ІІІ – жеке шығармашылық тапсырма немесе проект жұмыстарын қорғау.
1.Отбасы тәрбиесінің мақсат пен міндеттерін және ерекшеліктерін сызба арқылы сипаттау.
2.Отбасы тәрбиесінің мазмұны мен құралдарын кесте арқылы мазмұндау.
3.Отбасы тәрбиесінде дәстүрлі формалары, тәсілдерін кесте арқылы сипаттау.
4.Отбасы тәрбиесінде халықтық педагогика дәстүрлерін пйдалану құралдарын сызба арқылы негіздеу.
5.Отбасы тәрбиесі туралы көрнекті педагогтар мен ағартушылардың көзқарастарын кесте арқылы сипаттау.
6.Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастырудың алгоритмін құру.
7.Мектеп пен отбасы бала тәрбиесіндегі өзара ынтымақтастық әрекетінің негізгі формаларын сызба арқылы көрсету.
8.Проект жұмыстарын қорғау.
9. Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын әзірлеу.
10.Мерзімді педагогикалық басылымдар негізінде тақырыпқа сай материалдар жинап, оларға анатация жазу.
17-тақырып. Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту.
І – Теориялық сипаттағы тапсырма.
1.Дидактика пәні, оның негізгі категориялары.
2.Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі.
3.Оқытудың заңдылықтары мен принциптері, оларға сипаттама.
4.Оқыту процесінің құрылымы мен таным әрекетінің кезеңдері.
5.Оқытудың түрлері.
6.Оқытуда білім, білік және дағдыларды үйрету.
7.Оқушылардың өздігінен білім алу жұмыстары, оларды қалыптастыру жолдары.
ІІ – типтік кәсиби тапсырмалар.
1.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру.
2.Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде оқытудың “дидактика”, “оқыту процесі”, “оқытудың қызметі”, “оқытудың бөлшектері”, “оқытудың заңдылықтары”, “оқытудың принциптері” ұғымдарының мәнін ашып, олардың бүгінгі мектеп өмірінде қолданысына дәйекті талдау жасау.
3.Дидактиканың философия, психология, педагогика тарихы, оқыту әдістемелерімен пәнаралық байланысын негіздеу.
4.Дидактиканың тарихи даму заңдылықтарына талдау жасап, оқыту процесінің психологиялық –педагогикалық негіздерін түсіндіру.
5.Оқыту қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдық қатынастар тәжірибесі және қоғамдық сананың даму нәтижесі. Сіз қалай ойлайсыз? Талдау жасаңыз.
6.Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық мәні қандай? Дәлелдеңіз.
7.Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Сіздің дәйектемеңіз қалай?
8.Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы немесе оқушылар ұжымы біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Неліктен? Дәлелдеңіз.
9.Қазіргі қоғамның нарық жағдайында еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру, политехникалық білім беру мәселелеріне айрықша мән берілуде. Себебін дәлелдеңіз.
10.Педагогикалық категория ретінде оқыту мен оқыту процессі бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Сіздің көзқарасыңыз қалай?
Достарыңызбен бөлісу: |