2. Оқытудың инновациялық әдістері.
Оқытудың инновациялық əдістерінің классификациясы мынадай топтарға бөлінеді:
1. Қатысушы саны бойынша;
2. Ұйымдастыру жері бойынша;
3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;
4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;
5. Компьютерді қолдану принципі бойынша. Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық. 1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада жəне диада болып бөлінеді.
Ұйымдастырылған жері бойынша: аудиториялық және аудиториялық емес(жолсапарлы және экскурсиялық.
Оқу-танымдық қызметі бойынша: имитациялық(ойын және ойын емес) және имитациялық емес
Ойын түріне:
Оқу ойын
Іскерлік ойын
Ойынның жағдайы
Белсенді режимдегі тренинг
Ойын рәсімдері мен әдістері
Ойын емес түріне:
Case-study
Триз
Имитациялық емес:
Мәселе бойынша дәріс, дәріс-пресс-конференция
Іскерлік ойын
Ойынның жағдайы
Белсенді режимдегі тренинг
Ойын рәсімдері және әдістері
«Миға шабуыл» әдісі.Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді.
Бұл әдістің негізгі міндеттері:
Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау;
ғылыми немесе оқуға қатысты мәселелерді шешу;
студенттердіңшығармашылықойлауындамыту;
ынтымақтастықтыдамыту.
Миғашабуыл – топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларын өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті.
Бұл әрекет жүргізуші тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.