А. Амангелді, С. Симбаева


-сабақ  ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІНІҢ САНЫ МЕН ТОПТАСТЫРЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет3/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
1-сабақ 
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІНІҢ САНЫ МЕН ТОПТАСТЫРЫЛУЫ 
 
1-тапсырма. 
Төмендегі 
сөздерді 
пайдаланып, 
сөйлем 
құрастырыңыз. 
Құрлық, саяси, түбек, арал, теңіз жағалауы, халқының саны, теңіз 
сауда жолы, дүниежүзілік мұхит байлықтары. 
2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз. 
3-тапсырма. Дүние жүзінің саяси картасынан төмендегі елдерді 
көрсетіңіз: 
А) микромемлекеттер; 
Ә) орташа және шағын елдер; 
Б) халқының саны жөнінен ең үлкен 10 ел; 
В) территориясының көлемі жағынан ең үлкен 7 ел; 
Г) теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтардағы 
елдер. 
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІНІҢ САНЫ МЕН ТОПТАСТЫРЫЛУЫ 
Қазіргі дүние жүзінің саяси картасында 230-дай ел мен территориялар 
бар, олардың басым көпшілігі – 
егемен мемлекеттер. 
Елдерді 
топтастырудың ең көп тараған түрі – оларды территориясының
 
көлемі
 
мен
 
халқының санына қарай топтастыру.
Территориясының
көлемі
жағынан
ең үлкен 7 ел көзге түседі, 
олардың әрқайсысының ауданы 3 миллион шаршы шақырымнан асады. 
Бұлар қосыла келе, бүкіл құрылықтың жартысын құрайды. 
 
Халқының саны жөнінен
ең үлкен 10 ел көзге түседі. Олардың 
әрқайсысында 100 миллионнан астам адам тұрады. Бұл елдердің халқы 
жер шары халқының 3/5 бөлігін құрайды.
 
Саяси картада 
орташа және шағын елдер
дің саны басым. Әдетте 
микромемлекеттер деп аталатын өте ұсақ мемлекеттер де бар.
 
Елдерді 
географиялық
орнының
ерекшеліктеріне
қарай
топтастыру
әдісі де жиі қолданылады. Осыған байланысты олар теңіз 
жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтардағы елдер болып 
бөлінеді. Теңізге шыға алмайтын елдер ерекше топқа жатады. Олардың 
барлық саны 40 шақты. Бұл олардың теңіз сауда жолы мен дүниежүзілік 
мұхит байлықтарын пайдалануын қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет