А. Иксодит және жайылым кенелері б. Даму сатыс

бет2/7
Дата27.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#160022
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
паразитология СӨЖ-2 Балауса
№3 СӨЖ Усен Аида

Кенелердің бұл тұқымдасының денесі ірі жəне біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауыш, екі хелицер (жоғарғы жақ) жəне бір гипостом (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің қармалауыштары сезім қызметін атқарады, олардың көптеген сезімтал талшықтары бар. Қармалауыштарының көмегімен кене жануарлар терісіне жабысатын жерін тауып алады. Қармалауыштар арасына өткір тістерімен қаруланған хелицерлер орналасқан, олардың көмегімен кене теріні тесе алады. Хелицерлердің астыңғы жағына гипостом орналасқан, оның үсті тікен тəрізденіп иректелген, солары арқылы кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні əртүрлі.

Денесі-идиосома, кененің даму сатысына жəне қанға тою дəрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин қалқаншасы (скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының алдыңғы жағын, ал еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір кенелердің алдыңғы жағында қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері болады. Денесінің іш жағында, төртінші аяқтарынан төменірек торлы табақшалар - перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері-стигмалар орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш жағында жыныс жəне артқы тесіктері орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай (диморфизм). Аш ұрғашы кененің дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап үлкенірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет