Сәулеленуден қорғану 1.Танып білу – барлық сәулелендіру көздері радиациялық белгілермен белгіленуі қажет.
2.Сәулелендіру мөлшерін белгілеу
3.Әсерін әлсіздендіру
Физикалық салмақ түсіру әсері Мейіргер ауыр жағдайдағы науқастармен және реанимациялық науқастармен жұмыс істегенде өзіне физикалық салмақ түсіреді.Оның әсерінен омыртқада ауырсыну және аурулар пайда болады.
Омыртқа жотасын ауырсыну мен ауруларынан сақталу Ол үшін Мейіргер эргономикалық әдістерді қолдануы керек:
Науқасты тасымалдаған уақытта;
Жатқызу кезінде;
Тұрғызу кезінде.
Күйзелістің әсері Мейіргер жұмыс істегенде физикалық әсер алса ,сонымен қатар психикалық әсер де алады.Олар жиі науқастардың күйзелісін тіпті өлімін көреді.Бұдан басқа сау адамның психикасы науқастан ерекшеленеді.Көп науқастардың психикасы бұзылған болады, сондықтан да олар көп ренжиді,ашуланшақ болады,ұрысады.Осындай сәтте адам тез эмоционалдық күюге ұшырауы мүмкін.Соңғы 30-40 жылдарда осы мәселе көптеп зерттелуде.Соның нәтижесінде ең көп мұндай жағдайға ұщырайтындар олар:Мейіргерлер,педагогтар,өрт сөндірушілер,волонтерлар,психологтар.Эмоционалдық күю терминін Х.Дж.Фрейденбергом 1974 жылы американдық психиатр енгізді.Эмоционалдық күю – бұл адамның эмоциялық және физикалық тұрғыдан шаршауы жұмыстан шаршауы.Бір жағынан бұл жұмыстағы қиындықтар,мысалы басшылардың тым қаталдығы,әріптестердің моральдік қолдау бермеуі,демалыстардың болмауы.Көбінесе жұмыста жалған эмоциямен жүру мысалы күлімсіреп,сыпайы болу.