6
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Бүгінде әлемде дүниежүзілік діндер деп аталатын үш дін бар.
Олардың ішінде ең көп тарағанының бірі –
христиандық, оны
ұстанатындар 1 млрд адамнан асады. Христиандықтардың негізгі
бұтақтары
–
католицизм,
православие
мен
протестанттық.
Христиандықтардың
ықпалы Еуропа, Америка және Австралия елдерінде
неғұрлым күшті.
Енді бір дүниежүзілік дін – ислам (мұсылманшылық)
неғұрлым
шоғырланып тараған. Мұсылмандар негізінен Азия мен Африкада.
Исламды ұстанушылар Орта Азияда,
Қазақстанда, Кавказда, Ресейде,
Қытайда, Еуропада тұрады. Дүние жүзінде
мұсылмандардың жалпы саны
1,5 млрд адамға жуық.
Басқа дүниежүзілік діндер секілді исламда да біртұтастық жоқ. Онда
сунниттер мен шейіттер деп аталатын екі бағыт бар.
Үшінші дүниежүзілік дін – буддизмнің тараған ауданы географиялық
жағынан анағұрлым шектеулі. Оны ұстанатындар непалдықтар,
бирмалықтар, Үндіқытай, Шри-Ланка, Қытай,
Моңғолия елдерінің дінге
сенетін тұрғындарының біразы.
Дүниежүзілік діндерге қоса өзіндік ерекшеліктері бар ұлттық діндер
де бар. Мысалы, Үндістанда индуизм,
Қытайда конфуцийшілдік,
Жапонияда синтоизм, Израильде иудаизм бар.
Достарыңызбен бөлісу: