А. Иксодит және жайылым кенелері б. Даму сатыс


Кейбір өңірлерде қойды қысқы жайылымдарға жəне одан қайтқанда теміржолмен немесе машиналармен тасиды



бет5/7
Дата27.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#160022
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
паразитология СӨЖ-2 Балауса
№3 СӨЖ Усен Аида

Кейбір өңірлерде қойды қысқы жайылымдарға жəне одан қайтқанда теміржолмен немесе машиналармен тасиды.

Мал қораларында қалып қоятын Hyalomma anatolіcum, H.detrіtum жəне H.scupense сияқты кенелерді жоюдың маңызы зор. Бұл кенелер мал қораларында қыстап, қыс пен көктемде малға жабысып қанын сорады. Бұл кенелерді жою үшін - олар тығылатын саңлауларды құмға цемент араластырып тығындап, кеміргіштердің інін бітеу, сондай-ақ қора маңындағы өсімдіктерді отап тастау шарт. Сонан соң қораны аэрозольді акарацидтермен дəрілейді. Ол ұшін аэрозоль – 2 (хлорофос пен ДДВФ қосындысы- 9:1) 20 мл м3 мөлшерінде қораға, глак-ц-глутар альдегиді жəне циодрин негізінде жасалған баллондағы препаратты 50 мл мз есебімен шашады. Бұлардан басқа қораны дəрілеу үшін 1,5 % хлорофос, 0,2 % бензофосфат 200-400 мл м2 мөлшерінде қолданылады. Дəріленген қораларға мал енгізу үшін оларды 3-4 сағат желдетіп, оттықтарын тазалап, ыстық сумен жуу шарт.

Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді қыру

Акарицид дəрілерді жануарлар денесіне кене жабысардың алдында қолдану шарт. Ол үшін неғұрлым əсері ұзаққа созылатын дəрілерді таңдап алу керек. Бірақ əр препараттың кенелердің балапан кене, нимфа жəне имаго сатыларына тигізетін əсері əр қилы екенін ескеру керек.

Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің əсеріне төл жəне арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал екендігі белгілі. Күннің ыстығы да дəрінің теріден тез сіңуіне əсерін тигізеді. Сондықтан 3 айға дейінгі төлге, тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дəрі қолдануға болмайды. Уланудан сақ болу үшін малды күннің салқын кезінде дəрілеу шарт. Əрбір дəрінің əсерлі заттарының (өз) мөлшерін көрсеткен паспорты болуы керек. Онсыз дəріні қолдануға болмайды. Акарацид дəрілер улы болғандықтан оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау мерзімі жəне қолданылу мөлшерін мұқият тексеру қажет. Мал ауруларымен қатар адам ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес жүргізгенде кене денеге жабыспас үшін арнайы комбинезон кию, малмен жұмыс істігеннен кейін денені қарап шығу жəне т.б. сақтық шараларын қолдану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет