Дәрістің мазмұны:
1.Уран планетасына сипаттама.
2.Нептун планетасына сипаттама.
Мақсаты: Алып планетардың құрлысындағы ерекешліктерді салыстырмалы түрде айқындау.
Тірек сөздер: серіктер, сақина.
Негізгі сұрақтар. 1) Уран планетасының ерекшелігі қандай?
2) Нептун планетасының ерекшелігі қандай?
1.Уранның бұдан бұрынғы қаралған планеталардан айырмашылығы - Жерден телескоп арқылы ғана көруге болады. Оның Күнге дейінгі қашықтығы Күннен Жерге дейінгі аралықтан 19 есе көп.
Жермен салыстырғанда планетаның диаметрі 4 есе, массасы 14,6 есе артық. Күн жүйесіндегі барлық планеталардың көп көлбеуі - 98°. Оның өсімен айналуы Күннің және басқа планеталардың (шолпаннан басқа) айналу бағытына қарама-қарсы жүреді.
Уран метаннан (84%), сутектен (2%) және ауыр элементтерден (14%) тұрады деп болжанады. Уранға күн жылуы Жерге қарағанда 370 есе аз барады. Планета бетінің температурасы -210°С.
Уранның төңірегінде 5 серік айналып жүреді, орбиталардың жазықтығы Уран орбитасының жазықтығына перпендикуляр.
2.Нептун Жерге қарағанда 30 есе қашықтықта Күн төңірегінде айналады, 165 жер жылы ішінде толық айналып шығады.
Нептун 74% аммиактан және 26% ауыр элементтерден құралады деп шамаланады. Нептун Күн жылуын Жерге қарағанда 1000 есе аз алады. Оның бетіндегі температура -2920С болған жағдайда оның атмосферасында табылған газ (метан, сутек, мүмкін азот және гелий) қатып қалуы тиіс. Нептунның екі серігі бар. Олардың бірі - Тритон, ол Күн жүйесіндегі ең ірілерінің қатарына жатады және ол қарама-қарсы айналады. Ол қатқан газдардан тұрады және 10 млн. жылдан 1 млрд. жыл мерзім ішінде Тритон қирап бұзылуы тиіс, сөйтіп Сатурндағы сияқты сақина жасалуына негіз бар.
Плутон - Күн жүйесіндегі бізге белгілі планеталардың ішіндегі ең алыста тұратыны. Плутон жайында мәлімет мардымсыз және оған көз жеткізу қиын.
Плутонның орбитасы басқа планеталардың орбиталарымен салыстырғанда өте созылыңқы, сонымен бірге басқа планеталардың әсерімен оның эксцентриситеті уақыт бойынша едәуір өзгереді. Плутон созылыңқы орбитамен қозғалыста болып, кейде Нептун орбитасын кесіп өтеді және Күн мен Жерге онан жақын келеді. Планета өсінің айналымы орбитаға перпендикуляр. Айналу өсінің периоды 6,4 жер тәулігі.
Плутонның диаметрі шамамен белгіленген, бірақ планетаның Жерден кіші екені анық; оның тығыздығы жер заттарының орташа тығыздығынан асып түсуі мүмкін. Плутонға күн жылуы Жерге қарағанда 1600 есе аз барады және соған орай температура да төмен болуы мүмкін. Мұның өзі атмосфера газдарын сұйық немесе қатты күйге айналдыруы мүмкін.
Плутон серіктерінің бар екендігі анықталған жоқ. Оның өзін Нептуннан бөлініп шыққан серік деп есептейді, сондай-ақ Плутон тіпті Күн жүйесінің сырт жағында, Нептуннан әрі орналасқан астероидты сақиналыдан тұратын кіші планета болуы мүмкін
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Уран және Нептун планеталарының серіктерін ата?
Уран, Нептун және Плутон планеталары неліктен аз зерттелген?
Ұсынылған әдебиеттер:1,3,4,5,6,7,11.
№ 9 дәріс
Тақырып: Жердің өз өсінен айналуы және оның салдары.
Дәрістің мазмұны:
1.Осінен айналу жылдамдығы.
2.Географиялық полюстер, экватор, параллельдер, меридиандар.
3.Жердің өз өсінен айналуының салдары.
Мақсаты: Жердің өз осінен айналуы, оның садары, географиялық полюстердің, экватордың, параллельдермен меридиандардың қалыптасуы, тартылыс күшінің маңыздылығы.
Тірек сөздер:Өз осінен айналу, географиялық полюс, экватор, параллель, меридиан.
Негізгі сұрақтар:Географиялық полюс денеміз не?
Экватор дегеніміз не?
Паралллель дегеніміз не?
Меридиан денеміз не?
1.Жер бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады. Ол өз өсінен, Күн маңымен, Ай және бүкіл Күн жүйесімен ортақ ауырлық орталығының төңірегінде, Күн жүйесі құрамында Галактика ядросы маңында және бүкіл Галактикамен бірге Әлем кеңістігінде айналады. Бірақ Жерде болып жатқан процестерге тигізетін әсері жағынан бастысы - біздің планетамыздың өстік және орбиталық қозғалыстары. Бүкіл қозғалыстар бір уақытта болатындықтан, олардың тигізетін әсері шатысып жатады.
Егер Жерге солтүстік полюс жағынан қарайтын болсақ, Жер батыстан шығысқа қарай сағат тіліне қарама-қарсы айналып, 23 с. 56 мин. (Жердің өз өсінен айналу жылдамдығы өзгермей отырмайды. Мәселен, оған маусымға байланысты атмосфера мен гидросфераның ауысып отыруы. Жердің ішінде массаның бөлісуі және басқалары әсер етеді.) ішінде өз өсінен толық айналып шығады. Жердің барлық нүктелерінің бұрыштық айналу жылдамдығы бірдей (150/сағ). Айналудың сызықтық жылдамдығы жердің тәуліктік аиналу периоды ішінде нүктенің өтетін қашықтығына байланысты.
2.Жер бетінде өстің шығуын бейнелейтін нүктелер - географиялық полюстер ғана (солтүстік және оңтүстік) қозғалмайды. Экватор сызығындағы нүктелер үлкен жылдамдықпен (464 м/сек) айналады. Экватор - екі полюстен бірдей қашықтықта, айналу өсіне перпендикуляр жазықтық, Жерді қиюынан пайда болған үлкен шеңбер. Егер Жерді ойша экваторға параллель жазықтықтармен қиятын болсақ, жер бетінде батыстан шығысқа созылған сызықтар - параллельдер пайда болады. Параллельдердің ұзындығы экватордан полюске қарай қысқарады, соған сай олар айналғандағы сызықтық жылдамдық та азаяды. Бір параллельдегі барлық нүктелердің айналуының сызықтық жылдамдығы бірдей. Жердің айналу өсі арқылы Жерді жазықтықтармен қиятын болса, оның бетінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта сызықтар – меридиандар (латынша meridianus - тал түстік) пайда болады. Бір меридиандағы бүкіл нүктелердің айналуының сызықтық жылдамдығы әр түрлі және ол экватордан полюске қарай азаяды.
Жердің өз өсінен айналуына тербелу маятнигімен жасалған белгілі тәжірибе (Фуко тәжірибесі (Француз ғалымы Фуко 1851 ж. Парижде, Пантеонда ілінген тербелу маятнигін бақылауды бірініш рет жүргізді.)) айқын дәлел бола алады.
Механика заңы бойынша кез-келген тербелу денесі тербелу жазықтығын сақтауға тырысады. Еркін ілініп қойылған тербелу маятнигі тербелу жазықтығын өзгертпейді, ұнымен бірге, егер Жер бетінде осындай маятниктің астына бөлу белгілері бар шеңбер орнататын болса, онда осы шеңберге қарағанда, жердің бетіне қарағанда маятниктің тербелу жазықтығы өзгеретінін көреміз. Бұл тек қана маятниктің астындағы жер бетінің айналатын жағдайында болуы мүмкін. Полюстерде маятниктің тербелу жазықтығының өзгеруі сағатына 15° болады. Экваторда маятниктің тербелу жазықтығының жағдайы өзгермейді, өйткені ол үнемі меридианмен дәл келіп отырады; аралықтағы ендіктерде айналып тұрған сияқты тербелу жазықтығы сағатына 15° sin j тең. (j - бақылау орнының географиялық ендігі). Жердің өз өсінен айналуының өте маңызды салдары бар.
3. Жердің өсінен айналуының маңызды салдарының бірі - олардың қозғалысының бағытынан дене ауытқыған тәрізді көрінуі. Инерция заңы бойынша кез-келген қозғалушы дене дүние кеңістігіне қарағанда қозғалыс бағытын (және жылдамдығын) сақтауға тырысады. Егер қозғалыс жылжып бара жатқан жазықтық үстінде, яғни қазіргі жағдайда айналған жерде болса, осы үстіңгі жазықтықпен байланысты бақылаушыға дене өз қозғалысының бағытын ауыстырған тәрізді көрінеді. Шындығында ол ешқайда бұрылмастан белгілі бағыты бойынша қозғалады, оның астындағы жазықтығы жанына «кетіп» бұрылады. Жер айналымының ауытқу әрекетін Кориолис (Француз ғалымы Кориолис мұны 1835 ж. алғаш рет түсіндірді.) күші деп атайды.
Кориолис күші дене қозғалысына әр уақытта перпендикуляр бағытталған, егер айналым сағат тіліне қарсы болса, қозғалыс бағыттан оңға қарай, ал сағат тілі бойынша солға қарай бағытталған. Бұл күш дене қозғалысының жылдамдығына байланысты; қозғалыс тездеткен сайын ауытқу көбейе түседі. Егер дене қозғалысының бағыты айналу өсі бағытымен дәл келетін болса, ауытқу 0-ге тен. Айналу өсі мен дене қозғалысы бағытында бұрыш ұлғайған сайын ауытқу өсе түседі. Айналу өсіне қозғалыс перпендикуляр болғанда ауытқудың максимумы болады. Кориолис күші дене қозғалысы жазықтық бойымен болғанда да, құлап түскенде де әсерін тигізеді.
Полюстерде ғана дене ешқайда ауытқымай, тік түседі: оның құлау бағыты жер өсінің бағытымен дәл келеді. Экваторда құлаған дененің қозғалу бағыты өс бағытына перпендикуляр, сондықтан да ауытқу көбірек болады. Өйткені, Жер батыстан шығысқа қарай айналады, құлаған денелер шығысқа қарай ауытқуы тиіс.
Дене қозғалысы горизонталды жазықтықта болса, ауытқудың максимумы керісінше полюстерде, ал минимумы экваторда болады. Солтүстік жарты шарда ауытқу оңға, оңтүстікте – солға (егер оңтүстік полюс жағынан қараса, Жер сағат тілі бойынша айналады). Бұл меридиандар және параллельдер бойынша дене қозғалыстарының кез-келген бағытында да дұрыс болады. Мәселен, А нүктесінен полюс бағытына, яғни меридиан бағытына ракета ұшырылды. Ол А жанасу нүктесіне қарай (АБ) қозғалып келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін А нүктесі Б нүктесінің орнында болады. Ракета белгіленген бағыт бойынша жүріп отырады, бірақ ол енді меридиан бағытымен дәл келмейді, өйткені меридиан солға ауытқыды. Бақылаушы да Б нүктесіне тап болып, бұрынғысынша меридиан бағытынан ракетаны іздейді, ол оған оңға ауытқыған болып көрінеді.
Енді ракета М нүктесінен полюске (меридиан бойынша) емес шығысқа, яғни параллель бойынша ұшырылды делік. Ол М жанасу нүктесіне (МА) қарай жүріп отырады. Бақылаушы М1 нүктесіне тап болып, КМ бағытынан іздейді, оған бірінші жағдайдағыдай ракета қозғалыс бағытын оңға ауытқып өзгерткен болып көрінеді.
Ракета жер бетінен көтеріліп, қозғалыс бағытын сақтай алады. Мәселен, су ағысы болса жағдай басқаша. Ол да «ауытқығысы» келеді, бірақ оған жағалар кедергі жасайды, ал ол шайып, жағаға «күш» салады (солтүстікте оң жағаны, оңтүстік жарты шарда сол жағаны).
Жер айналымының (Ғ) ауытқыту күші қозғалушы дененің массасына (m), оның қозғалысының жылдамдығына (u) және ендігінің синусына (sin j) тура пропорционал.
Ғ = m × 2 × w × u × (sin j)
w - Жер айналымының бұрыштық жылдамдығы. Формуладан белгілі болғандай, Кориолистің күші онша емес, бірақ атмосфера мен гидросфераның ауысып жатқан заттарына үздіксіз тигізетін әсерінің маңызды салдары бар. Міне, сол себепті де онда әр түрлі масштабта құйындар тұрып (оның ішінде циклондар мен антициклондар), ауа және мұхит ағыс жүйелері пайда болып тұрады.
Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Жердің өз өсінен айналуының салдарын ата.
Ұсынылған әдебиеттер:1,3,4,5,6,7,11.
№10 дәріс
Тақырып: Уақыт.
Достарыңызбен бөлісу: |