастел. Зергерлік өнер материалы – темір, күміс, алтын, ағаш, маржан, гауһар, тері деген сияқты. Сәулет өнерінің материалы – тас, лай, құм, гранит, мәрмәр, әйнек деген сияқты. Әдебиеттегі бар бояу, реңк, сурет, бейне, үн сөзбен жасалады. Сондықтан шығармада тілдің алар орны ерекше. Тілсіз шығарма жоқ һәм әдебиет жоқ. Тілі құнарлы жазушы – жақсы жазушы. Тілінде құнары жоқ жазушы шығармасын оқу – құрғақ талқан асағандай болу. Кейбір жазушылардың тілі «калька» – көшірме ауруына шалдығады. Кейбіреудің тілі жасанды, ойдан құрастырылған тіл боп шығады. Бұндай тіл, сөздер адамның жан дүниесіне әсер ете алмайды. Талантты жазушы Т. Әлімұлов: «Жазушының жаны сөз шырайынан көрініп тұрмақ. Сөздің бетіне шыққан шырай жүрек қанының қызуы болмай, жасанды бояу болса, ондай сөз иесі суреткер санатына қосылмақ емес. Тез оңатын әсіре-қызылға барабар болмақ» деген.

Тіл құнарының негізгі өніп-өсіп шығатын жері – ақиқат. Ол үшін шығарманың өзі ақиқатпен жазылуы керек. Сонда тілдің де шырайы кіріп, көркемдігі артады. Ақиқатқа төселмеген тіл құнарсыз, құнсыз нәрсе боп шығады. Өйткені ақиқатпен тілге жан кіреді. Тіл тірі тілге айналады. Ақиқатсыз тіл – өлі тіл. Рухсыз құры дене. Сол тірі тіл – нағыз көркем тіл. (Өлі тіл – бос сөз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет