А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Картографиялаудағы жаңа көзқарастар



бет28/33
Дата08.02.2022
өлшемі3,08 Mb.
#123423
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Экол картографиялау кітап
Блисов Экол картограф, Шартты белгілер
9.4 Картографиялаудағы жаңа көзқарастар

Өсімдіктер ресурстарын зерттеу үшін ара қашықтықтық зерттеулер мәліметтері, электромагнитті спектордағы көрінетін диапазондағы ғарыштық түсірімдер, жер бетін суретке түсіру, сонымен қатар, радиотолқындар бойынша берілетін сканерлік және телевизиялық түсірімдер үлкен маңызға ие. Әсіресе, спектрозоналды және синтезделген көп зоналы түсірімдер дешифирлеу үшін тиімдірек.


Қазіргі уақытта ғарыштық ақпараттар көмегімен шолу масштабтарында универсалды-типологиялық карталар сонымен қатар, табиғи ресурстарды картографиялау мен кешенді зерттеу кезінде орта масштабты карталар құрастырылады. Ара қашықтықтық зерттеулер мәліметтері геоботаникалық аудандардың, биіктік белдеулердің, ендік белдеулердің ірі фитогеографиялық бөлімшелерінің шекараларын анықтап қана қоймай, шекаралардығы ерекшеліктерімен, олардың арасындағы өтпелі сипатты таба отырып, типологиялық категорияны айқындауға да мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер өсімдік жамылғысының динамикасын бақылауы арқылы, оның мөлшерінің әртүрлі деңгейінде өсімдіктер жамылғысының құрылымын анықтауға болады.
Геоботаникалық карталардың мазмұнын жаңартуда ғарыштық түсірімдер едәуір рөлге ие. Дешифирленген түсірімдер негізінде шекаралар жойылады және интрозональды тіршілік ету ортасында дамитын қауымдастықтың қосымша контурлары, сонымен қатар, антропогендік – бұзылған өсімдіктер жамылғысының қауымдастық контурлары келтірілген.
Өсімдік жамылғысы туралы ақпараттың көп бөлігі өсімдік жамылғысы мен табиғаттың басқа да компоненттері арасындағы өзара әрекеттің күрделі тізбегін ғарыштық түсірімдер арқылы түсіндіруі мүмкін. ТТК негізінде бұл тізбекті түсіндіру өсімдік жамылғысының экологиялық картасын құрастыру үшін мәліметтерді пайдалануы мүмкін. Бұл жағдайда картографиялау нысаны тек өсімдік ғана емес, экологиялық параметрлерде болып табылады.
Орта масштабты карталарды құрастыруда ғарыштық мәліметтер тікұшақтармен әуемен шолу бақылауларымен белгілі бір маршруттар бойынша жүргізілген жердегі егістік мүмкіндіктерінің бірлестігін пайдаланады. Кейбір мәліметтерді индикациялық, ландшафттық және ландшафттық-индикациялық қосымша әдістердің көмегімен алып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет