Жасыл конверт сұрақтары:
1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)
3. Компьютер сымдары (кабель)
4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)
5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)
6. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)
7. Ең ұзын перне (пробел)
8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)
9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (7- сыныптан)
10. Оқитын құрылғы (сканер)
Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса-деп
5-бөлімді бастайық «Өлеңім-өнерім» бұл бөлімде әр топ берілген сөзден бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып, дұрыс құралған болса, сол топқа 5 ұпай беріледі.
(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)
(Ехсеl кестелік бағдарламасы туралы)
(Paint графикалык бағдарламасы туралы)
Осымен 5-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп
6-бөлімді бастайық « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деп
Достарыңызбен бөлісу: |