15-тақырып.Тұлғаның ұжымдағы тәрбиесі. І – Теориялық сипаттағы тапсырма. 1.Ұжым туралы ұғым. Крупская, Макаренко, Сухомлинский оқушылар ұжымы туралы. 2.Жеке тұлғаны тәрбиелеу, оны дамытуда ұжымның маңызы. 3.Мектеп ұжымның түрлері, белгілері және олардың құрылымы. 4.Оқушылар ұжымының даму сатысы мен тәрбиелік қызметі. 5.Оқушылар ұжымына педагогикалық басшылық және өзін-өзі басқару мәселесі. 6.Қоғамның жаңару кезіндегі ұжым мәселесі. 7.Оқушыларға сапалы білім беру және саналы тәртіпке тәрбиелеу жағдайында ұжымның атқаратын қызметі. ІІ – типтік кәсиби тапсырмалар. 1.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру. 2.Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен психологтарды және олардың еңбектерінде осы мәселе туралы көзқарастарына талдау жасау. 3.Педагогикалық процестегі оқушылар ұжымының даму сатыларының мәнін анықтап, олардың заңдылықтарын негіздеу. 4.Қазіргі қоғамның нарық жағдайында ұжымдық көзқарас пен оқушылар ұжымын тәрбиелеуге қатысты мәселелердің мәнін ашу. 5.Біртұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымын зерделеу алгоритмін құру. 6.Оқушылар ұжымының дамуының әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын бейнелейтін үлгісін құру. 7.Мектеп жағдайында оқушылар ұжымын қалыптастырудың формалары мен тәсілдерінің сызбасын оның даму кезеңдеріне сай құру. 8.Мектеп ұжымының түрлері және олардың өзара байланысын сызба арқылы көрсету. 9.А.С.Макаренконың “Параллельді ықпал және перспективалы жолдар принциптерін” қолдану тәжірибесінен фактілер, мысалдар келтіру. 10.Ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі (А.С.Макаренко). Неліктен? Себебін дәлелдеңіз.
11.Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Неліктен деп ойлайсыз?
12.Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы – дейді. Сіздің көзқарасыңыз қандай?
13.Оқушылар ұжымын оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру құралы ретінде де қарастырады. Сіз осы пікірмен қосыласыз ба? Себебін әр түрлі деректер арқылы дәлелдеңіз.
14.Ұжымының дамуының бастапқы кезеңінен жоғары деңгейіне дейін көтерілуінде педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады. Дәлелдеңіз.
15.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті мен қарым-қатынасы оның дамуының заңдылығы екендігін дәлелдеңіз.