А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет24/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Бақылау сұрақтары:
1. Жоғары білім мазмұны қалай түсіндіріледі?
2. Жоғары білім мазмұнының мəнін анықтауға байланысты теориялық бағыттар қандай?
3. Жоғары білім мазмұнын іріктеу негіздері қандай?
4. Жоғары білім стандартының міндеті неде?
5. Жоғары білім стандартының негізгі бірліктерін атаңыз
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. - Алматы, 2009.-240 б.

    2. Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов пед. специальностей. /Хан Н.Н., Калиева С.И., Жексенбаева У.Б., Колумбаева Ш.Ж., Калиева Г.И., Берикханова А.Е./ - Алматы, 2010. - 243 с.

    3. ҚР «Білім туралы» заңы // Егемен Қазақстан, 27 шілде, 2007 ж.

    4. Мамандыққа кіріспе. Рувинский Л.Н. Алматы. 1991ж.

    5. Мижериков В.А., Введение в педагогическую деятельность. -М., 2005.


Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру
Жоспар:
1.Кредиттік оқыту жүйесінің мәні. Жоғары мектепте кредиттік технологиямен оқу процесін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.
2. Кредиттік технологиясымен оқытуда оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері: студенттердің жеке жұмыс істеуін арттыру.
3. Кредиттік оқыту технологиясын ұйымдастыру ұстанымдары. Блум таксономиясы.
4. Кредиттік технологиямен оқытуда студенттердің таңдауларын кеңейту. Жеке оқыту траекториясы құру
1.Кредиттік технологияның негізгі ережелері.
Кредит технологиясын оқыту - білім беру ұйымы бекітетін, бекітілген кредиттер шеңберінде білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастыратын таңдау бойынша құрамға енген оқу пәндерінің тізбесі (пәндер бойынша курстар).
Оқу үрдісін ұйымдастырудың басты мақсаты:

  • білім көлемін анықтау;

  • оқушылардың жекелік жағдайын жақсарту;

  • оқушылардың езіндік рөлі мен тиімділігін күшейту;

  • оқытушылардың оқу жетістіктерін нақты бақылау үрдісінде анықтау.

Кредиттік оқыту технологияларда оқу жұмысының еңбекшілдік есебі оқытылатын материал көлемінде өткізіледі, кредиттарда. Әрбір тәртіптін көлемі кредиттарда, типтік оқу жоспары және мемлекеттік жалпы білім стандарттарымен анықталады.
Кредит - студенттердің оқу жұмысының көлемін бірлікпен есептеу.
Кредит (Сгеdit, Credit-hour) - білім алушының оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин.) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин.), магистранттың, докторантың 6 сағат (300 мин.) өзіндік жұмысымен қоса беріледі.
Бір оқу кезеңінің академиялық көлемі - 15 апта. Бір жылдық академиялық көлемі 38 апта (немесе 2 кезең), олардың 30 аптасы теориялық оқылымы, 4-кем емес студенттің қорытынды бақылауы, 2-қысқы демалыс кезеңі, 9-16 жазғы апта демалыс кезеңі.
Академиялық сағат саны 1 байланыс (50 минут) дәрістік, практикалық, (семинар) сабақтары және 1,5 байланыс уақыты (75 минут) студиялық пәндер, 2 байланыс сағаты (100 минут) зертханалық және дене мәдениеті сабағы бойынша немесе 1 оқу, 2 педагогоикалық және 5 өндірістік тәжірбие сағатына тең келеді.
Оқу жылының академиялық көлемі 6 аптаға созылған жазғы кезең арқылы көбеюі мүмкін. Бакалавриаттың оқыту мерзімінің академиялық көлемі 60 оқу пәнінен тұрады, магистратурада 18 оқу тәртібі. Оқу траекториясы мен пәндер тізбесі каникул кезінде әр студентке анықталып 2-5 курс, магистрлар 2 курс, жеке оқу жоспарында көрсетіліп, 1 курс студенттер мен магистранттарға - 10 қыркүйекке дейін. Жеке жұмыс жоспарын оқу жылы ішінде өзгертуге болмайды. Жеке жұмыс жоспарын декан немесе оқу жұмыс жөніндегі деканның орынбасары бекітіліп, деканатта сақталады: магистранттарды – ғылыми жетекшілер қылып бекітеді, кафедра меңгерушілері және декан, 1 данасы кафедрада сақталады.
Бакалавриатта оқыту кезеңінде максимальдық академиялық көлемі – теориялық оқытудың 129 кредитін құрайды, сонымен қатар практиканың 6 кредитінен кем емес, дайындыққа 2 кредиттен кем емес дайындық, диплом жұмысын (жобасын) жазу мен қорғау және мамандық бойынша дайындыққа және мемлекеттік емтиханды тапсыруға 1 кредиттен кем емес.
Ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша – 59 кредиттен кем емес, оның 42 кредиті теориылық оқытуға кетеді, практикаға 6 кредиттен кем емес, ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредиттен кем емес.
Бейіндік дайындық бойыннша магистрлерді дайындау бойынша – 28 кредиттен кем емес (1,5 жыл оқу мерзімі), оның 18 және 36 кредиті теориялық оқытуға қатысты болады, практикаға 2 және 4 кредиттен кем емес, сараптамалық-зерттеу жұмысына 4 және 4 кредитінен кем емес.
Философия докторларын дайындау кезінде (РhD) – 75 кредиттен кем емес, олардың ішінде 36 кредит теориялық оқытуға арналған, соынмен қатар 6 кредиттен кем емес және докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысына 28 кредиттен кем емес сағат беріледі.
Құжаттар 2-5 курс студенттері үшін, 2 курстың магистранттары үшін, 2,3 курс докторанттары үшін жазғы кезеңде бекітіледі; 1 курстың студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін 10-қыркүйекке дейін жасалады. Жеке оқу жоспарына өзгеріс енгізу оқу жылы ішінде жасалмайды.
Студенттердің жеке жұмыс жоспары (ЖЖЖ) деканмен бекітіліп, деканатта сақталады, АИС «Platonus»; «Tamos University Suitev.1.9». Магистранттардың ЖЖЖ ғылыми жетекшімен, кафедра меңгерушісімен және деканмен бекітіледі, кафедрада, «Platonus» сақталады.
Кредиттік технология бойынша оқыту оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) арқылы жүзеге асырылып, студентке демалыс кезінде беріледі. Оның ішінде оқу жоспарындағы әр пәнге жеке сипаттама жасалады. ОӘК екі бөлімнен тұрады: оқу бағдарламасы және тәртіп бойынша оқу-әдістемелік материал:
1. Оқу бағдарламасы (Syllabus): Оқытушылар туралы деректер; пән туралы деректер; оқу жоспарынан көшірме; пререквизиттер; постреквизитер; курстың қысқаша суреттемесі; пән бойынша тапсырмалар; әдебиеттр тізімі; білімді бағалау бойынша ақпарат; курс саясаты (әкімшілік талап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет