А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде»
Пән мұғалімі: Абдулкаримова Л.М.
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде»
Мақсаттары:
1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның тақырыбы, нақыл сөздер, сыйлықтар.
Ойынның барысы:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1- бөлім «Таныстыру».
2- бөлім «Құпия алаң».
3- бөлім «Жұмбақ шешу».
4- бөлім «Бәйге».
5- бөлім «Өлеңім-өнерім».
6- бөлім « Мақал –сөз мәйегі».
7- бөлім «Полиглот».
8- бөлім «Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын кілт».
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Достарыңызбен бөлісу: |