МІНЕЗДЕМЕ Еркінқызы Дария 2005 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Физиологиялық дене қалыптасуы 10-сынып оқушыларына лайық. Темперамент түріне байланысты флегматик екендігі анықталды. Байсалды, барлық істі байыппен орындайтын қыз. Өзінің лидерлік қасиеттерімен көзге түсетін, шаршы топты алға жүргізетін еңбекқор қыз екенін анықтадым.
Сабақты үздік оқитын оқушы. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өзін сенімді болып, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады. Берілген тапсырмаларды тиянақты және аса жауапкершілікпен атқара ғана қоймай, оны өз уақытында жылдам орындайды.
Сынып жетекшісі және пән мұғалімдерімен жақсы қарым-қатынаста, кері байланысқа белсенді қатысатын оқушылардың қатарын көш бастап тұр. Сабақ барысында қысылмай, білгенін айтып, білмегенін сұрауға тырысады.
Дарияның таным процестерінің ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, сабақ үстінде зейіні, қабылдауы жақсы оқушы. Бүгінгі сабақта ұғынған ақпаратын практика тұрғысында тиімді пайдаланады. Болашақта алға қойған мақсаттарына, арман-тілектеріне сүрінбей жететін және келешекте кездесетін тосқауылдан қорықпай өтетін адам болатынына кәміл сенемін.
МІНЕЗДЕМЕ Алиев Айдархан 2004 жылы 31 наурыз айында дүниеге келген. Физиологиялық дене қалыптасуы өте жақсы дамыған. Темперамент түріне байланысты флегматик екендігі анықталды. Дене қимылы баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.
Сабақты орта деңгейде оқиды, үлгерімі орташа. Сабаққа деген ынтасы жақсы болғанмен кері байланысқа түсе бермейді. 10 «Б» сыныбына басқа сыныптан ауысып келген. Білген сабағын жеткізуге тырысады. География және шет тілі пәндерінен талпынысы жақсы білінеді.
Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерімен орташа қарым-қатынаста, берілген тапсырманы баяу болса да аяқтауға тырысады.
Байсалды мінезінен өзін үздік көрсете алмайды, көңілінде сайрап тұрған ойды жеткізе алмайды, белгілі бір ортаға енуі де қиындау. Дегенмен де, өз күш-жігерін белгілі бір бағытқа арнайтын болса, келешекте үлкен белестерге жететіні сөзсіз.
Мінездеме беруші: Жолдасбек Д.Н.