А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері тұжырымдалынған



бет51/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері тұжырымдалынған:

  • ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

  • азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  • белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  • білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру [1, 11 бап]. Бұл мәселе Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да назардан тыс қалмаған. Ол құжат бойынша жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру белгіленген [2].

Сол себепті, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа әдістәсілдердің өзегі кәсіби біліктілікпен қоса мәдениеттілікке және тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған. Түпкі мақсат – жүріс-тұрыс өлшемдерін жетілдіру арқылы нақтылы тәжірибе барысында, яғни студентке дербестік беру барысында жауапкершілікті сезіндіре алатын тәжірибелердің негізінде тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Сол ретте, университеттер жастарды тәрбиелеудің және дамытудың негізгі әлеуметтік мәдени тірегі болып табылады.
Мәдениеттіліктің рухани-өнегелік ұстанымы мейірімділік пен аяушылық, шыдамдылық пен сүйіспеншілік, ымырашылдыққа ұмтылумен және әділеттілікпен айқындалатын қағидаттары әр тұлғаның санасы мен жүрегіне жеткен болса, адамзатқа жат мәдениетсіздіктің ұстанымдарын біртіндеп ығыстыру арқылы өмірдің барлық саласында адамдар арасындағы қатынастарды айқындаушы сипатқа ие болады [3, 135 б.]. Олай болса, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіруге ерекше назар аударылуы қажет. Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік-мәдени орта студенттердің негізгі мәдениетін, оқытушылардың педагогикалық мәдениетін дамыту үдерісін қамтамасыз ететін әртүрлі жағдайды құруға мақсатты түрде бағытталған жиынтық ретінде қарастырылады.
Бұл бір жағынан, студенттің жеке ерекшеліктері мен қызығушылығына сай айқындалатын әлеуметтік-мәдени кеңістік. Дегенмен екінші жағынан, бұл – педагогикалық ықпал ету аясы, яғни студенттің тұлғалық қасиеттерін дамыта түсетін педагогикалық жағдайды жасау.
Білім беру мекемесіндегі орта – Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру үлгісінің талаптарына сай болашақ мамандарды оқыту және тәрбиелеуге қажетті жағдайларды қамтыған әлеуметтік макрокеңістіктің бір бөлігі.
Жоғары оқу орындарындағы қазіргі әлеуметтік-мәдени орта білім беру кеңістігіндегі қатысушылардың қызметін жүзеге асыруға бейімделінген жағдайдың жиынтығы ретінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • тұлғалық қызығушылықтарды, қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік туғызу;

  • әлеуметтік өзгерістерге бейімделу үшін жағдай жасау;

  • мінез-құлық үлгілері мен құндылықтарды қалыптастырушы құрал ретінде болу;

  • мекеменің даму болашағын айқындау. Әрине, студентті таңдаған болашақ мамандығына икемдеу басты орында тұрғаны абзал. Ал, тәрбие мәселесі студенттің мамандығымен үйлесіп дамыса, олар тек бір-бірін толықтыра түседі. Соның негізінде «көзі ашық көкірегі ояу» азамат тәрбиелеуге ұмтылу қажет.

Студенттердің білікті маман болып қалыптасуына қатысты белгілі дипломат Қ. Исағалиев өзінің «Өмір шуақтары» атты еңбегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінде кезінде Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, яғни белгілі дипломат Қ. Тоқаев бастаған бірқатар дипломаттардың дәріс беріп, өздерінің дипломатия саласындағы мол тәжірибелерімен бөліскендігі жөнінде жазады [4, 363 б.]. Бұл студенттердің білімін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ұштастыруы, сонымен бірге дипломаттардың біліктілігі мен мәдениеттілігі әр студентке тәрбиелік жағынан оң әсер қалдырады.
Жалпы, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіру – түлектердің жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілігін инновациялық қызмет ретінде қамтамасыз етуге бейімдеу арқылы жүзеге асырған жөн. Қоғамның, мәдениеттің және білім берудің қазіргі даму барысында педагогикалық қызметтердің инновациялық бағыттарының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет