"Табылды" нәтижесін талдау: биологиялық материалдың талданатын үлгісінде m.tuberculosis үшін тән ДНК фрагменттері табылды.
" Табылған жоқ " нәтижесін талдау:
1. Биологиялық материалдың талданатын үлгісінде ДНҚ фрагменттері табылған жоқ.;
2. Талданатын үлгіде материалды алу ережелерін бұзу салдарынан қақырық элементтері жоқ (сілекей жиналған).
Пневмококкты инфекция
Пневмококк- ауруханадан тыс тіркелетін бактериялық пневмониялардың қоздырғышы болып табылатын стрептококтардың негізгі өкілдерінің бірі. Пневмококк пневмониядан басқа менингиттердің де дамуын тудыруы мүмкін. Стрептокококты сепсис кезінде ағзалардың генерализацияланған тұқымдары жүреді. Балалар мен егде жастағы адамдар инфекцияға аса бейім болып келеді. Негізгі тарату жолдары - ауа-тамшылы және контактілі жолмен. Аурушаңдықтың шыңы жылдың суық мезгіліне сай келеді. Көбінесе инфекцияның клиникалық түрлері ағзаның резистенттілігі бұзылғанда (мысалы, суық стрестерден кейін), әртүрлі иммундық тапшылық жағдайларда және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдарда дамиды. Классикалық пневмоккты пневмония кезіндегі клиникалық көрініс кенеттен басталады. Дене қызуының көтерілуі, өнімді жөтел және кеуденің тұсының ауруы байқалады. Әлсіреген адамдарда ауру баяу, шамалы қызбамен, есінің бұзылуымен және өкпе-жүрек жеткіліксіздігі белгілерімен дамиды. Стрептокококты менингиттер барлық жас топтарында тіркеледі. Олар дене қызуының көтерілуімен, мойын бұлшық етінің ригидтілігімен, бас ауруы, жүрек айнуы және құсу сияқты қарқынды дамуымен сипатталады. Иммунды тапшылығы бар адамдарда гематогенді пневмококкты зақымданулар, синуситтер, отиттер, эндокардиттер, перитониттер дамуы мүмкін [31, 32].
Достарыңызбен бөлісу: |