ІІІ – жеке шығармашылық тапсырма немесе проект жұмыстарын қорғау. 1.Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сыныптық-сабақ жүйесінің дәстүрлі және бейдәстүр түрлерін сызба арқылы сипаттау.
2.Оқушылардың сабақта оқу-таным әрекеттерін ұйымдастыру формаларын кесте арқылы мазмұндау.
3.Оқытудың сабақтан басқа түрлерінің сызбасы.
3.Қазіргі мектеп жағдайында сабақ тиімділігін арттырудың озат тәжірибелерінің кестесін құру.
4.Бір сабақтың жоспарын құру.
5.Бір сабақтың талдауын жасау.
6.Шетел тілі пәні негізінде белгілі бір тақырыпқа сай дәстүрлі емес (бейдәстүр) сабақтың жоспарын құру.
7.Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын даярлау. 8. Проект жұмыстарын қорғау. 9.Мерзімді педагогикалық басылымдар негізінде тақырыпқа сай материалдар жинап, оларға анатация жазу.
21-тақырып. Оқытудың педагогикалық технологиясы. Білім беру технологиясы. І – Теориялық сипаттағы тапсырма. 1.Педагогикалық технология туралы ұғым. 2.Білім берудегі иновациялық технология, оның мәні. 3.Мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдірудгі қазіргі педагогикалық технологиялар: жетістіктері және оларды сабақтар жүйесінде қолдану ерекшеліктері. 4.Жаңашыл педагогтар, олардың идеялары мен оқыту технологиялары. 5.Қазіргі кедегі оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының негізгі принциптері. 6.Болашақ мұғалімдерді иновациялық педагикалық әрекетке даярлау. ІІ – типтік кәсиби тапсырмалар. 1.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру. 2.Педагогикалық әдебиеттер негізінде оқушылардың таным әрекетін белсендірудің мәніне педагогикалық-психологиялық талдау жасау.
3.Озат педагогтардың тәжірибесі арқылы оқыту әдістерін тиімді пайдалану жолдарын негіздеу.
4.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарды жаңашыл мұғалімдер тәжірибесімен ұштастырып, педагогикалық мерзімді басылымдар материалдары негізінде талдау жасау.
5.Жалпы білім беретін орта мектеп тұжырымдамасына сәйкес мерзімді педагогикалық баспасөз деректері бойынша және мұғалімдердің іс-әрекетін бақылау негізінде жаңашыл педагогикалық идеялардың практика жүзінде нәтижелі қолданысына талдау жасау.
6.Қазақстанда озат мұғалімдер тәжірибесі туралы қазақ тілінде жарияланған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға талдау жасап, конспект құру.