Гзак-Къза-Хоз-Кза-Гза есімінің төркіні мен мағынасы туралы Н.А. Баскаковтың пікірі мынадай:
< кози ягненок (НБ, 1)
< гөз - и ак (түш-кен) имеющий бельмо (НБ, 1)
Гзак-Къза-Хоз-Кза-Гза есімінің төркіні мен мағынасын анықтау үшін, бүл есімнің Гзак-Къза дейтін екі нұсқасын диахрондық сипат тұрғысында талдап көрейік. Бұл есімнің Къза дейтін нұсқасындағы ъ дыбысы, көне орыс тілінде өте қысқа, жабық о болып дыбысталған. Басқаша айтқанда, аталмыш есімнің көне орыс тіліндегі Къза дейтін нұсқасы, коза болып айтылған және оқылған. Егер де аталмыш есімнің көне орыс тілінде "коза" деген нұсқасы болған болса, онда оның Гозак ал, г-к сәйкестігі бойынша Козак дейтін нұсқалары да болған. Көне және қазіргі орыс тілдерінде екпін түспей буындағы дауысты дыбыстың айтылуы бойынша Козак нұсқасы, Казак болып та айтылған. Айтылудағы интерференция салдарынан кейбір дыбыстар түсіп қалатын тіл заңдылығына сәйкес половецтердің Казак немесе Қазақ атауын, көне орыстар өз тіліне бейімдеп айтқан кезде бір жағдайда алғашқы буынның бір дыбысы, екінші бір жағдайда соңғы буынның бір дыбысы түсіп қалған. Осыдан барып орыс жылнамаларында аталмыш есімнің Гзак және Коза дейтін нұсқалары пайда болған. Ал, Хоз-Кза-Гза, Козак-Казак архетипінің Гзак және Коза секілді варианттары. Салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып танымның дедукциялық жолымен аталмыш есімнің архетипі - Козак немесе Казакекендігін және половецтерде Казак немесе Қазақ атты есімнің болғандығын болжауға болады. Осы анықтаудың негізінде бұл есімнің төркіні мен мағынасы туралы. Сонымен аталмыш есімнің төркіні - половецтердің Казак немесе Қазақ антропонимі болып шықты.
Осы топқа жататын Айдар есімінің этимологиясы туралы Л.З. Будаговтың пікірі мынадай: 1) < айдар клок волос на макушке мальчика (ЛБ, I, 183); 2) < айдар лев (ЛБ, I, 523).
Түркілерде, жас жеткіншек ұлдарының шашын тықырлап қырып тастап, тек төбесінде ғана бір шөкім шаш қалдыру дәстүрі немесе әдет-ғұрпы болғаны белгілі. Ұлдардың төбесінде қалған бұл бір шөкім шашты, айдар деп атаған. Егер де түркілер осылай шаш қоюға байланысты осы әдет-ғұрып атауымен өз ұлдарын Айдар деп атаған болса, онда түркілердің басым көпшілігі Айдар есімді болар еді. Ал, біз білеміз Айдар - түркілердегі көп есімдердің бірі ғана. Демек, Айдар есімі шаш қою әдет-ғұрпына байланысты пайда болған деген пікір күмән туғызады. Түркі тілдерінде «арыстан» мағынасындағы айдар атауы жоқ. Осы себепті Л.З. Будаговтың Айдар есімінің төркінін, «арыстан» мағынасын білдіретін айдар атауынан шығаратын пікірі де сенімсіз. Біздің пікірімізше, Айдар есімінің о бастағы алғашқы нұсқасы - айдар немесе қайдар болған. Түркі тілдеріндегі атаулардың бастапқы һ-қ-к-гдыбыстарының редукцияланып кез-келген жағдайда түсіп қалатындығы белгілі. Алғашқыда Хайдарболып айтылған Айдар есімі, түркі тілдеріндегі атаулардың бастапқыһ-қ-к-гдыбыстарының редукциялану құбылысына сәйкес Айдар болып өзгерген. Сонда Хайдар мен Айдар есімі, бір антропонимнің екі түрлі нұсқалары болып шығады.
Біздің пікірімізше, Хайдар есімі, хай және дар дейтін екі компоненттен тұрады, бірінші компонент хай-монғол тілінде «жылан» мағынасын білдіретін қай этнонимінің фонетикалық варианты, екінші компонент дар морфемасы. Оның мағынасын анықтауға жәрдем беретін пікірді Ө. Панзарбеков пен Б. Алтаевтардың еңбегінен таптық. Бұл зерттеушілердің дәлелдеуі бойынша қандай да бір этнос күшейген кезде олардың атауының не алдынан не соңынан «мықты-күшті» мағынасын білдіретін дур-тур сөзі қосарланып айтылған. Егер де Хайдар мен Айдар есімдерінің екінші компоненті дар – «мықты», «күшті» мағынасын білдірген болса, онда бұл есімдер – «мықты», «күшті жылан» тотемді адам мағынасын білдіретін антропонимдер болып шығады. Ал, Хайдар есімінің бірінші компоненті хай - монғол тілінде «жылан» мағынасын білдіретін кай этнонимінің фонетикалық варианты болғандықтан, аталмыш есімдер кай этнонимінің негізінде пайда болған дейтін қорытынды жасай аламыз. Жылан тотемді кай тайпасы күшейген кезде, бұл этнос атауының соңына «мықты», «күшті» мағынасын білдіретін тур терминінің фонетикалық варианты - дур қосақталып, каидур болып айтылған. Каидур этнонимі, көмейлік һ-х дыбыстарымен айтылған кезде айдар және Хайдар болып өзгерген. Осы Хайдар мен оның фонетикалық варианттары - Каидар немесе Қаидар этнонимінің негізінде Хайдар-Қайдар және Айдар антропонимдері пайда болған.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің пікірінше кай тайпасы күшейген кезде, биологиялық «жылан» атауының айдар немесе айдаьар дейтін балама атаулары, яғни жыланның іріленген, күшейген бейнесіндегі нұсқасы-ипостасы пайда болған. Олай болса, Хайдар мен Айдар есімдері, тек «мықты», «күшті жылан» тотемді адам дейтін мағынаны ғана емес, сондай-ақ «айдаһар» деген мағынаны да білдірген.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстардың да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағұлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Жалпы қазақ халқы салт-дәстүр, әдет- ғұрып, наным-сенімге өте бай халық. Діни наным-сенімдерге байланысты: ұшықтау, садақа беру, бата беру, дұға қылу т.б. Қонақ күтүге байланысты әдет ғұрыптар: қолға су құю, қонақты төрге шығару, қонаққа мал сою, қол салу т.б. тәрізді болып келеді. Бұл халықтың қонақ жайлығын көрсетеді. Тұрмыс құруға, үйленуге байланысты: құда болу, қыз қөру, қыз айттыру, құда түсу, қалың мал төлеу, келін түсіру, беташар, қыз ұзату т.б. лингвомәдени бірліктер қолданылған. Салт-дәстүрлердің озық үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп біздің дәуірімізге жетеді. Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Сонымен түркі жазбалары тіліндегі кісі аттарының мағыналары әрбір ұлттың өмір сүріп отырған дәуіріндегі қоғамдық жағдайына, тұрмыс тіршілігіне, салт-дәстүріне, наным-сеніміне тікелей қатысты болып, сол антропонимдердің семантикасын халықтың барлық өмір тіршілігі, ғасырлар бойында қалыптасқан мәдениеті, рухани байлығы көрініс тауып жататына көзіміз жете түседі.
Половецтік деректерге қатысты Асен-Осен антропонимдерінің тілдік төркіні туралы И.Добродомовтың Әсен-есен «здоровый», К.Гренбичтің «расти, вырастать + афф. повелительной формы 3-го л.» пікірлермен келсу де қиын. Асен-Осен есімдерінің этимологиясын шынайы анықтауға жәрдем беретін дәлелді, тілдік және тарихи этимологиялық деректерді біз жоғарыда аталған Ө.Панзарбеков пен Б.Алтаевтардың аталмыш еңбегінен табамыз. Аталмыш авторлар, қытайдың «Чжоу шу» және «Суй шу» әулеиттік жылнамаларындағы Ашина тайпасы туралы деректе бұл этностың Асян шад есімін қабылдағандығына сүйене отырып бұлар, Ашина атауымен төркіндес екінші бір Асян есімін алған дейтін пікір білдіреді [106, 94б.]. Осы пікірді дәлелдейтін аргумент ретінде қазақ халқының қүрамындағы арғындардың Мейрам сопысы Қаракесек руының Асен, тоқал арғындардың Қанжығалы руының Есен, қыпшақтардың Қарсақ руының Есен аталарының атауын- қытай жылнамасындағы Асян есімінің этимологиялық варианттары деп береді және Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Есентуки қаласының атауынан Асян есімі мен "Суй шу"-дағы қос иероглиф ту гю-дің этимологиялық варианты-туки сөзін көретіндігін келтіреді.
Жоғарыда, осы бөлімшенің барысында VI-VIII ғасырлардағы Түркі қағанаттарының басында түрған ашиналардың Самогур, Ченегрепа, Кулоба есімдерін немесе рулық отбасына біріктіретін топтық атауларын жамылып половецтер арасында қыпшақ аталып жүргендігін, сондай-ақ олардың сары қыпшақтар арасында Кюнячюк, Тапх-Тарг, Бердібек, Боняк есімдері мен Тарголове этнонимінің пайда болуына қатысы барлығын анықтап, дәлелдеуге тырыстық. Егер де ашиналар половецтер арасында жоғарыда аталған лақап атауларды немесе есімдерді жамылып жүрген болса, есімдер мен этнонимнің пайда болуына қатысы бар болса, онда олардың Асен-Осен және Оселук есімдерінің пайда болуына да қатысы бар. Половец есімдері мен этнонимдерінің этимологиясына жасалған талдау, зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, танымның дедукциялық жолымен Асен есімі - қытай жылнамасындағы Асян есімінің, яғни Ашина этнонимінің ал, Осенлук немесе Оселук есімі - Асянлук, яғни Ашиналық немесе «ашина руының адамы» дейтін мағынаны білдіретін туынды зат есімнің этимологиялық варианттары екендігі туралы жорамал айтуға болады. Осы анықтау негізінде мынадай қорытынды жасай аламыз: Асен-Осен мен Оселук есімдері – «ашина» және «ашина руының адамы» дейтін мағыналарды білдіретін есімдер.
Осы топқа жататын Турундай есімінің төркіні мен мағынасы туралы А.Зайончковский, Л. Будагов, К. Гренбичтің пікірлері мынадай: АЗ < турундай-турумтай назв. птицы;
1) < торун-турун-торум молодой верблюжонок (ЛБ, 1.389) + афф. уподобления-дай > торун-дай подобный верблюжонку, 2) < турна журавль (КГ, 257) + афф. -дай > турна -дай подобный журавлю.
Половец есімдері мен этнонимдерінің этимологиясына жоғарыда жасалған талдаулардан көрініп тұрғанындай, есімдер мен этнонимдер, негізінен тотем жануар, аң және құс атаулары негізінде пайда болған. Осы себепті Турундай есімінің төркінін торун мен турнаесімдеріне дай жұрнағын жалғау арқылы ұқсату мағынасын білдіретін қатыстық сын есімдерінен шығаратын Л. Будагов пен К. Гренбичтің пікірлері емес, Турундай есімінің төркінін турумтай дейтін қос атауының шығаратын А. Зайончковскийдың жоғарыдағы пікірі шындыққа жақын келеді, бірақ бұл есімнің мағынасын анықтап бере алмайды. Қыпшақтарда, соның ішінде половецтерде кұс тотемінің, атап айтқанда, аққу, қарға т.б. төтемінің болғандығы ғалымдардың еңбектерінен белгілі.
Демек, орыс тіліндегі айтылымына сәйкес Турундай - түркі тілдерінде, соның ішінде «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» берілгендей тұрымтай дейтін құс атауының фонетикалық және этимологиялық варианты. Сонда орыс жылнамаларындағы Турундай – «кішірек келген сұнқар тектес жыртқыш құс» мағынасын білдіретін есім болып шығады. [ҚTTC 9 т. 288] Егер де половецтерде құс төтемі болған болса, онда оларда «тұрымтай» төтемі де болған. Осы тотем атауы негізінде сары қыпшақтарда Тұрымтай, орыс жылнамаларындағы [Turumtay – MK III,248] Турундай есімі пайда болған.
Осы топқа жататын Аксупа-Айсупа есімінің төркіні мен мағынасы туралы Л. Будагов пен К. Гренбичтің пікірі мынандай: 1) Айсупа < айаз ясный (ЛБ, 1, 173, 179) + апа, 2) Аксупа < өкүз бык, вол (ЛБ, 1, 145) + апа, 3) Аксупа < огуз простой, грубый, невежа, глупый, имя собств. монгольского хана-Огуз (ЛБ, 142) + апа).
Түркі тілдеріндегі огуз сөзінің «қарапайым», «дөрекі», «әдепсіз», «ақымақ» мағыналары ауыспалы мағына. Оның тура мағынасы (okuz-бык, т.б.), мен ауыспалы мағынасы (грубый, неотесанный, тупой человек) деген мағыналарын Э.В.Севортян да өз сөздігінде көрсеткен (ЭСТЯ,522) Ал, ру тайпаның атты ретіндегі (oyus-oyuz,(ДТС,365) этнонимі көне түркі сөздігінде де берген [114, 458 б.]. Половец есімдерінің этимологиясына жасалған талдаулардан байқағанымыз, бұл есімдердің негізгі лақап атаулар мен этнонимдер және төтем жануар, аң, құс атаулары негізінде пайда болған. Ал, төтем жануар, аң, құс атаулары негізінде пайда болған есімдер арасында ит пен бөрі және құс атаулары арқылы пайда болған есімдер көпшілік болып келеді. Аракідік арыстан, айдаһар, жылан, ешкі, лақ атауларынан пайда болған антропонимдер кездеседі. Бірақ өгіз тотеміне байланысты өгіз атауынан пайда болған есім бір-ақ рет кездесті.
Жалпы половец антропонимдердің орыс жылнамаларындағы транскрипциясына немесе айтылуына сын көзбен қарамай сол күйінде қабылдап олардың этимологиясын анықтау тырысушылық, қателікке ұрындыратынын байқадық. Сары қыпшақ есімдерінің этимологиясын анықтауда біз половец қоғамын құрайтын этностар немесе социумдар этнографиясына, атап айтқанда тотемизм құбылысына баса назар аударуға тырыстық. Себебі, жоғарыда жасалған талдаулардың мазмұнының лақаптық этнонимдік тотемдік негіздерінің сипаты осындай қағидаларға алып келеді. Осындай деректерге сүйене отырып біз Аксупа есімінің төркінін половецтер арасындағы этнос атауымен, яғни этнонимімімен байланыстырамыз. Басқа тілден енген сөздер мен атауларды өз тіліне бейімдеп айткан кезде, айтылудағы интерференция салдарынан кейбір дыбыстардың түсіп қалатын ия өзгеретін (мыс. Токсоба т.б.) құбылысының тіл ғылымында ескерлетіні жоғарыда аталып өтілді.
Демек, Аксупа (орыс жылнамаларындағы жазулуы мен орысша айтылымымына сәйкес) ай (у) апа.
Орыс жылнамаларының дерегіне сүйене отырып, С.А.Плетнева, орыс княздары Владимир Мономах, Давыд және Олег Святославичтің 1107 жылдың қаңтарында "Аепа және басқа бір Аяпа"-ның даладағы мекеніне бітімгерлік сапармен аттанып, Владимирдің өз ұлы Георгиге Аепаның ал, Олегтің өз ұлына Акаепидің қызын әйелдікке алғандығы туралы жазады. Орыс жылнамасынан келтірілген "Аепа және екінші бір Аяпа" дейтін деректен біздің аңғарғанымыз, половецтерде Аепа есімді екі саяси тұлға немесе хан болған. Жылнамада бұлардың бірін Аепа, екіншісін Акаепид деп берген. Көрініп тұрғанындай, Аепа есімінің Акаепид дейтін екінші нұсқасы. Осы Акаепид деген нұсқасының бастапқы а дыбысы басқа тілдердегі атаулар мен сөздерінің орыс тіліне бейімдеп айтқан кезде пайда болатын приставка, ал каеп түбіріне жалғанған ид-орыс тіліндегі зат есімінен туынды зат есім жасайтын суффикс. Олай болса, Акаепид дейтін нүсқаның түбірі - каеп. Осы каеп түбірлі половец есімі мен этнонимін орыс жылнамаларынан іздестіргенмізде каепичи дейтін этнонимді кездестірдік, Тарихшы С. Ақынжанов және басқа да зерттеушілер орыс жылнамасындағы каепкчи этнонимінен монғол тіліндегі «жылан» мағынасын білдіретін қай тайпасының атауын көреді. Егер де каепичи этнонимінен каи тайпасының атауын керуге болатын болса, онда бұл этнонимнің түбірі - каи деп қарауға болады. Осы каи түбіріне, «ру» мағынасын білдіретін оба сөзінің орыс тіліндегі епа дейтін этимологиялық варианты жалғанған кезде айтылудағы интерференция салдарынан и дыбысы түсіп қалып, бұл этноним каепа болып айтылған сияқты [113, 341 б.].