А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет26/30
Дата18.06.2017
өлшемі3,08 Mb.
#19211
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Әдебиеттер:


Г.Ж.Абдушева Жалпы жертану практикумы Орал,2004; 4-5 бет
2 практикалық сабақ

Тақырып:Күн жүйесі.

Мақсаты:Күн жүйесіндегі планеталардың орналасу тәртібін анықтау.

Практикалық сабақтың мазмұны:


1-тапсырма: Күн радиусына сәйкес шеңбер ішіне Күн жүйесі планеталарының суретін сал.

2-тапсырма:Геркулес,Бетельгейзе, Антарес, Арктур, Капелла жұлдыздарынан Күн диаметрі неше есе кіші екенін есепте.

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырмада берілген жұлдардың диаметрін біле отырып, олардың неше есе кіші екенін есептеп шығару. Қолайлы масштаб бойынша планеталардың орналасу суретін салу.


Әдебиеттер:


1. Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М,1977. 14-15 б;
3 практикалық сабақ

Тақырып: Жердің формасы мен өлшемдері.

Мақсаты:Көкжиектің бақылау орнының биіктігіне байланысты өзгеруінің қисық сызығы арқылы жердің формасын анықтау және өлшемдеріне сипаттама беру.

Практикалық сабақ мазмұны:


1-тапсырма:Көзге көрінетін көкжиекті бақылау орнының биіктігіне байланысты төменде берілген кестені пайдаланып қисық сызықтың өзгеруін құр.

1-кесте. Көзге көрінетін көкжиекті бақылау орнының биіктігіне байланысты өзгеруі.

Бақылау орнының Көзге көрінетін көк- Бақылау орнының Көзге көрінетін көк-


биіктігі, м. жиек қашықтығы, км. биіктігі, м. жиек қашықтығы, км.

1 3,8 1 000 121,0

10 12,1 3 000 210

50 27,1 5 000 271

100 38,3 10 000 383

500 85,6


Әдістемелік нұсқау:

Қисық сызықты тұрғызу үшін тік бұрышты координата алынады. Абцисса осіне –бақылау орнының биіктігі, ордината осіне—көзге көрінетін көкжиек қашықтығы салынады. Қисық сызықта алдыңғы 3 биіктік саны қолданылмайды, 100 м биіктік алынады. Қисық сызықты тұрғызу үшін қолайлы масштаб:г1:100 000, в1:4 000 000.



2- тапсырма: Қисық сызыққа талдау жаса.

а) көзге көрінетін көкжиектің бақылау орнының биіктігіне байланысты қашықтықтың өзгеруінің қандай заңдылығы бар ?

ә)график анализі мен берілген мәліметтер бойынша жер формасына тұжырым жасауға бола ма?

б)мәліметтер және график бойынша жер формасын шар тәрізді деп атауға бола ма?



3- тапсырма: График бойынша көзге көрінетін көкжиекті Эльбрус, Роман- Кош, Народная, Коммунизм шыңы, Жеңіс шыңы, Белуха биіктігінен анықта. Бұл таулардың биіктіктері географиялық атластан алынады.

4-тапсырма: Графикті пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.

а)- Қырым тау шыңынан түрік жағалауын көруге бола ма?

ә)- Франция жағалауынан ағылшын жағалауын көруге бола ма?

б)- Дежнев мүйісінен Аляска жағалауын көруге бола ма ?



Терминмен жұмыс.

Көкжиек- горизонт-( грек сөзі,horisontos-шектеулі)- адам ашық алаңда тұрғанда аспан жер немесе су бетімен шектескендей болып көрінетін сызық.Аспанмен жердің жанасқан сызығы көкжиек сызығы деп аталады.

Әдебиеттер:


Г.Ж. Абдушева Жертану практикумы. Орал,2004. 5-6 бет
4 практикалық сабақ

Тақырып: Жыл мезгілдерінің ауысуы.

Мақсаты:Жердің өз осінен және күнді айнала қозғалуының салдары жыл мезгілдерінің ауысу заңдылығын анықтау.

Практикалық сабақ мазмұны:


1-тапсырма:Күннің шығысы және батысы арқылы көкжиек бағыттарын дәл анықтауға бола ма?

2-тапсырма:жер шарының қандай маусымдарында және қандай ендіктерінде тал түсте денелердің көлеңкелері солтүстікке түседі?

3-тапсырма:Жер шарының қандай маусымдарында және қандай ендіктерінде талтүсте күнді солтүстіктен байқауға болады?

4-тапсырма:Жер шарының қандай ендігінде талтүсте күн жарты жыл солтүстіктен, ал жарты жыл оңтүстіктен байқауға болады?

5-тапсырма:Солтүстік жарты шарда солтүстік тропиктен солтүстікке қарай орналасқан ендіктерде талтүсте күнді солтүстіктен байқауға болады?

6-тапсырма:Жазғы және тоқыраумен күзгі және көктемгі күн теңелулеріне сәйкес жердің күнге қарау арақатынасын сызба ретінде бейнеле.

7-тапсырма:Жасаған сызбаға қарап, поляр шеңберінен биік орналасқан ендіктерде поляр түнінің ұзақтығы жарты жыл, ал поляр күнінің ұзақтығы да жарты жыл деп айтуға бола ма?

8-тапсырма:жердің осі жер орбита деңгейіне перпендикуляр орналасқан жағдайда жер шарында маусымдар қалай өзгереді?

9-тапсырма:Жылына күн тропикте және экваторда неше рет зенитте болады?

Жылына күн тропиктер арасында орналасқан ендіктерде неше рет зенитте болады?



Әдістемелік нұсқау:

Тапсырмаларда берілген логикалық сұрақтарды теория сүйене отырып және глобус арқылы шешу, сызбаларды дәптерге салу.


Әдебиеттер:


Г.Ж. Абдушева Жертану практикумы. Орал,2004. 6-7 бет

К.В. Пашканг Практикум по общему землеведению. Москва, 1982.8-9 б;


5 практикалық сабақ

Тақырып: Жыл мезгілдерінің ауысуы.

Мақсаты:Жыл мезгілдерінің өзгерісін көрсететін қисық сызықтарды тұрғызу.

Практикалық сабақ мазмұны:


11-тапсырма: Теңелу сәттерімен тоқырау сәттеріндегі түрлі ендіктердегі көкжиектен талтүстегі күннің биіктігін анықтайтын кесте құр.

12-тапсырма: Теңелу және тоқырау сәттеріне сәйкес талтүстегі күннің биіктігін анықтайтын қисықтарды тұрғыз.

Әдістемелік нұсқау:

Абцисса осіне градус есебімен ендіктер (0º- сол жағына с.е., оң жағына о.е.) салынады.Ордината осіне талтүстегі күн биіктігі салынады. 3 қисық сызық 1 графикте тұрғызылады.



13-тапсырма: Графикті пайдаланып теңелу және тоқырау сәттерінде Мурманск, Москва, Саратов, Челябинск, Ташкент қалаларының талтүсте көкжиектегі күннің биіктігін тап.( ендік географиялық атластан алынады

Әдебиеттер:


Г.Ж. Абдушева Жертану практикумы. Орал,2004. 7 бет
6 практикалық сабақ

Тақырып: Күн мен түннің тең еместігі.

Мақсаты:Күн радиациясының бұрыштық түсуінің салдарын ашу.

Практикалық сабақ мазмұны:

14-тапсырма:Солтүстік жарты шардың түрлі ендіктерінде ең ұзақ және ең қысқа күннің ұзақтығын анықтау графигін тұрғыз.Абцисса осіне --- ендік, ордината осіне-- тәулік сағаттары көрсетіледі.Масштабы:г1см-10º, в1см-2сағат.
2-кесте.Солтүстік жарты шарда әртүрлі ендіктердегі күннің ұзақтығының өзгерісі.

ендік



10º

20º

30º

40º

50º

60º

66º30'

Ең ұзақ күн.

Ең қысқа күн.




12сағ
12сағ.

12сағ

35мин


11сағ

25мин


13сағ

13мин


10сағ

47мин


13сағ

56мин


10сағ

04мин


14сағ

51мин


9сағ

09мин


16сағ

09мин


7сағ

51мин


18сағ

30мин


5сағ

30мин


24сағ

00мин


0сағ


15 - тапсырма: Қисық сызыққа талдау жаса.

а) экваторда күн мен түннің ұзақтығы қандай?

б) экватордан полюстерге қарай күн ментүннің ұзақтылығы қалай өзгереді?

16-тапсырма: Графикті пайдаланып Санкт-Петербург, Москва, Киев, Саратов, Ашхабад қалаларының ең қысқа және ең ұзақ күнінің ұзақтығын, Нижний Новогород, Самара, дондағы Ростов, Баку, Душанбе қалаларының ең қысқа және ең ұзақ түнінің ұзақтығын анықта.

17- тапсырма: Қандай ендіктерде және қандай себептерден “ақ түн” пайда болады?

18- тапсырма: Солтүстік поляр шеңберінде 1 тәулік бойында ең ұзақ түн және ең қысқа күн, ең қысқа түн мен ең ұзақ күн қашан болады?

19- тапсырма: Солтүстік жарты шардың түрлі ендіктерінде поляр күні және поляр түні ұзақтығын анықтау графигін тұрғыз. Абцисса осіне ендік салынады 1см-10º,

ордината осіне тәулік салынады 1см.-25 тәулік.



3-кесте.

ендік

Поляр күні ұзақтығы.

Поляр түні ұзақтығы.

66,5º

70º


80º

90º


1тәулік

64тәул.40сағ

133тәул.14сағ.

186тәул.10сағ.



1тәул.

60тәул.13сағ.

126тәул.12сағ.

178тәул.20сағ.



20- тапсырма: График бойынша берілген пункттерде Мурманск, Тикса бухтасы, Диксон аралы, Челюскин мүйісі, Рудольф аралдарында поляр күні және поляр түнінің ұзақтығын анықта.

21- тапсырма: Графикке талдау жаса.

а) поляр шеңбері маңында поляр күні және поляр түні ұзақтығы қандай?

ә) поляр шеңберінен Солтүстік полюс бағытына қарай поляр күні және поляр түні ұзақтығы қалай өзгереді?

б) неліктен Солтүстік полюсте поляр күні поляр түнінен ұзақ?



Әдістемелік нұсқау: Дәптерге Солтүстік жарты шардың түрлі ендіктерінде ең ұзақ және ең қысқа күннің ұзақтығын анықтау графигі тұрғызылады және осы графикке талдау жасалап, тапсырмалар орындалады.

Әдебиеттер:


Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 7-8 бет.
7 практикалық сабақ

Тақырып:Жергілікті, белдеулік және декреттік уақыт.

Мақсаты: Жер беті бойынша уақыт айырмашылығын білу

Практикалық сабақ мазмұны:


1-тапсырма: Бастапқы меридианда 16 сағат жергілікті уақыт болғанда берілген пункттерде уақыт неше болғаны?

2- тапсырма:Берілген пункттердің уақытын біле отырып Лондонда уақыт неше болғанын есепте.

3-тапсырма: Жергілікті уақыт бойынша Лондонда 12 сағат. Жергілікті күн уақыты бойынша Москва, Санкт-Петербург, Вашингтон, Париж қалаларында уақыт неше болады?

4-тапсырма:Егерде орташа күн тәулігі бойынша Владивостокта сағат 04, Тюменьде 16 сағат 32 минут, Берлинде 11 сағат 20 минут, Римде 21 сағат 13 минут болса, Москвада уақыт неше болады?

5-тапсырма:Москва, Санкт-Петербург қалаларында белдеулік және орта күн уақытының айырмашылығы қандай?

6-тапсырма:Егер Москвада декреттік уақыт бойынша 24 сағат болса, Ташкент, Киев, Алматы, Баку, Чита қалаларының орта күн уаықытын анықта.

Әдістемелік нұсқау: Дәптерге берілген тапсырмаларды географиялық атластағы сағаттар белдеулері картасын пайдаланып есептер шығарады.

Әдебиеттер:


Г.Ж. Абдушева Жертану практикумы. Орал,2004. 9 бет

К.В. Пашканг Практикум по общему землеведению. М, 1982. 16-17 б;


8 практикалық сабақ

Тақырып: Дүние жүзілік мұхит.

Мақсаты: Дүние жүзілік мұхит ұғымымен танысу, мұхит суларының тұздылығын, температурасын анықтау.

Практикалық сабақ мазмұны


1- тапсырма:Дүние жүзі контур картасына Тынық,Атлант, Үнді,Солтүстік Мұзды мұхиттың шекараларын түсір және 4 мұхиттың ауданына, тереңдігіне сипаттама бер.

20 кесте.Мұхиттар жөнінде жалпы мағұлыматар.



Мұхит атауы.

Ауданы,млн. км²

Көлемі,млн.км³

Орташа тереңдігі, м

Ең терең жері, м.

Тынық

178,62

710,36

3980

11022,Мариан шұңғымасы

Атлант

91,56

329,66

3600

8742,Пуэрто-Рико шұңғымасы

Үнді

76,17

282,65

3710

7729,Зонд шұңғымасы

Солтүстік Мұзды

14,75

18,07

1220

5527,Гренландия теңізі

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет