А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі


Нүсіпбаев Ибрагим Нүсіпбайұлы



бет30/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Оқу құралы

Нүсіпбаев Ибрагим Нүсіпбайұлы (24.09.1922 ж. – 27.07.1987 ж.) Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген мәдениет қайраткері, халық ағарту ісінің үздігі, сазгер, педагог, дирижер, белгілі балалар композиторы, көрнекті қоғам қайраткері. Жетісудің Алатау бөктеріндегі, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе аулында 1922 жылы өмірге келген. Әкесі Нүсіпбай мен анасы Рабиға музыкадан дарынды адамдар болған, олар домбыраны жақсы тартатын және өлең айтатан. Халық музыкасына деген қабілеттері мен сүйіспеншілігін олар өзінің тұңғыш ұлы Ибрагимнің бойына дарытып, тәрбие берді. Отбасында балалар көп болды, олардың ішінде тек Ибрагим ғана Әміре Қашаубаевтың батасын алып, музыкант-әнші өнерін таңдады. Алматыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы №22 мектепті бітірген соң 1936 жылы ол Музыкалық-хореографиялық комбинатқа (қазіргі П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледж) хореография бөліміне оқуға түседі. Оны 1940 жылы ойдағыдай бітіріп, Абай атындағы МАОБТ-да балет әртисі болып істейді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Мұхтар Әуезов, Михаил Жаров, Күләш және Қанабек Байсеітовтер, ағайынды Ришат және Мүслім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Роза Бағланова секілді көрнекті өнер қайраткерлерімен бірге жаралы жауынгерлерге қызмет еткен концерттік бригадаға қатысқан.
Бір мезгілде театрдың опера және балет қойылымдарына қатысып, Галина Улановамен бірге биледі. Олар Б. Асафьевтің (Бақшасарай фонтаны) балетінде Гирей хан мен Марияның ұмытылмас бейнесін жасады.
1951 жылы Мұқан Төлебаев пен Ахмет Жұбановтың кеңесімен қайтадан П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің вокалдық бөлімінің студенті болады және бір мезгілде Абай атындағы МАОБТ-да жұмыс істейді.
Ол сахналық және вокалдық дарыны мен жұмысқа қабілеттілігінің арқасында Е. Брусиловскийдің, А. Жұбановтың, Е. Рахмадиевтың, Л. Хамидидың, Қ. Қожамьяровтың және әлемдік классиктердің операларындағы кейіпкерлердің тамаша және өшпес бейнелерін жасап, К. Кенжетаев, Е. Серкебаев, Ришат Абдуллин сияқты көрнекті артистердің қатарына іліге білді.
Сол кезде жастармен жұмыс істеп, әртүрлі ансамбльдер ұйымдастырады. Қазақ мектептерінде музыкадан сабақ береді және хор айтатын ұжымдар құрады, олар барлық үкіметтік шаралар мен концерттерге қатысады.
1972 жылы ол Алматының №4 мектеп-интернатында «Балдырған» атты атақты балалар ансамблін ұйымдастырады, қазір ол мектеп Ибрагим Нүсіпбаевтың атында.
Ол балаларға және жастарға арнап екі жүзден астам ән жазды. Оның көп әндері әлі де орындалып жүр.
Ибрагим Нүсіпбаев қазақ және орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің музыкалық бағдарламасына арнап фонохрестоматия жасады. Онысын 1987 жылы Бүкілодақтық «Мелодия» фирмасы күйтабақ етіп шығарды.
Қазіргі кезде оның әндері жалпы білім беретін, музыкалық мектептердің, сонымен бірге музыкалық колледждердің хор бөлімінің оқу бағдарламаларында кеңінен пайдаланылып жүр. И.Нүсіпбаевтың «Балапан әні», «Менің өлкем», «Дос болайық, бәріміз», «Мұғалім – ол біздің», «Ойыншықтар», «Жарқын жүзді ұстазым», «Домбырасыз сән қайда», «Гүлжазира Қазақстан» сияқты әртүрлі тақырыптағы жазылған әндерін балалар сүйсіне орындайды. Әндері жеңіл, сазды, әуенді, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктен туындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет