ІІІ – жеке шығармашылық тапсырма немесе проект жұмыстарын қорғау.
1.Оқытудың түрлерін кесте арқылы мазмұндау.
2.Қазіргі кездегі оқытудың жаңа түрлеріне хабарлама әзірлеу.
3.“Қазақстан мектебі”, “Қазақстан мұғалімі” т.с.с. педагогикалық басылымдардағы оқыту процесі проблемалары туралы мақалаларға аннотация дайындау (Соңғы 1 немесе 2 жылға).
4.Оқыту процесінде мұғалім мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін сызба арқылы көрсету (Г.М.Афонина. Педагогика. Курс лекций и семинарские занятия).
5.Дидактиканың тарихи даму заңдылықтарын кесте арқылы көрсету.
6.Оқыту процесі құрылымының үлгісін жасау.
7.Тақырыпқа сай 5 сұрақтан тест жұмыстарын даярлау.
8. Проект жұмыстарын қорғау.
9.Мерзімді педагогикалық басылымдар негізінде тақырыпқа сай материалдар жинап, оларға анатация жазу.
18-тақырып. Мектепте қазіргі кездегі білім беру мазмұны.
І – Теориялық сипаттағы тапсырма.
1.Білім беру – педагогикалық категория, оның мәні және атқаратын қызметі.
2.Жалпы, политехникалық, кәсіптік білім және олардың өзара байланысы.
3.Білім беру мазмұнының құрылымына сипаттама, оның мазмұнын жаңарту, гуманитарландыру.
4.Оқытудағы пәнаралық байланыс.
5.Оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқулықтар, оларға сипаттама. Дидактикалық талаптар.
ІІ – типтік кәсиби тапсырмалар.
1.Тақырып бойынша берілген негізгі ұғымдарға салыстырмалы анықтама беру.
2.Тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде білім мазмұнының алатын орнын сипаттау.
3.Қазақстан Республикасында бүгінгі таңдағы білім берудің мазмұнын қалыптастурудың негізгі принциптерін ашып көрсету.
4.Жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы және жоғары кәсіби оқу мекемелері арасында білім беру мазмұны жағынан қандай байланыстың болу қажеттілігін негіздеу.
5.Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға талдау жасау.
6.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру мазмұнын анықтау.
7.Политехникалық және кәсіптік білім беру жолдарын негіздеу.
8.Ж.Аймауытов «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы» - дейді. Сіздің көзқарасыңыз қалай? Талдау жасаңыз.
9.Я.А.Коменский білім беру мазмұнын қалай анықтады? Оның бүгінгі таңдағы білім беру мазмұнынан айырмашылығы бар ма? Талдау жасаңыз.
10.Бүкіл адамзаттық мәдениет, әлеуметтік тәжірибе білім мазмұнын анықтаудың негізі. Осы пікірді негіздеңіз.
11.Оқыту процесінде білім мазмұнын игерудің негізгі тетігі – өзара әрекеттестіктің арнайы формасында мақсатты ұйымдастырылған балалар мен үлкендердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық қарым-қатынасы. Талдау жасаңыз.
12.Р.Г.Лемберг: “Қазіргі кездегі мектептердің оқу жоспарларында логика пәні берілмеген. Бұл жағдайда әр пән мұғалімдерінің оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға жауапкершілігі арта түседі. Оларға логиканың ережелерін, заңдылықтарын білуде артық болмайды” /15, Б.20/ – деген пікіріне көзқарасыңыз қандай?
13.И.Г.Песталоцидің: «Оқушылардың өмірді танып білуі, негізінен үш элементтен тұрады: көлем (форма), сан (число), сөз (слово). Осыдан барып білімдер жалғасады” – деген пікірін қалай түсіндіресіз?
14.В.С.Лебедевтің айтуы бойынша, білім беру – бұл әлеуметтік тәжірибені келесі ұрпаққа тұрақты беріп отыратын, қоғами ұйымдастырылған, қалыпқа келтірілген процесс – деген пікірі бойынша сіз қандай қорытынды жасайсыз?
15.Білім беру адамның ғылым және мәдениет әлеміне ену тәсілі ретінде. Негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |