А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет32/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқытудың дәстүрлі әдістеріне тоқталыңыз ?

  2. Көрнекілік әдәстәі ерекшелігі ?

  3. Оқытудың инновациялық əдістерін атаңыз ?

  4. «Миғашабуыл» әдісінқолдануережелері ?

  5. CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын қабілеттерді атаңыз ?



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Торманов Н.Т. «Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері», Алматы 2016

  2. Ә.Қ. Мыңбаева, А.Б.Айтбаева, Ә.М. Құдайбергенова, «Жоғарғ мектеп педагогикасы негіздері», Алматы 2016

  3. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства.- М., 2013

  4. Т.Қасымбаева, Л.Аманжолова, Т.Əкімов, Р. Сəтімбекұлы “Тіршіліктану” Алматы 2002

  5. Қуандықов.Е.Ө., Əбилаев.С.А., Медициналық биология жəне генетика, Алматы, 2006ж.

  6. Н.Торманов, Н.Т. Абылайханова, «Биологияны оқытудың инновациялық әдістемелері», Алматы 2013

11 дәріс. 11 апта. Болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың белсенді әдістері мен түрлері


Жоспар:
Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен түрлерін пайдаланудың концептуалдық негіздері.
Оқытудың белсенді түрлеріне жалпы сипаттама.
Инновациялық оқыту түрлері мен әдістері: ой арқылы шабуылға шығу. Жобалау әдісі, swot- анализ, матрица әдісі, және т.б. Қашықтан және аралас оқыту.
Оқыту әдістерін тиімді пайдалану үшін шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы студенттердің пәрменді ойлауын дамытудың негізі болып табылатын әдістеме теориясының тірегі-әдістерді анықтап алу басты міндет. Мысалы, анализ әдісі-ойлаудың логикалық тәсілі, ал синтез-таным деңгейін көтеру әдісі. Синтез-талдау барысында бөлшектеген ұғымдарды жинақтау, біріктіру деген сөз. Студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеудегі білімдерін өзіндік таным тұрғысынан жинақтауға жетелейді. Сондай-ақ, шығармашылық пен жұмыс істеу әдістемесінде индуктивті-дедуктивті, эксперимент әдісі, салыстыру, қатысымдық, проблемалық, жаттығу, интерактивтік әдістер қолданылады. Салыстыру әдісі - дамыта оқыту технологиясының белсенді әдістерінің бірі.
Сабаққа іріктелген жаттығу, тапсырма, ойындардың шығармашылық сипатта болуы өте маңызды. Оның маңыздылығы: студенттер үшін практикалық құндылығының болуы; студенттер өмірімен байланысты болуы; олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалуы; студенттердің қызығушылығын туғызуы; оқытудың практикалық мақсаттарына сай болуы керек.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару оқытушылар алдындағы міндет болып табылады. Сондықтан қазіргі білім берудің ұлттық моделіне өту- оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс- әрекетпен қаруланған психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл оқытушы ғана мақсатқа жете алады.
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңде әлеуметтік,мәдени ортадағы білім беру әрекетінің нәтижесі.
Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:
1 Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау.
3. Теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру.
4. Студенттердің ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.
5. Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
6. Студеттің білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Студетке ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Студеттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Студеттің өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Студеттің танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет