Сабақтың тақырыбы: «Информатика патшалығына саяхат»
сайыс сабағы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Сонымен қатар графикалық редактор Paint-та алған білімдерін, тапсырмаларды орындау барысында тиімді пайдалану.
дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, көзқарасын дамыту.
тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың жүрісі:
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Сабақ «Paint» және «Word Pad» топтарының арасында сайыс түрінде өтеді. Әр топты кемеге отырғызып, мұхитта жүзе отырып «Информатика патшалығына» алып баруымыз керек. Кемелер әр түрлі аралдарға тоқтап, онда тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтуі керек.
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Кеменің жүзу маршруты:
І «Қиын сұрақтар» аралы.
ІІ «Ертегілер» аралы.
ІІІ «Көркем сурет» аралы.
ІV «Сиқырлы пернелер» аралы.
V «Ғажайып қалам» аралы.
І «Қиын сұрақтар» аралы
Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, алға жылжып отырады.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолдарын ата
Кірістіру нүктесі, меңзер дегеніміз не?
Мәтінді теру және түзету ережелерін ата?
Қаріпті, өлшемді бір уақытта өзгерту әрекеті?
Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
Қағаз бетінің өлшемін таңдау әрекеті? Құжатты баспаға шығару әрекеті?
WordPad мәтіндік редакторы Windows операциялық жүйесінің қандай тобына жатады?
WordPad мәтіндік редакторын жабу әрекеттерін ата?
Меңзер артындағы әріпті жою әрекеті?
ІІ Келесі арал «Ертегілер» аралына келеміз
Бір күні сиқыршы компьютерді сиқырлап тастады. Ол оны компьютер кактусы деген кактусқа айналдырып, оны өзінің дүкенінің сөресіне қояды. Кактус бейнесінде болу компьютерге тіпті ұнамады, себебі мұндай әдеттен тыс келбетте ол ақпараттық процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Бақытына қарай дүкенде бір ақпейіл қыз жұмыс істейді. Ол компьютерге көмектескісі келеді. Егер ол этикетке дұрыс жазулар жазып, кактустың тікенектеріне ілсе, онда компьютер алғашқы қалпына келтіруге болатынын біледі. Өкінішке орай, бұл қыз информатика пәнін білмегендіктен, бұл сұраққа жауап бере алмады. Мүмкін сендер этикетке дұрыс жазу жазып, сиқыршыны бірге жеңе алатын шығарсыңдар?
1. Графиктік редакторда салынған суреттер бейнесін мәтіндік редакторға көшіру әрекетін ата?
2. Жазылған құжатты қағазға басып шығару үшін қандай әрекет орындаймыз?
3. Жазылған мәтіннің өлшемін қалай өзгертеміз?
4. Сөзді қалай белгілейміз?
5. Жазылған мәтінді қалай алдын – ала көреміз?
6. Жаңа құжатты қалай ашамыз?
7. Бұрын сақталған құжаттарды ашу үшін қандай әрекет орындаймыз?...
Достарыңызбен бөлісу: |