А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет13/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Ақбота толғанысы: «Аға, сіз салған қала мені Маңқыстаудың маң даласынан қуып келе жатып, теңізден сескеніп, серейіп-серейіп қатып қалған кірпіш пен тастан жаралған алып адамдар секілді қорқынышты... қорқынышты...»

Айналып келгенде Тасжан да, Ақбота да жазушының жан дүниесіндегі толғаныстан туған бейнелер, яғни кейіпкер Тасжан мен Ақбота толғанысы – жазушы толғанысы, Оралхан Бөкеев толғанысы. Оған дәлел жазушының жоғарыда біз келтірген сөзі. Ақбота – жазушының фантазиясынан туған қиялшыл кейіпкер, сәулетші Тасжан – шын өмірде болатын реалды кейіпкер. Енді осы «Жетім бота» повесінің негізгі тақырыптық-мәселесі не? Біз айтар едік: кеңестік идеологиямен тәрбиеленген ұрпақ өмірінің (соның ішінде, әсіресе зиялы қауымның) рухани дағдарысқа ұшырауы», – деп. Ал негізгі Идея ше? Адамның жан мен тәні өзара сәйкессіздікке ұшыраған қоғамда оның бақытты болуы – абсурд. Бұл ой мына символ-образдар арқылы беріледі: темір сауыт киген тасбақа адам, маршрутсыз алып самолет жолаушылары, қаңбақ тіршілік, бетонға егілген гүл, мұнайға қоя берілген балық, кірпіштен, тастан жаратылған алып адамдар, т.б. (Бас кейіпкер Тасжан өзін Жанынан айырылған Тас екендігін айтады ылғи).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет