А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме



бет275/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

"Табылды" нәтижесін түсіндіру:

1. Биологиялық материалдың талданатын үлгісінде Streptoccus pneumoniae үшін тән ДНҚ фрагменттері табылды.



"Табылған жоқ" нәтижесін түсіндіру:

1. Биологиялық материалдың талданатын үлгісінде Streptoccus pneumoniae үшін тән ДНҚ фрагменттері табылмады;

2. Талданатын үлгіде материалды алу ережелерін бұзу салдарынан қақырық элементтері жоқ (сілекей жиналған).

Хеликобактерлік инфекция (асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары)

Helicobacter pylori бактериялары қазіргі уақытта созылмалы гастрит, асқазан жарасы және 12-ұлтабар және асқазан обыры дамуымен байланыстырады. Шырышты қабықтың зақымдануы Н.pylori. тікелей зақымдауымен байланысты. Микроорганизм эпителийдің бетіне бекіне отырып, жасушаға еніп, шырышты қабықты зақымдайды, қабынуды тудырады және асқазан обырының даму ықтималдығын арттырады. Асқазанның шырышты қабығында Н.pylori көбейуі тұз қышқылының секрециясын жоғарылатады. Одан әрі, әсіресе қосымша қауіп факторлар болған жағдайда (тұқым қуалайтын бейімділік, қанның І тобы, темекі шегу, ульцерогенді дәрілік препараттарды қабылдау, жиі стресстер, алиментарлық қателіктер) ойық жара деффекті қалыптасады. 1995ж. Обырды зерттеу бойынша халықаралық қауымдастық (IARC) Н. pylori абсолютті канцероген деп танылды және адамдағы асқазанның қатерлі ісігінің маңызды себебі ретінде анықталды. Н. рylori- ді жою емделушілерде асқазанға хирургиялық араласудан құтылуға мүмкіндік береді. Инфекцияны анықтаудың серологиялық әдістері Н.pylori (anti-H. pylori Ig G анықтау) осы ауруларды диагностикалау мен емдеу тактикасын таңдауда қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет