20
орайда осы елдің аймағы маңызды рөлін
және Иранның географиялық
орналасуын ескеру қажет, мұның өзі Каспий теңізі проблемаларын
шешудегі ынтымақтастықтың қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ Иран
еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы үшін қолайлы мүмкіндік
ашады. Араб әлемінде Египет Араб Республикасының саяси салмағы мен
ықпалын
ескере отырып, Қазақстан осы елдермен жоғары деңгейдегі
саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты
қолдауға ұмтылады. Орасан зор қаржылық және инвестициялық
мүмкіндіктері бар, әлемдік отын-энергетика қорында маңызды орын
алатын Сауд Аравиясымен және Парсы шығанағындағы басқа да мұнай
өндіруші мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту – Қазақстанның Таяу
Шығыс аймағындағы елдермен қарым-қатынасын
нығайтудағы маңызды
фактор. Бұл сауда-саттық, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы
өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға іргетас қалайды.
Ұзақ мерзімді перспективада Еуропалық Одақтың орны бөлек, аталған
одақ қазірдің өзінде өзге аймақтардың мемлекеттерімен қарым-қатынаста
бүкіл құрлықтың атынан шығып жүр. Еуропалық Одақпен әріптестік және
ынтымақтастық туралы келісім негіз ретінде алынатын құжат болып
табылады, осы құжат Қазақстанның халықаралық саяси және
экономикалық қоғамдастыққа
кірігуіне жәрдемдеседі, еуропалық жетекші
мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін
арттыруға алғышарттар жасайды.
Қазақстан БҰҰ-ны реформалаудың нұсқалары мен жолдарын
талқылау барысында белсенді позиция ұстанып келеді. Біздің еліміз басқа
халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда,
ЕҚЫҰ-ның қызметіне және
НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына белсенді
түрде қатысуға ұмтылады.
Үшінші мыңжылдықтың басы Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа
үрдістердің – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негіздерін нығайтуға
және дамытуға бағытталған саяси прагматизмнің пайда болуымен
сипатталады. Қазіргі уақытта біздің еліміз осы заманғы әлемдік
қоғамдастықтың барлық үрдістерімен тығыз байланыста қаралады.
Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет үшін сыртқы саясаттың орасан
зор маңызы бар. Біздің мемлекетіміз өзінің жаратылысы бойынша ұлттық
мүдделерді қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік құрылысқа белсенді түрде
жәрдемдесуге бағытталған ұтымды дипломатияны жүргізуге міндетті (Қ.
Тоқаев).