А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет10/30
Дата18.06.2017
өлшемі3,08 Mb.
#19211
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

Дәрістің мазмұны:


1.Географиялық қабық түсінігі физикалық географияны оқыту нысаны.

2.Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері.



Мақсаты:Географияның зерттеу объектісін, оның географиялық қабықтағы ролін анықтау.

Тірек сөздер: физикалық география, экономикалық география, геология, картография, мұхиттану,геоморфология, климатология, гидрология, топырақтану, ландшафттану.

Негізгі сұрақтар:1) География пәні нені зерттейді?

2) география пәні қандай ғылымдар саласына бөлінеді?

3) географиялық қабық дегеніміз не?

1.Қазіргі заманғы география - ең алдымен физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ғылымдарға бөлінетін өзара байланысты ғылымдар жүйесі.

Физикалық-географиялық ғылымдар (физикалық география) табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Физикалық географияның зерттеу объектісі - Жердің кешенді қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, ағзалардың жанасуы, өзара араласуы және өзара әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып географиялық (ландшафттық) қабық деп аталады. Біртұтас, ажыратылмас географиялық қабық бір тектес емес және оның құрылысы өте күрделі. Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыз байланысқан қабаты айрықша күрделілікпен ерекшеленеді. Мұны географиялық қабықтың құрам бөліктері тау жыныстары және бұлардан пайда болған рельеф, су, ауа, топырақ, ағзалар - оның әр түрлі аймақтарының әркелкі дамуының нәтижесінде әр түрлі күрделілік пен әр түрлі өлшемдегі ұштасуын қалыптастырады. Табиғат құрам бөліктерінің мұндай тарихи қалыптасқан ұштасуын табиғат немесе физикалық-географиялық кешендер деп атайды. Географиялық қабық өзі ең ірі (планетарлық) табиғат кешені бола отырып, көптеген салыстырмалы дербес, қарапайым және күрделі, ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) кешендерден тұрады. Географиялық қабықты планетарлық табиғат кешені ретінде «тұтас оның зат құрамының ең жалпы ерекшеліктерін, географиялық құрылымы мен дамуын - физикалық география (жалпы жертану ғылымы) зерттейді. Жалпы планетарлық географиялық заңдылықтарды білу планетарлық табиғат кешенінің кез-келген бөлігінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қоғамның планетарлық өлшем алған географиялық қабыққа әсерлерін есептеу, болжау және реттеу үшін қажет.



2.Географиялық қабықтың құрам бөліктерін зерттеумен жеке (компоненттік) физикалық-географиялық деп аталатын ғылымдар шұғылданады. Бұған геоморфология (жер бедері туралы ғылым), климатология (климат туралы ғылым), океанология (мұхит туралы ғылым), құрлық гидрологиясы (құрлықтағы сулар туралы ғылым), топырақтану (топырақ туралы ғылым), биогеография (биоценоздың бөлінісі мен ұштасуының заңдылықтары және бұларды құрайтын ағзалар туралы ғылым) жатады.

Географиялық кабықтың қазіргі жағдайын, оны құрайтын барлық табиғат кешендерін түсіну үшін олардың даму тарихын білу қажет. Мұнымен палеогеография шұғылданады.



Егер физикалық география жаратылыс ғылымы болса, экономикалық география қоғамдық ғылымға жатады, өйткені бұл өндіріс құрылымы мен орналасуын, оның әр түрлі елдер мен аудандарда дамуының ерекшеліктерін және жағдайын зерттейді. Адамдардың шаруашылық ісі, өндірістің орналасуы табиғат жағдайларына байланысты, сонымен қатар бұларға елеулі әсер етеді. Физикалық-географиялық зерттеулердің нәтижелерін пайдаланбайынша экономикалық география дами алмайды. Ол «физикалық география зерттейтін әр түрлі масштабтағы табиғат кешендерінің даму заңдылығына сүйенуі тиіс». Физикалық-географиялық зерттеулердің экономикалық географиямен байланысы оған белгілі бір мақсатты бағыт береді.

Географияның шектес ғылымдармен түйісуінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болады да, олардың саны тез өсуде. Бұлар, мәселен, медициналық, әскери, инженерлік география.

Карталарды қолданбайынша, картаға түсірмейінше географиялық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес. Картографиялық әдіс физикалық және экономикалық географияларда кеңінен пайдаланылып, оларды жақындастырады. Карта, оны жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін географиялық ғылымының өз алдына саласы картография пәнін құрастырады.

Ең көне ғылымдардың бірі географияның даму процесі ұзақ та, күрделі. Ол сипаттау және сипаттау-түсіндірме ғылымынан экспериментті-қайта өзгерту, конструкциялық (Constructio (лат.) – құру.) ғылымға айналды. Оның қазіргі міндеттері қоғамның табиғатқа әсер ету мәселелеріне ғылымның белсене араласуының мейлінше қажеттілігі арқылы анықталады. Табиғатты тиімді пайдалану, қалпына келтіру, қорғау, мақсаткерлікпен қайта өзгерту оның кешенділігін түсінуді, табиғат кешендерінің құрылымын, даму заңдылығын білуді, бұлардың мүмкін боларлық өзгерістерін болжауды талап етеді.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар:1) Палеогеография нені зерттейді?

2) Географиядағы жаңа ғылыми бағыттағы пәндер?

3) Жертанудың қазіргі міндеті?

Ұсынылған әдебиеттер: 1,3,4,5,6,7,11.
2 дәріс

Тақырып: Әлем дүниесі.

Дәрістің мазмұны:


1.Аспан әлеміне түсінік.

2.Ғарыштық денелер және олардың өзара әрекеттері.



Мақсаты: Жердің ғарыштық денелермен әрекетін, жалпы заңдылықтарды анықтау.

Тірек сөздер:Әлем, ғарыш, метагалактика, жұлдыздар, құс жолы.

Негізгі сұрақтар:1) Аспан әлемі жөнінде түсінігің қандай?

2) Галактика, метагалактика түсінігі?



1.Жер - сан жеткізгісіз көптеген ғарыштық денелермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз (Әлемнің тұрақсыздығы – оның орташа сипатының уақыт бойынша өзгерісі.) Әлем дүниесінің (Ғарыштың) бөлігі Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның Әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, ғарыштың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес.

Жерден қазіргі радио және оптикалық телескоптардың көмегімен Әлем дүниесінің Жерден Күнге дейінгі аралықтан 300 мың млрд. есе көп қашық бөлігі байқалады. Егер бізге Әлемнің «көрінетін» Метагалактика деп аталатын бөлігі бойынша болжайтын болсақ, Әлем негізінен сутек (80%) және гелийден (18%), аздаған басқа да элементтердің қатысуынан тұрады.

Әлемнің негізгі зат массасы (98%) жұлдыздарда шоғырланған және ол ионданған ыстық газдан - плазмадан тұрады.

Метагалактикада 1021-ден астам жұлдыз бар. Көптеген жұлдыздарда планеталық жүйе болуы мүмкін деп болжанады. Алайда планеталардағы Әлемнің жалпы зат массасы өте аз, ол 0,1%-ға да жетпеуі ықтимал.

Жұлдызаралық кеңістік ерекше сирек газ, ұсақ шаң-тозаңдармен толы болып, кейбір жерлерде соншалық үлкен «бұлттар» - газды және тозаңды тұмандықтар түзеді.



Жұлдызаралық кеңістіктің барлық бағыттарында зарядталған бөлшектердің - ғарыштық сәулелердің қатты ағыны байқалады. Әлемде гравитациялық, магниттік және электр күштері өрістері бар. Олар ғарыштық денелерді бір жерге байланыстырады. Әлемдегінің барлығы да қозғалыста болады.

2.Ғарыштық денелердің ең маңыздысы - жұлдыздар. Олардың даму кезеңі түрліше жағдайда өтетіндіктен, жұлдыздар өте алуан түрлі келеді. Жұлдыздың химиялық құрамы, температурасы, жарқырауы, диаметрі, массасы, тығыздығы, қозғалысы мен оларға дейінгі қашықтығы олардың сәулеленуіне қарай анықталады. Жұлдыз спектрлерінің айырмашылығы, ең алдымен жұлдыздың беткі қабатының температурасына байланысты болады. Температура жұлдыздың түсін де анықтайды. «Суық» жұлдыздар (3500-6000°С) ұзын толқындарда (спектрдің қызыл бөлігі), «ыстықтары» (25000-35000°С) қысқа толқындарда (спектрдің көкшіл бөлігі) сәулеленеді.

Жарқырауына байланысты алып жұлдыздар мен ергежей жұлдыздар анықталады. Олардың біріншісі күшті жарқырайды және заттық тығыздығының аз болуына байланысты кең көлемде сәулеленеді. Екіншілерінің керісінше, жарығы әлсіз, көлемі аз және тығыздығы мол. Мәселен, қызыл алыптар қызыл ергежейлілерге қарағанда 5-10 мың есе жарығырақ. Үлкен жұлдыздардың диаметрі Күннің диаметріне қарағанда жүздеген есе артық (мысалы, Бетельгейзе жұлдызының диаметрі 360 есе көп). Ергежей жұлдыздар Жерден кіші болуы мүмкін.

Жұлдыздарды салмағы бойынша үнемі айыра алмайды. Жұлдыздардың массасы Күннің массасынан 50 есе артық (сирек) немесе 10 есе кем деп есептелінеді..

Жұлдыздардың пайда болуы жөнінде бірыңғай, жалпы жұрт қабылдаған пікір жоқ. Тартылыс күші мен магнит өрісінің әсері арқылы газ-тозаң материяларының тығыздалуы (қоюлануы) жолымен жұлдыздардың пайда болуы туралы тұрақты пікірдің бірте-бірте қалыптасуына 150 жылдан астам уақыт кетті. Жұлдыздардың қалыптасуының 3 кезеңі бар: 1) газдың бөлшектері мен молекулалары пайда болған «бұлттың» орталығына жиналады; мұнымен бірге гравитациялық энергия кинетикалыққа, ал кинетикалық - жылу энергиясына айналады. «Бұлт» қызып, жарқырай бастайды - бұл протожұлдыздар (жұлдыздың бастапқы кезеңі).

2)Жұлдыздар бастапқы кезеңінде негізінен сутектен құралады. Жұлдызда температура 10-30 млн. градусқа көтерілген кезде термоядролық реакция басталады, температура көтерілген сайын олардың типтері өзгереді. Сутектің «жану» процесі арқылы ол гелийге (Сутек атомы ядросының 4 протоны гелий ядросын құрайды, массаның артығы сәуле энергиясына айналады. 3)Жұлдыз ядросында сутектің «жануы» нәтижесінде ядро гелийге (Жұлдыз қабығы мен оның ядросы аралығында бір-бірімен араласуы болмайды.) айналып сығылады, ол температураның жоғарылауын және оның үстіңгі қабатында ядро процестерінің таралуына әкеп соғады. Осы қабаттарда ауыр гелийдің пайда болуына байланысты ядроға қысым артады, ядро онан әрі сығылып, температурасы 100 млн. және одан да жоғары градусқа көтеріледі. Ядрода гелийдің көміртекке айналу процесі басталады, одан кейін азот, неон, магний пайда болады. Температураның көтерілуінен болған жұлдыз ішіндегі зор қысым оның сыртқы қабатын ұлғайтуға мәжбүр етеді. Жұлдыздың көлемі өседі, осыған байланысты беткі температура төмендеп, жарқырауы артады. Жұлдыз қызыл алыпқа (эволюцияның үшінші кезеңі) айналады. Жұлдыздардың «жанарлары» біткен болса, ол бастапқы да баяу, кейін соншалықты шапшаң сығылып, коллапсқа айналады. Егер жұлдыздың ішіндегі электронды газдың қысымы сығылуды тоқтата алатын болса, заттың атомдары протондар мен электрондарға «жаншылады» және жұлдыз ақ ергежейлі жұлдызға ауысады. Ақ ергежейлілерде сутек жоқ дерлік. Олардың көлемі аса үлкен емес, ал тығыздығы өте күшті болады.



Галактикалар. Әлемдегі жұлдыздар әр түрлі жүйелерді кұрайды. Жұлдыздардың 60%-дан астамы 2-ден 10 жұлдызға дейін, олар үшін жалпы салмақ орталығы төңірегінде айналатын шағын жүйелерге біріктірілген. Галактикалар - жұлдыздардың саны жағынан Әлемдегі жұлдыздар әр түрлі жүйелерді кұрайды.Бізге ең жақын галактика - Андромеда тұмандығы 1500000 жарық жылы .қашықтығында жатыр және ол онша үлкен емес тұмандық ретінде көрінеді.

Галактикалар бейнесі жағынан эллипстік, спиральдық және қисық кейіпті (3 кластың бәріне де жатқызуға болмайтын галактиканы пекуляр деп атайды.) болып келеді. Спиральдық галактикалар ерекше жарқыраған орталық тығыздықтан - ядродан тұрады. Одан бірыңғай жазықтықта орналасқан спиральды тармақтар тарайды. Спиральды құрылымның даму дәрежесі әр түрлі, әдетте спиральды құрылым көбірек дамыған сайын орталық тығыздық соғұрлым кеми түседі.

Әлемнің бақылауға мүмкін бөлігі – Метагалактика.



Біздің Галактика. Біздің Галактика (Құс жолы) 150 млрд. астам жұлдыздар мен 100 млн. астам тұмандықтарды біріктіреді. Көрші галактика - Андромеда Тұмандығымен бірге ол 3 алып спиральды, 15 ергежейлі эллипстік және бұрыс галактикадан тұратын галактикалардың Жергілікті жүйесі деп аталатын орталықты құрайды.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:1) Жұлдыздардың даму кезеңі?

2) Бізге ең жақын орналасқан галактика?



Ұсынылған тұмандықтар: 1,3,4,5,6,7,11.
3 дәріс

Тақырып: Күн системасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет