А. Амангелді, С. Симбаева


-тапсырма. Оқыңыз. Есте сақтаңыз



Pdf көрінісі
бет98/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

3-тапсырма. Оқыңыз. Есте сақтаңыз. 
Халықаралық келіссөз, сапарлардың қорытынды құжаты болып 
саналатын коммюнике, бірлескен мәлімдеме, декларация – қатысушы 
тараптардың арасында әрбір сөздің, сөз тіркесінің және абзацтың қиысуы 
нәтижесінде өмірге келеді. Бұл ария емес, дует, тіпті кейде хор. 
Коммюнике, бірлескен мәлімдеме, декларация өздерінің міндеті, 
мақсаты жағынан ұқсас болғанымен, айырмашылықтары да бар. 
Коммюнике – әдеттегі, дағдылы трафаретті құжат. Оның тікелей 
мақсаты – келіссөз нәтижесі туралы баспасөзге хабарлама беру. 
Бірлескен мәлімдеме – тараптарды міндеттейтін құжат. Өзінің 
мазмұны жағынан қорытынды құжаттар екіге бөлінеді: халықаралық 
қатынас; екі жақты қатынас. 
Коммюникенің жетістігі – келіссөздердің қорытындысын және 
қатысушы тараптардың позициясын дәл беруі. 
Коммюникеде, бірлескен мәлімдемеде, декларацияда әрбір тарап 
әлемдік, аймақтық, халықаралық мәселеге өзінің қатынасын білдіруге 
тырысады. 
4-тапсырма. Төмендегі сөздермен жұмыс істеңіз. 
Бірлесіп жасау, баспа басылымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, 
іс-шаралар, қол қою, күшіне енді, мерзім. 
5-тапсырма. Келіңіз, ойнайық. Келісім жобаларын жасаңыздар: 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Үкіметі арасындағы мәдени 
ынтымақтастық туралы келісім жобасын жасаңыздар. Келісім кем дегенде 
3 баптан тұрсын; 

Түркия, Қырғызстан т.с.с. елдермен телевидение, радио, спорт және 
туризм, ғылым және білім саласындағы мәдени ынтымақтастық туралы 
келісім жасаңыздар. 
 
 
 


101 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 
 
1-тапсырма. 
Дипломатиялық 
құжаттардың 
(құттықтау 
ноталары, бір жақты дипломатиялық құжаттар, екі жақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет