10.2. Дауыс жаттығу «Легато жоғары-төмен»
Сызық бойынша саусақпен бірқалыпты және асықпай жүргізіңіз және бір мезгілде дауысты «А», «О» немесе «У» дыбыстарын айтыңыз. Дауысты саусақтың қимылымен жоғары және төмен жүргізіңіз, созылыңқы және үйлесімді ән салыңыз.
10.3. Дауыс жаттығу «Нон легато жоғары-төмен»
Саусақтың сызығы бойынша бірқалыпты жүргізіңіз және «А», «О» немесе «У» әріптеріне дауысты көтеріп және төмендетіп, ән салыңыз, дыбыстау кезінде үзіліс жасаңыз (жеке, байланыстырмай). Үзіліс кезінде саусақты қағаздың сызығынан ажыратпаңыз, оны сызықтың соңына дейін бірқалыпты жылжытыңыз.
10.4. Дауыс жаттығу «Стаккато»
Саусақты әрбір нүктеге тигізіңіз және белсенді, үзікпен ән салыңыз. Дауысты дыбыстарға немесе «лё-лё», «динь-динь» буындарына, жарытлай жабық ауызбен айтуға болады.
Қайталау үшін сұрақтар
Хормен жұмыс жасау барысында дауыс жаттығуларын орындау рөлі неде?
Хордағы жаттығуларды орындатуда вокалды-хор жұмыстарының қандай талаптары болады?
Кіші хор ұжымымен жұмыс жасауде музыка мұғалімінің негізгі міндеттері қандай?
Дыбысты созыңқы шығаруда қандай дауыс жаттығуларын білесіз?
Анық артикуляция жасау үшін қандай жаттығулар түрін білесіз?
11. ИНТОНАЦИЯЛАУ (ӘУЕНДЕРДІ ТАЗА АЙТУ),
ПАРАЛЛЕЛЬДІ ТОНАЛЬДЫКТАР, АНСАМБЛЬ
Интонациялау - әуенді тұрақты басқыштарды негізге алып, сазына келтіріп, таза айту. Мажор әуезіне келтіру минор әуезіне келтіруден өзгеше болып келеді. Ол үшін әуенге сәйкес түзеу жұмысын жүргізу өте маңызды, мысалы: мажор үшін I–ІI–III басқыштарды айту, сол кезде III басқышқа көңіл бөлу қажет. Ол басқыш жоғары айтылады, бұл үлкен терция интервалы болып саналады. Одан кейін аккордтың негізгі дыбысын тұрақты басқышта айту керек. Минор әуезінде I–II–III басқышта айту, соған сәйкес III басқыш төмен айтылады, бұл кіші терция интервалы болып саналады. Одан кейін аккордтың негізгі әуенін тұрақты басқышта, минордың: натуралды, гармониялық, мелодиялық түрлерінде айту керек.
Мажор мен минор - музыкадағы кеңінен таралған әуез түрлері. Ашық, көңілді, ширақ, жарқын әуендер мажор әуезіне сәйкес келеді. Көңілсіз, мұңды әуендер минор әуезіне сай келеді. Минордың үш түрі бар: натуралды, өзгеріссіз естіледі; гармониялық, жетінші басқыш жарты тонға көтеріледі; мелодиялық, мұнда алтыншы, жетінші басқыштар жарты тон көтеріледі, төмен қарай натуралды минор сияқты түседі. Әуездің басты, тірек дыбысы (I басқыш) тоника деп аталады. Тоникада әуен аяқталады.
Сүйемелдеусіз ән айту хор өнерінің жетілдірілген түрі деп саналады. Онда дауыс сапасы мен қасиеті табиғи түрде көрінеді. Сүйемелдеусіз ән айту халықтық деп танылған, себебі, халық бұл ән айту түрін өте жақсы меңгерген, оны жоғары деңгейге көтеріп, әуезділігін байыта білді. Сүйемелдеусіз ән айтуда (a cappella) хордағы әншілерге де, дирижерге де үлкен талаптар қойылады. Аспаптың сүйемелдеуімен ән айтуға әркімнің мүмкіндігі бар, мұнда сүйемелдеуді негізгі тірек етіп аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |