Әдістемелік нұсқаулар:Контур картаға кестеде берілген ағыстар тізімі бойынша қызыл түспен жылы ағыс, көк түспен салқын ағыс салынады. Әдебиет:
Абдушева Г.Ж. Жертану практикумы Орал, 2004 26 бет.
Мұхиттар атласы.
Географиялық атлас.М.,1982
СӨЖ мазмұны:
1-тапсырма: Контур картаға толысудың максимальды мөлшерін түсіріп, сұрақтарға жауап бер:
а)материк жағалауында толысудың максимальды биіктігі қалай өзгереді?
ә)дүние жүзінің қандай аудандарында толысудың максимальды және минимальды мөлшері болады және маңызы қандай?
б)Россия жағалауында толысу биіктігі қалай өзгереді? Толысудың максимальды және минимальды биіктігі қандай теңіздерде болады?
Әдебиет:
К.В.Пашканг Практикум по общему землеведению М.,1982 121 бет.
№39 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы:Өзендер.
Мақсаты:өзендердің қоректену түрлерімен танысу, тірі қима ауданын есептеу
Түрі:практикалық
1-тапсырма:Жер шары өзендері қоректенуінің М.И.Львович жасаған классификациясымен таныс.Кестеде берілген мәліметтерді ағын және қоректену көздерінің маусымдық таралуын пайдаланып, Львович классификациясы бойынша қандай зоналық типке (полярлы- G-E, субарктикалық- Sx-E, қоңыржай-Sx-Py, rx-py, Rx- Ey, субтропик- Rx-hy, тропик- R-Ey, экватор- R-ay) жататынын анықта.Кестені толтыр.
2-тапсырма: Кестені пайдаланып, өзеннің тірі қима ауданын анықта.
Әдістемелік нұсқау: М.И.Львович жасаған өзендердің қоректену классификациясымен танысып, берілген өзендердің зоналық типін анықтап, кестені дәптерге толтырады. 2 тапсырма бойынша тірі қима ауданы есептеледі.
Әдебиет:
Абдушева Г.Ж. Жертану практикумы Орал, 2004 31-32 бет.
СӨЖ мазмұны:
1-тапсырма:Өзеннің ені 132м, орташа жылдамдығы 0,9м/с болғандағы өзеннің су шығынын анықта.
Әдебиет:
Абдушева Г.Ж. Жертану практикумы Орал, 2004 31-32 бет.
№40 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы:Жер беті
Мақсаты:Жер бетінде рельефтің қалыптасуын көрсететін қима тұрғызу.
Түрі:практикалық, қимамен жұмыс
1-тапсырма:Евразия материгінің 80º ш.б. бойымен гипсометриялық қима тұрғыз.Масштабы: г 1см-300км., в 1см-1000 м..Қима үстіне 2 сызық сызып, үстіңгі сызыққа қатпар атауын (ежелгі платформа, каледон, герцин, мезозой, альпі), ал төменгі сызыққа тектоникалық картаның шартты белгісіне сәйкес қатпар түсімен боя.Қимадан рельефтің тектоникамен байланысын анықта.
Әдістемелік нұсқау:Миллиметрлік қағазға тапсырмада берілген қима тұрғызылып, қимадағы рельефтің тектоникалық картамен байланысын анықтайды.
Әдебиеттер:
1.Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М,1977.114б;(148 тапсырма)
СӨЖ мазмұны:
Геотектура, морфоқұрлым, морфомүсін туралы түсінік.(И.П.Герасимов, О.А.Мещеряков бойынша)
Әдебиеттер:
1.К.И. Геренчук, В.А. Боков, И.Г.Черванев Общее землеведение. Москва ,1984. 45-55 б;
2.Ф.Н.Мильков Общее землеведение Москва, 1990. 71-90;
№41 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы:Жер беті.
Мақсаты:Жер бетінде құрлық пен мұхиттың орналасу арақатынасын анықтайтын қисық сызық тұрғызу.
Түрі:практикалық, қисық сызықпен жұмыс
Тапсырма:
1.Кестені пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғыз.
Әдістемелік нұсқау:Гипсографиялық қисық сызық миллиметрлік қағазға тұрғызылады. Абцисса осіне жер беті ауданы, ордината осіне биіктіктермен тереңдіктер салынады. Масштабы:г 1см – 25 млн.км², в 1см – 1000 м.
Әдебиеттер:
Г.Ж. Абдушева Жертану практикумы. Орал,2004. 9 бет
К.В. Пашканг Практикум по общему землеведению. М, 1982. 16-17 б;
СӨЖ мазмұны:
1.Гипсографиялық қисық бойынша биіктіктері 1,5-2,5 км. аралығындағы ауданды, тереңдіктері 300-500м аралығындағы ауданды анықта.
№42 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы:Дүние жүзілік мұхит түбі рельефі.
Мақсаты: Дүние жүзі мұхит түбінің морфологиялық эементтерінің алып жатқан ауданының проценттік қатынасын есептеу.
Түрі:практикалық сабақты меңгеру
Тапсырма:
2-тапсырма:Дүние жүзі мұхит түбінің морфологиялық эементтерінің алып жатқан ауданының проценттік қатынасын тауып, дөңгелек диаграмма құр. 21 суретте берілген гипсографиялық қисық сызықты пайдалан. Профильде рим цифрімен не көрсетілген?
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге дүние жүзі мұхит түбінің морфологиялық эементтерінің алып жатқан ауданының проценттік қатынасын тауып, дөңгелек диаграмма құрады.
Әдебиеттер:
Г.Ж. Абдушева Жертану практикумы. Орал,2004. 38 бет
К.В. Пашканг Практикум по общему землеведению. М, 1982.182-184 б;
СӨЖ мазмұны:
1.Мұхит түбінің геоморфогиялық картасымен танысу.
№43 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы: Географиялық орта және қоғам.
Мақсаты: Адамның биогеохимиялық функцияларын анықтау.
Түрі:жазбаша, қысқаша сипаттама беру
Тапсырма:
1.Адамның биогеохимиялық функциялары.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге адамның биогеохимиялық функцияларына қысқаша сипаттама беріледі..
Әдебиеттер:
1.Ж.Н.Мұқашева Жалпы жертану. Алматы, 2002жыл. 196-213 бет;
СӨЖ мазмұны:
1.Биосфера туралы ілімнің даму тарихы.
№44 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы:Географиялық орта және қоғам.
Мақсаты: Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орнын анықтау.
Түрі:жазбаша, қысқаша сипаттама беру
Тапсырма:
1.Қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны және оның ролі.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге қоршаған табиғи ортада адамның алатын орны және оның ролімен танысып, қысқаша сипаттама беріледі.
Әдебиеттер:
1.Ж.Н.Мұқашева Жалпы жертану. Алматы, 2002жыл.
СӨЖ мазмұны:
Антропогендік проблемалар.
№45 ОЖСӨЖ мазмұны:
Тақырыбы: Географиялық орта және қоғам.
Мақсаты: Адам және қоғамның дамуының негізгі кезеңдерімен танысу.
Түрі:жазбаша, қысқаша сипаттама беру
Тапсырма:
1.Адам және қоғамның дамуының негізгі кезеңдері.
2.Қазіргі заманғы ҒТР және оның географиялық қабыққа әсері.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге адам және қоғамның дамуының негізгі кезеңдері мен қазіргі заманғы ҒТР және оның географиялық қабыққа әсерімен танысып, қысқаша сипаттама беріледі.
Әдебиеттер:
1.Ж.Н.Мұқашева Жалпы жертану. Алматы, 2002жыл. 90-94 бет; 94- 112 бет;
2.К.И. Геренчук, В.А. Боков, И.Г.Черванев Общее землеведение. Москва ,1984. 196-235 б;
3.Ф.Н.Мильков Общее землеведение. М, 1990. 293-322 б;
4.Н.П.Неклюкова Общее землеведение М, 1975. 2 бөлім.160-183 б;
СӨЖ мазмұны:
1.”Қоғам және географиялық орта” тақырыбы бойынша библиографиялық тізім құру.
Әдебиеттер:
1.Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М, 1977. 136 бет;
10.Пән бойынша оқу-далалық практиканың өтілуінің әдістемелік нұсқауы.
«Метеорология және климатология» курсы бойынша далалық практика бағдарламасы.
Мақсаты: жердің ауа қабығы жөнінде алған материалды тереңдету және беркіту
микроклиматтық зерттеулерді ұйымдастыра және жүргізе білуге үйрету
Міндеті: ауа қабығының төселме беттен әрекетін анықтау
метеорологиялық құралдар құрлысымен танысу
приборлармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
ауа райын бақылау жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге үйрету
бақылау нәтижелерін өңдеу және талдау
практика жүргізілген ауданға климаттық сипаттама бере білу.
р/с
|
Сабақтың өтілу барысы
|
сағаты
|
1
|
Ұйымдастыру бөлімі.
Метеорологиядан далалық практика мақсатымен танысу
Метеорологиялық бақылау жүргізу әдісі: ауа температурасы, ауа қысымы, бұлттылық, жауын-шашын, жел, топырақ температурасы.
метеорологиялық бақылауға қажетті құралдардың құрлысымен танысу (суретін салу, сипаттама беру).
|
5
|
2
|
Метеорологиялық станцияға экскурсия (Деркөл ауылы).
Метеорологиялық алаңда приборларды орналастыру, схемасын талдау, сызу. Приборлармен жұмыс істеуге үйрену.
|
5
|
3
|
Негізгі бөлім.
Географиялық алаңда микроклиматтық бақылау жүргізу.
Метеорологиялық бақылау журналын толтыру, нәтижесін талдау.
Орал қаласының климатына анализ (климат ерекшелігі, орташа жылдық ауа температурасы, абсолюттік максимум, минимум, желдердің маусымдық сипаты, бұлттылық, жауын шашын мөлшері, ауа массасының маусымдық өзгерісі)
Мәліметтер бойынша график, жел розасы, диаграмма құрылады.
|
5
|
4
|
Микроклиматтық бақылау жүргізу.
Мектеп оқушыларына экскурсияны ұйымдастыру және жүргізу әдісімен таныстыру, метеорологиялық бақылау жүргізуге үйрету, жергілікті жер метеостанциясына экскурсияға апару және өтілу әдісімен таныстыру.
|
5
|
5
|
Микроклиматтық бақылау жүргізу.
Метеорологиялық мәліметтерді өңдеу.
Алынған бақылау мәліметтеріне талдау жасалып, сурет, график, таблицалар сызылады.
|
5
|
6
|
Қорытынды бөлім.
Далалық практика есебі.
Далалық практика өтілген жері, мерзімі, қолданылған приборлар, климат түзуші факторлар, адамның климатқа әсері, қорындысы.
Сынақ.
|
5
|
Тапсырылатын құжаттар:
1.далалық практика күнделігі.
2. далалық практика есебі.
3. график, кестелер, жел розасы, сызбалар т.б.
«Гидрология» курсы бойынша далалық практика бағдарламасы.
Мақсаты: табиғаттағы су жөнінде білімді кеңейту және беркіту
су объектілерін зерттеудің далалық әдістерімен танысу
су объектілеріне бақылау және гидрометриялық өлшеу жұмыстарын
ұйымдастыру мен жүргізу
гидросфера құрлымен танысу, оның жердің басқа да қабықтармен
байланысын анықтау
су ресурстарын халық шаруашылығында қолдану
Міндеті: су объектілерін далалық зерттеу әдістермен танысу
суды өлшеу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге үйрету
су өлшеу жұмысына қажетті құралдармен танысу
гидрологиялық өлшеу нәтижелерін өңдеу және талдау
өзен, көлдерге гидрологиялық сипаттама беріп үйрену
Р/с
|
Сабақтың өтілу барысы
|
сағаты
|
1.
|
Ұйымдастыру бөлімі.
Гидрологиялық далалық практика мақсатымен танысу.
Гидрология бойынша жүргізілетін жұмыстар:
а) Грунт суларын зерттеу.
( бұлақ көздері, судың сапасын, температурасын, орналасқан жері, қолданылуы, бағыты, ағысы)
ә) Өзенді зерттеу.
(аты, бассейні, саласы, ағысы, ені, тереңдігі, ағыны, қоректенуі, сапасы, температурасы, шаруашылыққа пайдаланылуы.)
б) Көлді зерттеу.
(аты, географиялық орны, бассейні, ұзындығы, ені, тереңдігі, жағалық сызығы, сапасы, температурасы, шаруашылыққа пайдаланылуы)
|
5
|
2
|
Негізгі бөлім.
Гидрологиялық өлшеуге қажетті құралдардың құрлысымен танысу.(суретін салу).
Гидрометриялық станцияға экскурсия.
(Подстепной ауылы. Гидрометриялық станцияның орналасқан жері, құралдармен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу, үйрену)
Өзенді зерттеу. Өзенді зерттеу нұсқауы бойынша гидрометриялық жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесін өңдеу және талдау. Жайық өзеніне су өлшеу жұыстарын жүргізу және сипаттама беру.
Батыс Қазақстан облысының гидрологиялық торына сипаттама беру. (Өзен бассейні, өзен-көл жүйелерін халық шаруашылығында пайдаланылуы).
Шаған өзеніне су өлшеу жұмыстарын жүргізу.
|
5
|
3
|
Қортынды бөлім.
Мектеп оқушыларына гидрологиядан экскурсия ұйымдастыру және өткізу әдістерімен таныстыру.Гидрометриялық өлшеу жұмыстарын жүргізуге үйрету.
Материалдарды өңдеу. Далалық практиканың өтілген жері, мерзімі, қолданылған приборлар.
Далалық практика есебі.
Сынақ.
|
5
|
Гидрология бөлімі бойынша есеп беру жоспары:
1.Зерттеу жүргізілген ауданға гидрологиялық сипаттама (геологиялық құрлысы, рельефі, жерасты суларының қалыптасуы).
2. Жерасты суларының типі.(жатысы, тереңдігі, судың физикалық қасиеті)
3.Көлге гидрологиялық сипаттама.
4.Өзенге жалпы гидрологиялық сипаттама.
5.Су объектілерінің халық шаруашылығындағы маңызы.
6.Гидрология бойынша мектеп оқушыларына арналған экскурсия жоспарын жасау.
Тапсырылатын құжаттар:
1.Далалық практика күнделігі.
2.Далалық практика есебі. (графиктер, таблица)
Қажетті құралдар:
1.Ұзын жіп.
2.Су өлшегіш рейка.
3. Тереңдік және беткі термометрлер
4. Диск Секки
5. Бутылка, вешка
5. Рейка
6. Метровка
«Геоморфология» курсы бойынша далалық практика бағдарламасы.
Мақсаты: рельеф туралы білімді кеңейту және беркіту.
геоморфологиялық зерттеу әдістерімен танысу.
рельеф формаларының қалыптасуы және таралуы.
рельеф формаларының сыртқы пішіндеріне көңіл аудару.
Міндеті: далада геоморфологиялық зерттеу жүргізу әдістерімен танысу
ұсақ рельефформаларына және таралу заңдылығына көңіл аудару
эндогенді және экзогенді процестердің байланыстылығын анықтау
геоморфологиялық қима және карта түсіру
материалдар жинау және алғашқы өңдеу
Р/с
|
Сабақтың өтілу барысы
|
сағаты
|
1.
|
Ұйымдастыру бөлімі.
Геоморфологиядан далалық практика мақсатымен танысу.
а) рельеф формалары мен элементтерін зерттеу (орналасқан жері, аңғар ені, тереңдігі, беткей еңістігі, геоморфологиялық элементтері, арнасы, жайлымы, терраса, жаға).
ә) Флювиальды морфоскульптураны зертеу
б) Жыра,сайды,өзен аңғарын зерттеу (беткейлердің еңістігі,ұзындық қимасы,өлшемі,көлденең қимасы,биіктігі,оң және теріс форма )
|
5
|
2.
|
Негізгі бөлім
Батыс Қазақстан облысының рельефіне сипаттама беру және картаға түсіру.
Геоморфологиялық экскурсия.Рельеф формаларымен,далалық зерттеу әдістерімен танысу,күнделік жүргізу.
Жыра,сайды геоморфологиялық өлшем жүргізу. (Ватерпас, көзбен бағдарлау сьемкалары арқылы геоморфологиялық өлшеу жұмыстары жүргізіледі ) Мәліметтер бойынша абрис,схема, қима тұрғызылады
Өзен аңғарына геоморфологиялық өлшем жүргізу.Орналасқан жері,морфологиялық сипаттама:( арна ені,жайылма)аңғардың морфологиялық типі, құрылысы, беткейі-тік, жайпақ террасалы,симметриялы,асиметриялы; арна-эрозиялы, аккумулятивті; жайылманың қазіргі заманғы геоморфологиялық процесі.
|
5
|
3.
|
Қорытынды бөлім.
Қазіргі заманғы геоморфологиялық экзогендік процестерді зерттеу.
Камеральды өңдеу.
Геоморфологиялық қималарды құру және көзбен бағдарлау сьемкаларын өңдеу.
Далалық практика есебі.Сынақ
|
5
|
Геоморфология бөлімі бойынша есеп беру жоспары:
1.Географиялық жағдайы
2.Далалық практика мақсаты
3.Территорияға қысқаша физико-географиялық сипаттама.
4.Морфоструктура (геологиялық құрлысы,тектоникалық қозғалыс,IV дәуір шөгінділері)
5. Морфоскульптура (экзогенді рельеф типтері)
6.Дүние жүзілік релеф қалыптасуының негізгі кезеңдеріне қысқаша сипаттама
7.Қазіргі заманғы рельеф түзуші процестерге сипаттама
8.Рельефтің халық шаруашылығына әсері (рельефтің елді мекенді орналастыруға, жол қатынастарын, ауыл шаруашылық жерлеріне,өнеркәсіп,антропогенді рельеф формалары.)
Тапсырылатын құжаттар:
1.Далалық практика күнделігі.
2.Далалық практика есебі. (графиктер, таблица)
Қажетті құралдар:
1.Компас
2.Рейка
3.Ватерпас
4.Рулетка
5.Планшет
Әдебиеттер тізімі:
1.Программы педагогических институтов. М, 1980
2.Н.Ф.Тессман Полевая практика по метеорологии и гидрологии. М,1959
3.Под ред.В.А.Исаченкова Полевые практики по географическим дисциплинам. М,1980
4.Природно-ресурсный потенциал ЗКО. У,1998
11.Білімді бағалау жөнінде әдістемелік нұсқау.
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
«Гидрология» пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
Атпа
|
Жұмыс үшін %
|
Барлығы
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
0,6
|
8,4
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
2
|
Жеке тапсырма
|
4,8
|
9,6
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
3
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
28
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
4
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
1
|
14
|
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
...
|
т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Р1 + Р2
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
...
|
Емтихан
|
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1.Күн системасы планеталарының қозғалысын, системалардың бірлігін дәлелдейтін дұрыс шешімді тұңғыш рет кім жасады?
2.Күннің аспан сферасында жылдық жолы жасалатын үлкен шеңбер:
3.Әлемнің бізге “көрінетін” бөлігі:
4.Жұлдызаралық кеңістік неден тұрады?
5.Суық жұлдыздар температурасы:
6.Ыстық жұлдыздар температурасы:
7.Жұлдыздардың пайда болуының алғашқы кезеңінде қандай жұлдыз пайда болады?
8.Жұлдыздардың көлемі өсіп, температура төмендеп, жарқырауы артып, қызыл алыпқа айналу кезеңі:
9.Жұлдыздардың “жанары” біткен, сығылып коллапсқа айналған жұлдыздар қалай аталады?
10.Бізге ең жақын галактика:
11.Саны жағынан да көлемі жағынан да орасан зор жұлдыздар бірлестігі:
12.Планета аралық кеңістіктегі массалары түрлі мөлшердегі материалдық түзілістер:
13.Біздің галактика (Құс жолы) – орталығы неден тұрады?
14.Күн системасы планеталарының дұрыс орналасу тәртібін тап:
15.Күн жүйесінің орталық денесі:
16.Күннің – жұқа түссіз газ қабаты:
17.Фотосфера үстінде орналасқан үнемі қозғалыста болатын күн қабаты:
18Күн атмосферасының – сыртқы шексіз қабаты:
19.Күннің сіңірілуі және қайтадан сәулелену арқылы энергия бөліп шығаратын облысы:
20.Энергияның алмасуы күн заттарының араласу зонасы:
21.Күнге ең жақын орналасқан планета:
22.Ай рельефіне тән форма:
23.Жердегі сияқты жылу белдеулері байқалған, жыл мезгілдерінің ауысуы бар, ақ полярлық “бөріктері” қаптаған ерекшелігі бар планета:
24.Юпитердің ең үлкен серігі:
25.Экватор жазықтығында жатқан 3 жартылай мөлдір сақинасы бар планета:
26.Ең үлкен – астериод:
27.Қатты ядродан және сиретілген газбен қоршалған комадан тұратын басы, тозаң мен газдан түзілген құйрығы бар күн жүйесінің денесі:
28.Күннің диаметрі:
29.Күн системасы галактика орталығынан қандай қашықтықта орналасқан:
30.Фотосферадағы суық учаскелер:
31.Марс пен Юпитер орбиталары аралығындағы кеңістікте орналасқан, созылыңқы орбиталар бойынша үлкен планеталар сияқты күн төңірегінде айналады:
32.Күн төңірігінде қозғалыс орбиталары өте созылған эллипсоид, тіпті парабола формалы, күн жазықтығына концентрацияланбайтын қозғалысы түзу болып келетін күн системасының денесі:
33.Барлық планеталар эллипс бойынша қозғалады, фокустердің бірінде бүкіл планетаға ортақ күн бар:
34.Планетаның радиус- векторы бірдей уақыт аралықтарында бірдей үлкен ауданды сызады:
35.Әр түрлі планеталардың Күнге айнала қозғалысының уақыт квадраттары олардың орбиталарындағы үлкен жарты осьтердің кубтарына пропорционал болып келеді:
36.Орта мөлшердегі және жарық беретін, құрамы 70% сутектен және 29% гелийден тұратын жұлдызды ата:
37.Күннен жерге дейінгі орташа қашықтық:
38.Жердің ядро көлемі жер көлемінің неше процентін құрайды?
39.Жердің ядро массасы жер массасының неше процентін құрайды?
40.Мантия көлемі жер көлемінің неше процентін құрайды?
41.Мантия массасы жер массасының неше процентін құрайды?
42. Жер фигурасының шартты аты:
43.Жердің осінен айналу бағыты:
44.Жердің орташа жылдамдығы:
45.Жердің орташа температурасы:
46.Жердің осьтік бұрылуы неше градус:
47.Жердің серігі:
48. Жерден айға дейінгі қашықтық:
49.Жер орбита бойынша қозғалысының максимальды жылдамдығы:
50.Жер орбита бойынша қозғалысының минимальды жылдамдығы:
51.Мохоровичич бөлімінен төмен 2900 км. тереңдікте орналасқан жер қабаты:
52.Жер ядросының радиусы:
53.Жер ядросының тығыздығы:
54.Жер ядросының температурасы:
55.Экватордың ұзындығы:
56.Меридианның ұзындығы:
57.Жердің экваторлық радиусы:
58.Жердің полярлық радиусы:
59.Жердің орташа радиусы:
60.Жердің айналу осі арқылы жерді жазықтармен қиятын сызықтар:
61.Екі полюстен бірдей қашықтықта, айналу осіне перпендикуляр жазықтық жерді қиюынан пайда болған сызықтар:
62.Құрамы 78% -азоттан, 21% -оттегіден, 1%- әр түрлі газдардан тұратын жер қабығы:
63.Атмосфераның жалпы циркуляциясының негізгі бөлігі қандай қабатта болады?
64.Б.П. Алисов климаттық белдеулерді нешеге бөлді?
65.Желдің пайда болу себебін анықта:
66.Циклондармен антициклондардың қалыптасу себебін анықта:
67.Атмосфераның құрамы:
68.Атмосфераның шекарасы 9-17 км., биіктеген сайын температура 100 метрде 0,65º-қа төмендейтін қабат:
69.Атмосфераның биіктігі 50-55 км., төменде изотермиялық қабатымен және жоғарлаған сайын температураның көтерілуімен +1º+5º-қа дейін ерекшеленетін қабат:
70.Атмосфераның биіктігі 85-95 км. болатын жоғарғы шекарасында температурасының -90º төмендеуімен ерекшеленетін қабат:
71.Жердің сыртқы газ қабығы:
72.Күннің электромагниттік сәуле шашуы:
73.Теңіз суының ең маңызды қасиетін көрсет:
74.Мұхит, құрлық, жер асты суларын қамтитын жер қабығы:
75.Мұхит суы температурасының өзгеруі қандай себепке байланысты:
8.2. 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1.Магма құрамында пайда болып, айналымға түспеген бастапқы су:
2.Цунами – бұл:
3.Дүние жүзілік мұхиттың орташа тереңдігі:
4.Мұхиттың ең терең жері:
5.Жер қыртысының тепе- теңдік жағдайы:
6.Әлемдік мұхит ауданы жер беті ауданының қанша %-тін құрайды?
7.Бүкіл жер шары бетінің ауданын көрсет:
8.Жер шары бойынша құрлықтың ауданын көрсет:
9.Жер шары бойынша мұхиттың ауданын көрсет:
10.Литосфералық плиталардың мантия қабатына батып кететін тектоникалық қозғалыс түрі:
11.Мұхит түбінің ұлғайып кеңею зонасы:
12.Плиталардың қосылған шекарасында ірілі- ұсақты жарықтар пайда болатын түрі:
13.Плиталардың ажыраған шекарасында пайда болған жарықтарды бойлап мантиялық заттардың көтерілуінің қозғалыс түрі:
14.Жердің тектоникалық даму тарихында көлденең бағыттағы геодинамикалық қозғалыстарды қолдайтын концепция:
15.Тік жоғары бағытталған қозғалыстарды қолдайтын концепция:
16.“Материктер дрейфі” ұғымының негізін салушы ғалым:
17. “Литосфералық плиталар тектоникасы” теориясының авторлары:
18.Плита – бұл:
19.Дұрыс жауапты таңдап ал:
а) литосфера мен жер қыртысы синонимдер
+b) жер қыртысы – литосфераның бөлігі
с) литосфера - жер қабығының бөлігі
d) литосфера мен жер қыртысы өзара аралық қабатпен бөлінген
20.Жерде күн мен түннің теңелуі неше рет байқалады?
21.Жер эллипстік орбита бойынша күнді айнала қозғалады, мұнымен бірге күнге дейінгі қашықытық өзгеріп тұрады. Осы қашықтың қайсысы ұзын?
22.Жердің осі солтүстік шетімен күнге көлбеу болады және күн сәулесі 23º27' ендікте солтүстік тропикке тік түседі. Бұл қай мезгілге сай келеді?
23.Жердің осі оңтүстік шетімен күнге көлбеу болады және күн сәулесі 23º27' ендікте оңтүстік тропикке тік түседі. Бұл қай мезгілге сай келеді?
24.Күн сәулесі талтүсте экваторға тік түсетін мезгіл:
25.Күн сәулелерінің құлау бұрышы ( күннің биіктігі) 23º27' с.е.-тен 23º27'о.е. дейін қандай болады?
26.152 млн. км.-ге тең күннен жер орбитасына дейінгі қашықытық:
27.147 млн. км.-ге тең күннен жер орбитасына дейінгі қашықытық:
28. Жердің афелийге жақын күні:
29.Жердің перигелийге жақын күні:
30.22 маусымда талтүсте күн биіктігі 47º тең:
31.22 желтоқсанда талтүсте күн биіктігі 43º тең:
32.22 маусымда талтүсте күн биіктігі 43º тең:
33.Жердің күнді айнала қозғалысының салдарынан:
34.Компас стрелкасы жердің қандай полюсін көрсетеді?
35.Жердің түзген магниттік өрісі кең кеңістік:
36.Магниттік еңкеюі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар:
37.Магниттік бұрылуы бірдей сызықтар:
38.Магниттік дауылдардың пайда болу себебі:
39.90º-қа еңкейген магниттік нүктелер:
40.Магниттік еңкеюі 0º-қа тең сызық:
41.Кориолис күшінің ауытқуы қай жерде көбірек болады?
42.Кориолис күші болмайтын қандай ендіктерде атмосфералық фронттар пайда болмайды?
43.Жер айналымының ауытқу әрекеті:
44.Тәулік барлық меридианда қандай уақытта басталады?
45.Жер бетін әр қайсысы 15º есебімен бөлінген сағаттық уақыт:
46.Әкімшілік келісіммен сағат стрелкасын белдеулік уақыттан бір сағат алға жылжыту қойылған:
47.Меридиандағы белгілі бір мезгілдегі уақыт:
48.Жердің осімен айналу периоды:
49.Экватор сызығындағы нүктелер жылдамдығы:
50.Жер бетінде тартылыс күші:
51.Жер фигурасының географиялық маңызы:
52.Жердің тіршілік қабығы:
53.Биостром – қандай қабықтың негізі және маңызды бөлігі болып табылады?
54.Биосфера терминін алғаш рет 1883 жылы “Лик Земли” еңбегінде қолданған ғалым:
55.Биосфера ілімінің негізін салушы:
56.Магманың жер бетіне немесе су түбіне жетпей жер қойнауының терең деңгейінде қатып қалған жыныс:
57.Магманың жер бетіне немесе су түбіне жетіп қатаюынан қалыптасатын жыныс:
58.Жыныстардың үгілуі, ағын сулармен шайылуы, желдің әрекетінен қайтадан түзілу нәтижесінде қалыптасатын жыныс:
59.Алғашқы қалыптасу кезіндегі құрамын өзгерткен жыныс:
60.Алғашқы қалыптасуынан басталып қазіргі кезге дейінгі уақыт аралыгын қамтитын кезең:
61.Жыныстардың физикалық, химиялық, биологиялық әрекеттерінен байқалатын өзгерістер жиынтығы:
62.Жыралардың пайда болуы:
63.А.Г.Исаченко ұсынған жердің қабығы немесе географиялық қабықтың 2-ші атауы:
64.Жер қыртысының құрлымдық элементтерін және оның деформациялық қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын ғылым:
65.Жер бетінің бедерін зерттейтін ғылым:
66.Температура балқу температурасына жақын, бірақ үлкен қысым заттың балқуына мүмкіндік бермейтін жердің әлсіз қабаты:
67.Географиялық қабық орталығы, жер бедері, климат, топырақ, өсімдіктер және жануарлардан тұратын табиғат кешені:
68.Жер қыртысы қалыптасып, гидросфераның, микроорганизмдердің пайда болуымен сиптталатын географиялық қабықтың даму кезеңі:
69.Графикалық немесе картографиялық бейнелеу арқылы көрсететін пән аралық әдіс түрі:
70.Комплексті ландшафттының энергия, зат алмасу т.б. процестерді зерттеу әдісі:
71.Территориядағы табиғат жағдайын кеңінен ашып сипаттап көрсететін әдіс:
72.Табиғат комплекстерін түсіну үшін, олардың даму тарихын білумен шұғылданатын әдіс:
12.Оқу сабақтарын жүргізуге арналған мультимедиялы бағдарламалар
жоспарланбаған
13.Арнаулы кабинет, аудитория тізімі- жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |