А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет137/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

Байланыс
– палуандардың белдерін буынып, білектерін сыба-
нып, балтырларын түрініп, күреске шығып ұстасқаны есебінде-


344
гі дәуірі; 
шиеленіс 
– палуандардың әдіс-амал, күш, өнері бәрін 
жұмсап, қайрат қылып, күресті қыздырған шағы сияқты дәуір; 
шешіліс
– палуандардың бірін-бірі жыққан мезгілі сияқты 
дәуір.
Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлі- 
неді: 1) әлектеніс, 2) азаптаныс. 3) әуреленіс.
1. әлектеніс. 
Ұстасушы адам қас қайраткер болса яғни 
оқталғаннан қайтпайтын, ұмтылғаннан тайынбайтын, көзде- 
генінен күдер үзбейтін, азға айналмайтын, зордан зорға, 
артықтан артыққа ұмтылатын, жамандыққа жасымайтын, мұқ- 
таждыққа мұқалмайтын я қайнаған қайраттың адамы бол-
са, ұстастыру әлектеніс болып шығады. Бұл сипатты адам-
дар тьшыштықпен өмір сүре алмайды, үйткені көздеген 
мақсатының, ойлаған мұратының жолында неден де болса қайту 
жоқ, оның мақсат-мұратына өзгелердікі тұс келмейді. Тұс кел-
меген соң, оның бәрі де мұның жолына керме, кедергі болып, 
қалаған жөнімен жүргізбейді. Қас қайраткер қайсарлығымен
ол бөгетке тоқтамай, бұзып өтемін дейді. Онысы өзгелердің 
жеріне түсу, жау іздеу болып көрінеді. Топпен күресуге күші 
жетпей, ақырында әлек болады. Асылында, әлек болуына 
қайраткердің өзі жазалы: жазығы – бойға біткен қайраты, жі-
гері, жетесі, ынтасы. Қайраткер басын бәйгеге тігіп іс қылуын 
айып көрмейді, адамдық деп біледі. Басын қорғап, мақсатын 
іздемей қалу – оған өлім. Екі өлімнің қадірлісін таңдап алмау 
масқаралық деп біледі. Қалайда әлектеніс қайраткері қатардан 
қара көрінім ілгері, артық адам болады. Қысқасынан айтқанда, 
әлектеніс қайраткері жанынан арын, намысын артық көріп, 
намыс үшін өлетін, кезі келген жерде жанын арына садаға 
қылатын адам болады. Енді ондай адамның ары мен намы-
сына тиетін дүниеде іс көп, сондықтан ондай адам ақырында 
әлек болмай қалмайды. Құмарпаз адамдар құмарлығының 
құлы болып, соның дегенімен болып, соның айдауымен жүріп, 
құмарлық құрбаны есебінде әлек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет