Ой шабуыл әдісі
«Ой шабуыл белсенді ойлау мен іс-әрекет жасаудың дағдысын қалыптастырады»
Ғыламда мидың пайдалы іс-әрекеті коэффицентін арттырудың түрліше әдістері жасалуда. Мамандардың есептеуі бойынша, адам миының бар-жоғы жеті пайызы ғана қызмет атқаратын болып келеді. Бұған жататындары: әлеуметтік-психологиялық тренинг, синектика, аутогендік жаттығу, морфологиялық анализ, іскер ойындар, ой шабуыл т.б.
Ой шабуыл –– белсенді оқытудың, басқарудың және зерттеудің әдістерінің бірі. Ол мидың белсенді жұмыс істеуін, шығармашылық пен жаңартпашылық процестерді қалыптастыруды негіз етеді.
ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде америка маманы А. Осборн кеме Кеңесінде «алғадайлар (камикадзелер) отырған торпедодан әскери кемелерді қалай қорғауға болады» деген проблеманы шешуде осы әдістің негізін салды. Соның негізінде түрліше идеялар туындап, соғыстан кейін осы әдістің ой әлеуетін арттыратын қасиеті ой шабуыл артықшылығын мәлім етіп, әуелі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, одан кейін Жапонияда қолға алынды. Шығармашылық ықпал мен өнімділікке негізделген тәсіл ТМД аймағында да өз қолданысын табуда.
«Ой шабуыл» әдісін төмендегідей негізде қысқаша атап көрсетуге болады.
Ой шабуылды жүргізуші белгілі бір проблеманы қатысушылардың алдына қойып, талқылау барысында өздерінің пікірін жалтақтамай ашық айтуларын талап етеді. Жүргізуші қатысушылар аузынан шыққан жаңашыл ойлардың бәрін жазып отырады. Барша ой айтылып болғанша ешқайсы талқыланбайды, сыналмайды. Кейінірек арнайы мамандар арасында ой сарабынан өткізіліп, байыпталады.
№12 дәріс. Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Жоспар:
1. «Білімдендіру технологиясы», ұғымының мәні. «Технология», «Оқыту технологиясы», «Педагогикалық технология» ұғымдарына әр түрлі тұрғыдан анықтама беру.
2. Оқыту технологиясы мен дидактиканың өзара байланысы. Дидактикалық технологияның деңгейлері.
3. Қазіргі педагогикалық технологиялардың негізгі сапалық ерекшеліктері.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» [1].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім бересіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген сөзі бүгінгі білім беру жүйелеріндегі оқу-тәрбие үдерісінде заманауи оқыту технологияларын тиімді қолдану арқылы білімі мен біліктілігін арттырудың өзектілігін көрсетеді.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Заманауи технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан жаңаша түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі таңда студенттерді оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне қарқынды түрде іздеу мен енгізу жүргізілуде. Сондықтан, заманауи оқытушының өз алдына қоятын негізгі тапсырмалары келесідей болуы керек: оқытуды интерактивті түрде жүргізу; студенттердің оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру; оқу үрдісін күнделікті өмірдің дағдыларына жақындату, соның ішінде: коммуникация шеберліктерін қалыптастыру, өмірдің тез өзгермелі жағдайларына бейімдеу, әлеуметтендіру, психологиялық сабырлықты арттыру, шиеленістерді басқару әдістеріне үйрету және т.б.
Сонымен, сапалы білім беру жүйесінің міндеті - студенттердің оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқытудың бірінші курстарынан бастап өз бетімен білім алуға үйрету, сонымен қатар ғылыми ізденістерге шақыру. Ол үшін студенттердің білім алу мен болашақ мамандықты игеруінің психологиялық ойлау жүйесін бірінші курста-ақ баптау керек. Студент болашақ маман ретінде әлеуметтік және кәсіби шеберліктерді игеру арқылы оларды болашақ қызметтерінде қалай пайдалану керектігін түсінуі керек. Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп, солардың кейбір түрлеріне тоқталып өтейін:
Достарыңызбен бөлісу: |