қазақ фольклорының аясындағы мифтік танымның жеке-дара сала ретінде даралық қасиеттен жалпылық қасиетке ие болу процесін меңгерту;
фольклор ғылымының ең арна басында мифология атты ғылым тұрғандығын түсіндіру;
фольклор мен мифологияның өзара байланыстылығын дәлелдеу;
мифология мен мифтердің классификациясын беру;
мифофольклор саласының терминдерін, ұғымдарын түсініру;
тұрмыс-салт жырлары, халықтың этнографиялық дәстүрлеріндегі, ырым-жоралғыларындағы мифтік танымның көрінісін айқындату;
халықтық танымдағы мифтік сананың фольклорға ықпалын ашып көрсету.
Пәнді оқыту нәтижесінде:
мифология мен фольклордың өзара тығыз байланыстағы ғылым екені;
ұлттық таным мен халықтық сенімдегі, нанымдағы мифтік көріністердің фольклор арқылы танылатыны;
халықтың алғашқы санасындағы алғаш әлемнің, ғаламның, адамның, табиғат құбылыстарының, тағы да басқа қоршаған ортаға байланысты, жалпы түсініктердің пайда болуы туралы ұғым-белгілердің пайда болатыны;
мифологияның фольклорға дейін және фольклордың аясында өмір сүру формалары;
фольклордың барлық жанрларының аясында мифопоэтикалық астардың кең өріс алғаны туралы білім беріледі.