А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет29/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қуатбаев Күнсайын (1935, Алматы облысы Сарқант қаласы – 1991, Алматы) – композитор. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Республикалық «Мектеп», «Өнер» баспаларының муыкалық-ноталық басылым салаларында ұзақ жылдар қызмет етті. Оның «Аяулы ақ сұңқарым», «Таң сәріде», «Қарындас», «Таң самалы», «Шолпаным», «Күтемін», т.б. өлеңдерге жазған әндері халық арасына кең тараған. Қуатбаев «Музыка сауаты», «Музыкалық ойындар, әндер, билер», «Қоңырау», «Моншақтар» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әдістемелік оқу құралдарының, әндер жинағының авторы.
Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991) Композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Композиция класы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Мұхамеджановтың қаламынан ірі хорлық және вокальды - симфониялық, шығармалар, поэмалар мен сюиталар, камералық шығармалар, әндер, спектакльдер мен кинофильмдерге арналған әуендер туындады. Оның музыкалық шығармашылығының шоқтығы – «Айсұлу», «Жұмбақ қыз», «Ақан сері-Ақтоқты» опералары, «Ғасырлар үні», «Шаттық Отаны» симфониялары, әртүрлі аспаптарға арналған концерттер. С. Мұхамеджанов қандай жанрға қалам тартпасын, оның өзіндік көркемдік қағидасы, фольклормен байланысы, қазақ музыкасының лирикалық- эпикалық дәстүріне сүйенуі анық аңғарылып тұрады.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында
Байланыс түйін болып табылады.
С. Мұхамеджанов 1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған. 1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді. Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е.
Брусиловскийдің класында оқиды.
Оқу жылдарында композитордың негізгі көркемдік ерекшелігі – тамаша әуендік дарындылығы және ұлтымызға тән үнділігі байқалды. Консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка, мен фортепианоға арналған соната, қобызға, фортепианоға арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар. Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының шығармашылығында мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы. Бұл туынды жастар мен студенттерінің Бухаресте өткен Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ ССР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С. Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті.
50-60-шы жылдары, консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. 1964 жылы «Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды. С. Мұхамеджановқа вокалды жанрлар жақын. Бұл жылдары ол адамның дауыс мүмкіндігін толығынан пайдалануға тырысады. Ол Қазақстанның қазіргі өмірін, революция жетістігін, Советтік өмірді ашатын тақырыптарға көбірек жүгінеді. Вокалды-симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады. «Жас қазақ» әнін Ұлы Отан соғысы кезінде өз еркімен майданға аттанған композитор шығарған.
С. Мұхамеджановтың 30 жылдан астам шығармашылығы барлық негізгі жанрларды қамтыды, Қазақ музыка тарихына айтарлықтай үлесін қосты. Оның дарындылығы көркем шығармаларының әуезділігімен, кейіпкер бейнелерінің нақтылығы, бүкіл шығармашылығы толық гүлденіп ашылған лирикасынан байқалды. Еліміздің композиторлық шығармашылығы дамып, қатарына жаңа талантты ұрпақтар қосылды. Бұл жылдары С. Мұхамеджановтың музыкасы дәстүрлі музыкаға айналып, бізге 60-шы жылдарғы өнер үлгілерін есімізге салады және қазақтың профессионалды музыкасының жазба дәстүрінде ұлттық классикалық стильдің өз уақытында дамуына үлесін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет