А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет13/30
Дата18.06.2017
өлшемі3,08 Mb.
#19211
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Дәрістің мазмұны:


1.Марс планетасына сипаттама.

Мақсаты: Марс планетасының жер тобындағы планетармен ұқсастығын табу.

Тірек сөздер:көмір қышқыл газы, оттегі, су буы, ақ полярлы бөріктер.

Негізгі сұрақтар: 1) Марс атмосферасының жер атмосферасымен ұқсастығы және айырмашылығы қандай?

2) Марстың зерттелуі туралы не білесің?



1.Марс - Жер тобындағы сыртқы планета. Оның Күнге дейінгі ара-қашықтығы 200-250 млн. км ауысып тұрады. Марс Күнді толық айналып шығуы үшін 678 жер тәулігі қажет.

Марс мөлшері жөнінен Жерден 2 есе, массасы жөнінен 9 есе кіші, Марс пен Жердің ара-қашықтығы 56-400 млн. км ауысып тұрады. Марстың көлбеуі 24°56'. Өсімен айналу периоды 24 с. 37 мин., яғни Жердің өсімен айналу периодына жақын.

Марс атмосферасы ыдыраңқы, оның бетінде орташа қысымы Жер үстінде 40 км биіктіктегі жер атмосферасының қысымына сай келеді. Марс атмосферасында көмірқышқыл газы және азот басымырақ, онда оттегі 0,3%-дан аспайды, су буы 0,05%-дай ғана. Атмосфераның қарқынды циркуляциясы байқалған. Жел Марстың бетінен қара қоңыр түсті шаң көтеріп, тозаңды дауыл кезінде планетаның бүкіл дискісін апталап, сарғылт бұлт жауып тұрады.

Марста да Жердегі сияқты жылу белдеулері байқалады, жыл мезгілдерінің ауысуы бар, бірақ маусымдарының ұзақтығы әр түрлі болып келеді, солтүстік жарты шарында көктем мен жаз 371 марстық тәулікке созылады, ал күзі мен қысы 296 тәулік ғана. Жерге қарағанда Күннен қашықта тұратындықтан, Марс жылуды 57% аз алады, ал планетаның ыдыраңқы атмосферасы жылу сәулесін көп ұстай алмайды. Сондықтан да бетіндегі температурасы әр уақытта 0°С-тан төмен болады, тек экваторда ғана түс кезінде +22°С-қа жетеді. Орташа жылдық температурасы Жерге қарағанда 40-45°С-қа төмен.

Марстың ерекшелігі - ақ полярлық «бөріктер» қаптаған, ол қыста өсіп, жазда тартылып отырады. Өйткені Марстың оңтүстік жарты шары солтүстікке қарағанда жылылау, оңтүстік полярлық «бөрік» күштірек тартылады, ал кейде жазда мүлдем жоғалады. Ғалымдар полярлық «бөріктер» қатқан көмір қышқылынан (қалыңдығы метрге жуық) және жұқа (бірнеше см) су мұзы қабатынан (қырау, қар болуы да) пайда болуы мүмкін деп болжайды. Марстың бетімен жазда еріген бөріктің шекарасынан экватор жағына қарай тәулігіне 80 км жуық жылдамдықпен «күңгірттену толқыны» тарайды. Зерттеушілердің көпшілігі мұны бетінің ылғалдануымен, топырақтың еруімен байланыстырса, ал кейбіреулер оның себебін пассаттардың тозаңдарды тасымалдауынан көреді немесе Марста қазіргі кезде өсімдік тіршілігінің тіпті қарапайым формаларының бар екендігі белгісіз болып отырса да, бұл процесте өсімдік қатынасын болжайды.

Марстың рельефінде ашығырақ көрінетін салыстырмалы көтеріңкі кеңістіктер - «материктер» және қарауытқан депрессиялар - «теңіздер» бар. Сақиналы таулармен байланысты кратерлер, цирктер көп. Мұның өзі Марс пен Ай рельефтерінің ұқсастығын көрсетеді. Марста биіктіктер жиілгі 8-10 км жетеді. Марстың беті кеуек тығыз емес және жылу сыйымдылығы аз деп болжанады, ол темір тотығы гидраттары қосындысы бар силикаттардан құралған. Атақты Марсиан «каналдары» - жіңішке сызықша немесе доға тәрізді депрессиялары «Маринер-4», «Маринер-6» және «Маринер-7» станциялары арқылы алынған суреттер бойынша жіңішке опырықтар типіндегі ойыстар деп қаралуда. Әр түрлі уақыттағы жарылулар ғаламды және жергілікті «теңіздердің» шеттері болып келеді де, ұсақ күңгірт аймақтары («шығанақтар», «көлдер», «батпақтар») блоктық құрылымын білдіреді. Марстың құрылу сызба-нұсқасы Ай мен Меркурийдің құрылу сызба-нұсқасынан айырма жасамайды. Бұл планеталармен салыстырғанда Марс Күннің әсерін аз алады, оның есесіне айналу режимінің әсері әлдеқайда күшті болады.

Жер тектес планеталар жөніндегі мәліметтерден алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран) туралы мәліметтер мүлде мардымсыз және оншалықты айқын да емес. Алып планеталар зор мөлшерімен, тығыздығы аз болғанмен массасының көптігімен, химиялық кұрылысы басқаша қалың атмосферасымен, Күннен жылуды соншалықты аз алатындығымен, өсінен айналу жылдамдығының аздығымен, түрлі ендіктерде біркелкі емес, серіктер санының көптігімен ерекшеленеді.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:1) Марс планетасының басқа планеталардан ерекшеліктерін ата?

Ұсынылған әдебиеттер:1,3,4,5,6,7,11.
7 дәріс

Тақырып: Алып планеталар.

Дәрістің мазмұны:


1.Юпитер планетасына сипаттама.

2.Сатурн планетасына сипаттама.



Мақсаты: Алып планетардың құрлысындағы ерекешліктерді айқындау.

Тірек сөздер: серіктер, сақина.

Негізгі сұрақтар. 1) Юпитер планетасының ерекшелігі қандай?

2) Стаурн планетасының ерекшелігі қандай?

1.Юпитер - Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. Оның массасы қалған басқа планеталардың жалпы массасының 71% қамтиды. Юпитер Жерге қарағанда Күннен 5 есе алыста орналасқан және күн жылуын 27 есе кем алады, оның үстіне едәуір бөлігі шағылады.

Планетаның өсі оның орбита жазықтығына перпендикуляр дерлік болып келеді, ал мұның өзі жыл мезгілдері ауысуының жақсы білінбейтіндігін көрсетеді. Өсімен айналу периоды әр ендіктерде әр түрлі болады: тәулік экваторда - 9 с. 5 мин. 3 сек., ал орта ендіктерде - 9 с. 55 мин. 44 сек. Тез айналуы планета фигурасына білінуі тиіс және атмосфера циркуляциясына әсер етеді.

Юпитердің беті жабылған бұлттан көрінбейді. Бұлттардың деңгейін планетаның сыртқы шекарасы деп санайды. Бұл деңгейде температура -140°С, қысымы 1 атм. Планетаның атмосферасы негізінен сутектен (85% жуық) тұрады, онда метан және аммиак қосындысы бар, гелий мен су болуы да мүмкін. Бұлт қабатының астында газды атмосфера тығызырақ және жылырақ келеді, ол бірте-бірте сұйыққа айналуы да мүмкін. Планетаның, 0,2 радиус тереңдігінде (15 мың км жуық) 3 млн. атм қысымы мен 10000° жуық температурада балқыған металдың сутек шекарасы жатыр. Юпитердің орталығына жақын ауыр заттар қабаттарының нашар араласуы жағдайында онша үлкен емес (шамамен жердің көлеміндей) темір тасты ядро түзуі мүмкін. Оның шекарасында қысым 40 млн. атм. жуық, ал температура 20000°-қа жете алады. Юпитерде күшті магниттік өріс бар, ол балқыған металды сутектің кұйынды қозғалысы себепті пайда болады.

Юпитердің толып жатқан (13) серіктер жүйелері бар, оның ішінде ең үлкені - Ганимед, бұл Меркурийден де ірі. 4 серіктің Юпитерді айналу бағыты планетаның айналуына кері, соған қарағанда ол Юпитердің тартылыс өрісі қосып алған кіші планеталар (астероид) болуы тиіс.



2.Сатурн Юпитерге қарағанда 2 есе, Жерге қарағанда 9 есе Күннен алыста жатыр. Сатурн көлемі жөнінен жерден 760 есе, ал массасы жөнінен не бары 95 есе үлкен. Планета жылы Жердің 29,5 жылына тең. Өсімен айналу периоды әр ендіктерде әр түрлі: ±25-30° ендікте 10 с. 14 мин., ал қалған ендіктерде 10 с. 40 мин. Күн жылуын Жерге қарағанда 98 есе кем алады. Бетіндегі температура -183°С. Бұлт қабатының астында планетанын беті көрінбейді. Оның негізгі құрылысы мен заттардың құрамы Юпитердікіндей болуы мүмкін, бірақ Сатурнда сутек аз (75%), аммиак табылмаған.

Сатурнның ерекшелігі - экватор жазықтығында жатқан 3 жартылай мөлдір сақинасы, олар Кеплердің үшінші заңына сай айналады. Сақинаның сыртқы диаметрі 275000 км, қалыңдығы 100 м-ден 20 км аралығында. Сақина 0,001 мм-ден 1-10 м-ге дейін мөлшердегі қатты кесектерден құралған және оның үстін қырау, мұз жапқан делінеді. Олардың пайда болуы Сатурн серіктерінің бірінің бұзылуынан. Сатурнның 10 серігі бар, олар мұздан және метаннан тұруы мүмкін. Күн жүйесіндегі серіктердің ең үлкені Сатурнның серігі - Титан (диаметрі 4758 км), оның метан және аммиактан тұратын атмосферасы бар. Сатурнда магниттік өрістің бар екендігі анықталмаған.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Юпитер және Сатурн планеталарының серіктерін ата?

Ұсынылған әдебиеттер:1,3,4,5,6,7,11.
8 дәріс

Тақырып: Алып планеталар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет