А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


Ал, ақпараттық құзыреттілік



бет37/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Ал, ақпараттық құзыреттілік – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті, – деген тұжырым жасаймыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік» деген терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік – бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникацияны пйдаланып шешу қабілеті.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында: білім берудің барлық деңгейін ақпараттандырудың негізгі мақсаты мен міндетін, жолдары мен механизмдерін, бағыттарын анықтайтын көзқарастар жүйесі болып табылады, - деп көрсетілген.
Білім беруді ақпараттандыру бірнеше кезеңдерден тұрады:
I кезең: қазіргі ақпараттық технологияларды жаппай меңгеру – компьютерлік сыныптар ашу, оқытушылар мен студенттерді арнайы дайындықтан өткізу арқылы телекоммуникация құралдарын, интерактивтік жүйелерді, базалық деректерді, бағдарламалық құралдарды игеру.
II кезең: дәстүрлі оқу пәндеріне қазіргі ақпараттық технологиялар құралдарын белсенді түрде енгізу, білім мазмұнын қайта қарау, бағдарламалық жабдықтау, компьютерлік курстар.
III кезең: үздіксіз білім беруді түбегейлі қайта құру, қашықтан оқыту, оқытудың әдістемелік негізін өзгерту.
Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындарында білім сапасын арттыруда оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын бакалаврдан бастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жүйелілік, бірізділік ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, кәсіби біліктілігі жоғары, өз мамандығын сүйетін, түйінді құзыреттіліктерді меңгерген шығармашыл маман даярлау ісі жүзеге асырылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Педагогикалық технология түрлері?

  2. Дамыта оқыту технологиясы?

  3. Инновациялық технологияларға нелер жатады?

  4. Интеграциялық технология дегеніміз не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет