A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар


Бернияз Күлеев шығармашылығындағы мифтік кейіпкерлер мен космогониялық белгі-бейнелеулер



бет40/57
Дата28.01.2022
өлшемі391,08 Kb.
#130077
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор

3.3 Бернияз Күлеев шығармашылығындағы мифтік кейіпкерлер мен космогониялық белгі-бейнелеулер. Қай қаламгерді алсақ та, жасынан төл ауыз әдебиеті, мәдениетінен нәр алып, сусындамайтыны кемде-кем. Олар сол нәр алған бұлақты негізге алып, оның небір інжу-маржандарын тере отырып, өз шығармашылығына арқау етеді. Ғасыр қойнауынан төгілмей-шашылмай, адам санасының шеңберіне сыйып жинақталған қор – кешегі күннің елесі, кешегі күннің дүниетанымы болмақ.

Мифтік символиканың, мифологиялық сананың, мифопоэтикалық ойлау жүйесінің көркемдік дәрежеде сақталып жетуін біз ақындық қолданыстағы сөз саптау үлгілерінен анық көреміз. Қазақ жазба поэзиясында мифтік белгі-бейнелеулердің бастауы ұлы Абай, М.Жұмабаев пен Б.Күлеев шығармашылығынан орын алғандығы да олардың соны бір ерекшелігі болып табылады.

Мифологияның негізгі тіректері – архетиптер (Юнг). Яғни архетип деп отырғанымыз – символикалық ойлаудың белгілі бір компоненттері. Мифтік белгі-бейнелеулер ешқашан жоғалмайды, керісінше өзгерістерге ұшырап, заман талабына сай көркемдік дәрежеде суреттеледі. Осы ретте біз Бернияз Күлеев ақындығының мифологиялық поэтикасын құрайтын кейбір ерекшеліктерге тоқталмақпыз.

Ақын өлеңдерінде шамандық діннің көріністері, образдары айқын көрінеді. Шамандыққа қатысты ұғымдар: пері, жалмауыз, жын, шайтан, әзірейіл, ібіліс сияқты ұғымдар әр түрлі ойды білдіруге негізделген:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет