Манераға қатысты мысалдар:
Ақан серіден мысал:
Көптен-көп поклон айттым, скажия,
Сырымды кімге айтамын, сізден зия.
Именной, искренный ескеріңіз
Хорошенко, сестра, сватия.
Мағжаннан мысал:
Мұхамеджан Тынышбаевқа
(эпиграмма)
Ескі кебіс,
Собакевич,
Жаны кер.
Весьма тупой,
Член Думы,
Инженер.
Сұлтанмахмұттан:
Підие, зекет, пітірге қапшық болып,
Миллетке микробтігі тие отыруға...
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар,
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың даурықпада қанша мән бар.
Сұрақтар:
1. Стилдің қалыптасу алғышарттары.
2. Стил, манера, эпигоншылдық айырмалары.
3. Әдебиеттегі ағым.
4. Модернизм бағытының ерекшеліктері. Оның қазақ әдебиетіне қатысы, әсері.
4. Мағжанның өз шығармаларында орыстың А. Блок, Фет сынды ақындарына еліктеуі.
5. Мағжан өлеңдеріндегі символизм сарыны.
6. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романының жазылу мәнері.
7. М. Дулатовың «Оян, қазақ» шығармасындағы шағатай стиліннің қолданыс табу ерекшелігі.
8. Абай стилі.
9. Қазіргі әдеби процесс ерекшеліктері.
10. Әдеби процесс және ұлттық құндылықтар.
11. Әдебиеттегі еліктеудің пайда және зияны.
ӘДЕБИЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |