А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет15/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Сөзбасы:
Жамалдың жайын жаздым бұл кітапта

Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.

І. Оқиға өрбитін мекен-жай: Көктал, Саумалкөл. Құрман деген атадан тарайтын бір ел іші.

ІІ.«.. анық аңлатпақ үшін Сәрсенбайдың кім екендігін жазамын».

«Сәрсенбай һеш бір ғылым оқымаған момын, мал баққан кісі еді» Жылқысы 100-ден асты. 200-дей қойы бар. Баласы жоқ.Тоқал алғысы келеді. Алды. Шолпан. Ол Жамалды туды.

ІІІ. Жамал балаша киініп ерке өсті.


«.. Күні бір ауылға бір шәкірт келіпті...» «Уфа медреселерінің бірінен оқыған шәкірт екен» (Ғазиз).

ІV. Мұғалім Жамалдың зейінін байқап бөлекше, үсүлжәдидке оқытты.

V-VІ-VІІ бөлімдерде байланыс (завязка) басталады. Байланыста оқиғаның тұтану себебі айтылады.
V. «Бір күні бие ағытар уақытта ауылдың сыртындағы бір төбешікте құпия сөйлесіп үш кісі отыр еді». Бұл құпия сөйлесте үшеудің екеуі болған «сол елдегі атқа мініп жүрген, ел арасы тыныш болғаннан даулы, сөзді болғанын артық көретін пысықшылау адамдар» Сәрсенбайды би сайлауына түсуге азғырды. Көндірді. Биге түскен Сәрсенбай жеңіліп қалды. Жеңілудің себебі сол елге қадірі бар һәм болысқа құда Байжан деген кісі Сәрсенбайға қарсы жұмыс істеді.

VІ. Байжан «он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз һәм ақылсыз баласына» Сәрсенбайдың Жамал деген қызын айттырып, құда түсті. Сәрсенбай келісім берді, келер сайлауда Байжанның қолдауына ие болуы үшін. Қалың малға қырық жеті мал, 200 теңге берді.

VІІ. Жамал есі кірген соң уайымға түсті.
Мен қайран атам малға сатқанына

Бір тазды жалпақ елден тапқанына

VІІІ – ІХ – Х – ХІ бөлімдерде оқиға өрбуі белең алады. Оқиға өрбуінде әр кейіпкер шиеленісті шешуге белсенді түрде кіріседі.

VІІІ. Бір шілдеханада Ғали мен Жамал кездеседі. («Ғали бір болыста басқа ауылнайға қараған Дүйсебек деген кісінің баласы еді. Жасынан талапты болып Қызылжар, Троицкідегі медреселерде оқып жүріп және де частный учительден оқып та орысша азырақ сөйлеп, жазарлықтай шамасы бар еді. Мұсылманша жақсы оқыған болса да, елге шығып молда болмай, соңғы уақыттарда оқуды да қойып, саудаға айналысып еді»).

ІХ. Ғали мен Жамалдың «бір-біріне ұнағандығы білінді». «..екі тараптан да бір-біріне махаббат байланды». Сөйтіп жүргенде екеуіне қасіретті бір хабар жетті. «..енді бір айда Жұман күйеу ұрын келіп, қалыңдық ойнамақшы» деген.
Келуіне жексұрынның бір ай қалды.
Ғали мен Жамал хат арқылы сөз байласады.

Х. Ғали мен Жамал бірге қашып шығады. Олар 120 шақырым жердегі қаладағы Фатихолла деген татар байдың үйін паналайды.

ХІ. Ауыл шарқ ұрып Ғали мен Жамалды іздеуде. Байжан болыс, писір, указной молда бәрін қашқын екі жаспен олардың ата-аналарына қарсы салды.

ХІІ бөлім шарықтау шегіне жатады. Шарықтау шегінде оқиғаның әбден шиеленісіп барған жері, ең тірелер нүктесі жазылады.

ХІІ. Бақытсыздық. Ғали қашқында жүргенде ауырып қайтыс болады.
«Қып-қызыл шоқтың ішіне тастап, алыс сапарға жөнелдің, өзің үшін қайырлы болсын! Мен сорлың кеудемде шыбын жаным барда сені ұмытпаспын. Дүниеде патшаның баласы болса да саған теңгермеспін. Қош, Жаным! Ғали! Бір мен үшін мейірбан ата-анаңды да көре алмай, қолдарынан топырақ салғыза алмай кеттің, кеш, жаным! Алла тағала ақиретте қосылуға несіп тілесін, сол уақытта ғана көрген қасіретім бір сағаттай болмай ұмытылар».
Жамал үйіне қайтты.

ХІІІ бөлім шешілуге жатады. Шешілуде оқиға бітеді, оқиға біткендегі кейіпкерлердің не күйде болғаны айтылады. Жамал Жұманға қайтып келді. Жұман оған кекетіп-мұқатып, ұрып-соғып күн көрсетпеді. Жамал қалаға қашпақ боп бекінді. Бірақ...



«Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрдің рахымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылды...»
Осы бөлім эпилогқа да ұқсайды.

Осы жерде енді тақырыпқа тұздық ретінде Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі-романының мазмұндық құрылымын бере кетеміз:


«Желтоқсан эпопеясы»

деректі-роман (Алматы, 1913ж)


Мазмұны
Алғы сөз орнына

Ғасыр қылмысы



Бірінші кітап

І. 1986 жыл немесе Мәскеудегі Желтоқсан ызғырығы



Бұйда бұру: Мүсірепов және басқалар

Бұйда бұру: Азамат

Бұйда бұру: Евтушенко – менің ақындық тағдырымда

Бұйда бұру: Брежневке 73 рет қол шапалақтау, саяси бюрадағы мәужіреген шалдар және Сусловтың қаһары

ІІ. Рух пен ыза дауылы немесе ғасырлар қойнауынан атылған оқ



Бұйда бұру: «Метель» қалай қолға түсті?

ІІІ. Темір таяқтар мен «Процентомания» ойыны немесе ит мәселесі

ІV. Желтоқсанда оянған садизм немесе мейірім мен ұят шегінісі

Бұйда бұру: Әдепсіздікке бәйге бәйге

V. 1937 жыл жаңғырығы немесе қара мысықты іздеу



Бұйда бұру: Голощекин мен Ерназаров

Бұйда бұру: «Қауіпті» хаттар немесе Язов және Қайсенов
Екінші кітап

І.М.Горбачев суреті... Тақырбас оқушылар немесе түрмедегі алаяқ

тергеушілер

ІІ. Кремльдегі арпалыс

ІІІ. Борис Ельцин және қыспақта қалған аз ұлттар тілі

ІV. Алматыдағы мылтықсыз майдандар



Бұйда бұру: Компьютербасты жартылар

V. Мемлекеттік тіл: Колбин, Назарбаев, Ғамзатов және мен



Бұйда бұру: Расул Ғамзатовпен қоштасу

VІ. Қайраттың қайсар рухы

VІІ. Ұлтсыздандыру саясаты немесе Желтоқсан көтерілісіндегі ұлт пен

тіл мүддесі



Бұйда бұру: Олжастың озықтығы мен олқылығы немесе қазақ топырағындағы космополиттік ағым
Үшінші кітап

І. Шындық пен қауесет қоршауындағы Қонаев



Бұйда бұру: Шындықтан шырқау тау жоқ немесе Мұрат Әуезовке жауап хат

ІІ. Колбин және қазақ ұлтының қасіреті



Бұйда бұру: Наурыз осылай оралған немесе Колбинмен текетірес

ІІІ. Крючков, Мирошник, Бакатин... немесе МҚК құрсауындағы күндер



Бұйда бұру:Жаңғырық заңы

ІV. Желтоқсан көтерілісіндегі құрбандар саны қанша?

V. Горбачев арифметикасы немесе саясат иірімдері

VІ. Билікпен жекпе-жек және төртінші комиссия жеңісі

1.М.Горбачевтің амалсыз шегінуі

2.Сахаровтың айбыны мен шуағы

VІІ. М.С.Горбачевтің Колбиннің өтінішіне орай желтоқсан комиссиясының шешімін жоққа шығару мақсатында ұйымдастырған жасырын бесінші комиссиясы және оған қарсы күрес

VІІІ. Түркия сапары немесе Желтоқсан көтерілісін қырғыздардың, түріктердің, венгерлердің, чехтардың, поляктардың, немістердің, Америка-Хелсинки тобының және АҚШ конгресінің қолдауы


М.Шахановтың дәуір тынысын жан-жақты суреттейтін аталмыш романы деректі шығарма боп табылады. Роман тақырыбы – қазақ жастарының 1986 жылғы құдайсыз кеңес үкіметі құрған тоталитарлы билікке қарсы көтерілісі туралы. Бұл тарихи оқиға – қазақ елінің 300 жылдық орыс отаршылдығына қарсы саяси күресінің тарихи заңды жалғасы іспеттес дүние. Оның ХХ ғасырдағы басы – 1916 жылғы Ресей империясына қарсы көтеріліс болса, соңы – 1986 жылғы кеңес үкіметіне қарсы көтеріліс. Идеясы – еркіндіксіз құл боп өмір сүргеннен гөрі одан да өлген жақсы деген ойға кеп тіреледі. Өйткені, еркіндікте өмір сүру қазақ халқының о бастағы мұрат, болмысы болған. Қазақ атауының тарихи мәнінің өзі де дене қорлығына шыдаса да, рух қорлығына шыдамай, ондай елден, жерден іргесін ажыратып, бөлініп кету деген мағынадан шыққан. 1986 жылдың желтоқсан айында қазақ жастары кеңестік зорлықтан осылай өз іргесін ажыратқан. Қазақ жастарының сол кездегі биік рухы Везувий вулканындай атқылап, айдай әлемге қазақ елін танытты. Везувий вулканы біздің эрамыздың басында (шамамен б.э. 79 жылдың 24 тамызында) рухани азғындықтың ошағы болған Помпей қаласын жойса, 1986 жылғы (16-17-18 желтоқсанда болған) Желтоқсан көтерілісі ХХ ғасырдағы зұлымдық ошағы болған Кеңес империясының көрін қазды.

Романда тарихи сюжеттерді М.Шаханов өз өмірбаянымен шебер үйлестіріп суреттейді. Ол жайт шығарманың біз беріп отырған құрылымдық мазмұнынан-ақ байқалып тұр. Роман өте күрделі, түрлі-түсті боядан тұратын композициялық мозайкаға құрылған. Бұл роман – қазақ әдебиетінің ХХ һәм ХХІ ғасырдағы зор табысы. ХХ ғасыр әдебиетінде оны тек М.Дулатовтың «Оян,қазақ!» поэмасымен ғана салыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет