А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет12/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Тасжан толғанысы: «Мен тасбақадай зиянсызбын, сондықтан да өлмеймін, өлу қолымнан келмейді. Жолдастар, біздер – тасбақамыз! Түкке керек жоқ бармақтай басымызды аман сақтау үшін тас немесе темір сауыт киіп, жер бауырлаймыз! Қандай сорлымыз!..

Осының бәріне кім кінәлі? Неге? Мен емес, сен емес, ол да емес – ешкім емес... Ұшығы мен түйіншегі жоқ дөп-дөңбелек дүние: қай жерден кіруге болады, қай жерден үзуге болады, қай жерінен шығуға болады – мықты екеніңді білейін, тауып көрші. Айталық, мен алып бір самолеттің ішінде өмір сүріп келе жатқандаймын, бірақ мен мінген самолеттің моторы жоқ, ұшарын жел, қонарын сай біледі, бәлкім, қаңбақ-тірлік дегеніміз осы шығар-ау... Біз асқан ақылды дәуірді бастан кешудеміз, сондықтан да әлемнің ақылгөйсіген бетіне қарағым келмейді, жек көргендіктен бе, әсте олай ойламаңыз, тым-тым сұңғыла да сақ тірліктен шалдыққаным шығар. Мен ертерек туылғанымды сезе бастадым. Ал Ақбота өте кеш жаратылған. Ол он сегізінші ғасырға лайық адам. Бүгінгі ғылыми-техникалық дамудың қолды-аяққа тұрмайтын асығыс ағысына ілесіп, иін тіресе итермелескен итіс-тартыс суетасына көндіге алмаған. Осыдан барып шулы қаланың ластанған ауаның, самолеттің гүрілі жанына туа біткен он сегізінші ғасырлық психологиясына қатты әсер еткен. Осыдан барып, қазіргі дәуірге лайық келмейтін бүкіл организмі уланған, демек биосфераны техносфера жеңген. Ол бетонға еккен гүл секілді... мұнайдың ішіне қоя берген балық секілді...»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет