Байланысты: А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
Пәннің сипаттамасы (Course Description) – пәннің мақсаты, міндеті және мазмұны кіретін (5-8 сөйлемнен тұратын) пәннің қысқаша сипаттамасы болып табылады.
постреквизиттері (Postrequisite) – осы пәнді оқу кезінде алынатын білімдерін, дағдылары мен ептіліктерін талап етеді;
пререквизиттері (Prerequisite) - осы пәнді оқу кезінде алынатын білімдерін, дағдылары мен ептіліктерін талап етеді;
2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар: Курстың тематикалық жоспары; лекция тезистері; практикалық сабақтардың жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстардың тақырыптарына әдістемелік нұсқаулар, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстардың тақырыптары (СОӨЖ); дәріс алушының білімін бағалау және бақылау материалдары болып табылады. Аралық бақылауды өткізуге арналған тест тапсырмалары.
ОӘК университеттің кітапханасынан алу қажет сонымен қатар «Platonus», «TAMOS University Suitev.1.9» бағдарламаларында бакалавр және магистратураның әр мамандықтары бойынша электрондық кітапхана бар.
Әр дәріс алушыларға берілетін анықтама кітапшасы оған жаңа оқу жүйесіне бейімделуге мүмкіндік береді, оқу үрдісін жоспарлауға көмектеседі, жаңа ақпаратты өз бетінше іздестіруге ықпал етеді. Анықтама кітапшада:
оқу мерзіміне арналған жұмыс оқу жоспары;
кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудағы негізгі ережелері;
студенттердіңі орташа балын есептеу әдістемесі (GРА);
студенттер мен магистранттардың құқықтары мен міндеттері;
кредиттік білімді алу шарты;
кітапхананы қолдану ережесі;
қосымшада телефон анықтамасы, ЖОО әкімшілігінің ғылыми дәрежелері мен аттары, академиялық күнтізбе, студенттің жеке жоспарына формасы, дәріс алушының тіркелуі, МАБ жүргізу ережесінің көшірмесі және өтініштерді жазу үлгілері.
Оқу үрдісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету кафедралар арқылы жүзеге асырылады:
- әр пән бойынша оқу жоспары, аудиториялық жұмыстар үшін материалдар, соның ішінде тезистер, семинар сабақтары;
өзінді жұмыс жасауға қажет әр пән бойынша оқу жоспары, соның ішінде әр пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттықтырғыш тестер, бақылау тапсырмалары, емтихан сұрақтары;
практика өту материалдары, соның ішінде практика бойынша есептік құжаттар.
Студенттерді курстан курсқа академиялық ауыстыру орташа өту балына сай жүргізіледі, ол оқу курсына да байланысты болады. Белгіленген GРА-ді толық жинай алмаған студент қайтадан сол курсты оқиды. Қайталанған курсты қаржыландыру студенттіңықыласы арқылы жасалады.
Студенттер мен магистранттарды оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен іске асады.
Төмендегі себептерге байланысты оқудан шығарылады:
студенттің университет ректорының атына өз еркімен жазған
өтініші негізінде;
оқытушының бір ЖОО екінші ЖОО-ға ауысуы;
ЖОО жарғысын бұзуы (соның ішінде: Ішкі тәртіп туралы Ереже);
ЖОО шығарылған дәріс алушыларға академиялық анықтамасы (транскрипт) беріледі. Жоғары оқу орнынан оқудан шығарылған білім алушы, кез келген жоғары оқу орнына қылмыстық жауапкершілікке байланысты әкеп соғатын орын алған жағдаларды қоспағанда, егер олар бір академиялық кезеңді ойдағыдай аяқталған болса, кез келген мамандыққа мерзімі мен оқудан шығарылған себептеріне қарамастан қайта оқуға қабылдануы мүмкін.
Оқу пәніне жазылу (Enrollment) – оқу пәндерін білім алушылардың алдын ала жазылу процедурасы.
Оқу үрдісін жоспарлау типтік, жұмыс және жеке жұмыс жоспарларымен жүзеге асады.
Типтік оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінде бекітіледі, оның құрамында міндетті пәндер тізбесімен студенттердің таңдауы бойынша жасалған пәндер жиынтығы, кредиттер саны кіреді және практиканың мерзімі мен түрлері белгіленеді.
Жұмыс оқу жоспарын (ЖОЖ) ЖОО ректоры бекітеді, оның құрамында кредиттер саны көрсетілген міндетті компонент пен таңдау компоненті көрсетіледі.
Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) факультет деканы бекітеді және ол әр студенттің білім беру шеңберін анықтайды. Жеке оқу жоспарын өңдеу оқу жоспары және таңдамалы пәндер каталогы негізінде эдвайзердің басшылығымен жүзеге асады. Білім беру траекториясын жоспарлау оқу жылы барысында жүзеге асады.
ЖОО-да таңдалған пәндер бойынша (ТПЖ) жүйелі түрде жасалған аңдатпасы берілген, оқыту мақсаты нақты жазылған, арнаулы тараулар бойынша қысқаша мәлімет берілген, оқу барысында пайда болған (ұғымдар, дағдылар мен құзырлықтары) көрсетіледі. Әр пән бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер белгіленеді. ЭПК студенттерге элективті пәндерді таңдауға мүмкіндік береді.
Жеке оқыту жоспарларын (ЖОЖ): үш данада рәсімдеуді тіркеуші жүргізеді, студенттердің өтініштері бойынша топшалар қалыптастырылып таңдамалы курстар тиімділігі анықталады. Өзінің білім алу траекториясын жоспарлау эдвайзердің көмегімен жасалынып, студенттің қолына әр пәннің оқу-әдістемелік кешен беріледі. Бір пәнде бірнеше тьютор оқыса, студентке тек пәнді ғана емес, сонымен бірге оқытушыны да таңдау мүмкіндігі туады.
Тіркеу офисі бекітілген жеке оқу жоспарлары және студенттер саны негізінде академиялық ағындар мен оқу топтарын және топшаларын құрастырады. Жеке оқу жоспарлары негізінде тіркеу офисі ағымдағы оқу жылының сабақ кестесін және кеңес кестесін жасайды.