А. Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Бекітемін» Мектеп директоры


"Интеллекуалдық мәдениетті дамыту" бағытында 3 сынып сағаты



бет6/14
Дата16.02.2023
өлшемі109,26 Kb.
#168964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
À. Áàéì?ëäèí àòûíäà?û æàëïû îðòà á³ë³ì áåðåò³í ìåêòåï «Áåê³òåì³í

"Интеллекуалдық мәдениетті дамыту" бағытында 3 сынып сағаты: "Ұшқыр ой мен шешен тіл"атты сайыс сағаты, "Тапқыр достар"топтық сайыс «Сынып білімдісі»атты сынып сағаттары сайыс түрінде өткізіледі.
"Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі" бағытында шаралар өткізілді: "Жол жүру ережесін білеміз бе?" сауалнама,, "Жол тәртібі-өмір қауіпсіздігі" тақырыбында тәрбие сағаты,"Өрт қауіпсіздігі ережелері»" тәрбие сағаты, «Оттан сақтан!»өртке қарсы сақтық шаралары сынып жиналыстарында өткізіліп, ақпараттар жазылады.
Оқушымен жұмыс бағытында: Сынып белсенділері сайланып, жұмыстары есебі тоқсандық жиналыстарда тыңдалынады. Сонымен қатар үйден оқыйтын гүлназға үне барып кеңесіп, бос уақыттарда көңілін көтеріп, таза ауағ шығарып тұрдық.Сынып жиналыстары түрлендіріліп ұйымдастырылып, уақытылы өткізіліп, хаттамаланады.Жыл бойына жоспар бойынша үлгерімі нашар және қабілетті оқушылармен жұмыстар жүргізіледі.Сынып жиналыстарында тазалық, ұқыптылық сыйластық туралы түсіндіріледі.Оқу жылы соңында оқушыларға «Ақ гүлдер»тренингі өтеді.Оқушылар жазғы демалыста бір-біріне сәттілік тілейді.
Ата-анаман жұмыс бағытында: Жыл бойы ата-аналармен жұмыстар жүргізіледі. Әртүрлі тақырыптық жиналыстар өткізіледі. «Ата-аналарға арналған іскерлік ойындар», тренингтер топтамасы, ата-аналарға арналған семинар, пікір алмасу, іс-шаралар өткізіледі. Ата-аналарға ашық есік күндері сабаққа қатысады. Ата –аналар жиналысының қорытынды отырысында жыл бойы сынып жетекшімен, сыныппен байланыста болған бір қатар ата-аналарға алғыс хаттар табысталады. Уақытылы ата-аналар жиналысы түрлендіріп өткізіліп, хаттамаланады.


Сынып жетекшісі: Тилеуд Кумисай
Сыныпқа мінездеме
Сынып –6
Ұлты қазақ- 8
Ұлты орыс - 1
Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талаптанып, үлгі аламыз жақсыдан!»
Оқушы саны – 9
Ұл- 4
Қыз – 5
А. Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сыныбында 4 ұл оқушы және 5 қыз оқушы бар. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Саматұлы Аққу 6 сынып белсенділері Бағдәулетқызы Гаухартас, Еркинбек Айдана. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс «математика әлемі», «шахмат» үйірмесіне қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары орташа. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.


Сынып жетекшісі: Тилеуд Кумисай




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет