ХИМИЯДАН ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Шарипбаева М.С.
Сарқан ауданы,Аль-Фарби атындағы орта мектебі
Ғылыми жетекші: Қоянбекова С.Б І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университеті, Талдықорған қ.-сы
barieva010@mail.ru
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде.Қазақстан Республикасы соңғы жылдары өзінің ғылыми-техникалық,экономикалық,ресурстық және әлеуметтік даму деңгейін жеделдету үстінде Қазақстандық мұғалімдер сьезінде Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы –бүгінгі жастар.Сіздер оларға қандай білім бересіздер ,қазақстан сол деңгейде болады »- деген сөзінде үлкен мән жатыр және зор міндеттерге итермелейді.
ҚР қазіргі кездегі білім беру жағдайын талдай келіп,көптеген өзгеріс туғызатын процестері атап өтуге болады.Олар:
Жаңа білім беру стандарттарының,бағдарламалардың,оқу-әдістемелік кешендердің құрылуы;
Кәсіби дайындықты мекемелердің ашылуы;
Кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын, лицей,гимназиялардың құрылуы;
Осымен бірге жаңа адамды даярлайтын орта мектептер болып табылады. Яғни, «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.Осы жаңа адамды орта мектепте тәрбиелеу-оқыту оқушының орындайтын өздік жұмысынсыз іске асыру мүкін емес.Сондықтан соңғы жылдары республикамызда оқушылардың оқу – таным әрекеттерін белсендіру,яғни сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың өздік жұмыстары арқылы оқу процесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіру, мәселелік оқыту мен ұйымдастыру жайында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді, мәселен, И.Нұғыманов, Ж.Қараев, Р.Әлімқұлова,Н.К.Ахметов, Ш.Таубаева, Г. Нұрғалиева, А. Әбілқасымова, Т. Сабыров, З. Ибрагимова, Ғ. Құсайынов, А. Дайрабаева және басқалардың еңбектерінде осы бағыттар сараланған . Педагогикалық-психологиялық анықтамаларда өздік жұмысқа төмендегідей анықтама беріледі: Өзіндік жұмыс - оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қолдану тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекеті.
Химия пәнін оқыту процесінде белсендіру оқушының білмеуден білуге қарай даму танымы арқылы қалыптасады. Психологтардың пікірі бойынша, оқушының таным процестері - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психологиялық құбылыс. Әрине білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – әртүрлі қиыншылықтар. Бала білмеуден білуге қарай қадам басқанда, түрлі қиыншылықтар мен қиындықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы жүзеге асады.
Жалпы оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
оқушылардың өздік жұмыстарын жоспарлау,
әдістемелік қамтамасыз ету,
бақылау және орындалу бағасы,
талдау және жетілдіру.
Оқушының өздік жұмысына яғни білімін толықтыруға ұйымдастырушылық қабілеті (жұмысты жоспарлай білу, уақытты бөлу, жоспар жасау, конспектілеу), ой дербестігі (материалды таңдау, жүйелеу, салыстыру, өз бетінше қорытындылау), әрекет дербестігі жатадыі. Өздік жұмыстар оқушылардың өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.
Химия пәнінен өздік жұмыс арқылы білімді меңгерге оқушылардың ғылыми әдебиеттерді талдаыу, пікір білдіру, түйінді тұжырымдарды жинақтап конспект жасау, ғылыми теорияға қатысты мәселелерді қысқаша түрде сараптап тезис құрастыру, баяндама жасау, реферат дайындау, т.б. жұмыс түрлері ұсынылады.
Дұрыс ұйымдастырылған өздік жұмыс оқушылардың танымдық қызығушылығын тудырып, өз бетімен жұмыс істей алу қабілетін нығайтуға көмектеседі. Берілетін тапсырмалардың теориялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалуы, қойылатын талаптардың оқушылардың жас ерекшелігіне сай лайықталып берілуі жоғары нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
Орта мектептердегі өздік жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушыларды оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Білім беру жүйесінде әр пәннің өздік ерекшеліктері өзіне тән қиыншылықтары болады. Оқушының сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін, әр пән оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн
Оқушылардың химия пәнінен өздік жұмысын жүргізу барысында мынадай білімділік дағдылар іске асады:
1. Химия пәнінде өткен материалдарды бекіту, нығайту;
2. Шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру;
Химия пәнін оқытуда өздік жұмысты сабақтың кез келген уақытында беруге болады:
жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде;
қайталау сабақ кезеңінде;
сабақты бекіту кезеңінде.
Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстанған абзал.
Орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талапқа сәйкес болуы.
Өздік жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытуы.
Өздік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы.
Әрбір өздік жұмыс тексеріліп, бағаланып отырылуы керек .
Химия пінінен өздік жұмыстарды орындағанда модульді сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін :оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиеттерді талдау, кесте, сызбанұсқалар, суретті иллюстрациялар мен жұмыс істеу принциптерін, техникалық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады.Модульді сызбанұсқаларда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әр түрлі бақылауларды қолданылады. Олар: өзін өзі тексеру, мұғалімнің тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы білім олқылықтары, модульді игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өздік жұмыстарды орындау арқылы мүмкіндігінше білім алады. Өздік жұмыстарды игеру жолдары 1 – сызбанұсқада берілген.
1-сызбанұсқа . Өздік жұмыстарды модульдік технология арқылы игеру жолдары
Модульдің сөйлесу бөліміндегі орындалатын өздік жұмыстар
Оқу материалын оқушыларға беру кезіндегі орындалатын өздік жұмыстар
Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз
ететін деңгейдегі өздік тапсырмалар дайындау
Оқушылардың пәнге қызығутлылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық өздік жұмыстар
Оттегі тақырыбына ,дайындалған өздік жұмыстарды орындау модулінің құрылымы төмендегідей.
Тақырыбы: «Оттегі».
Модульдің жалпы құрылымы
№
р/р
|
Модульдің құрылымы
|
Сабақтың реті
|
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
|
Орындалатын өздік жұмыстар
|
1.
|
Кіріспе
|
1-сабақ
|
1-Дәріс. Оттектің жалпы сипаттамасы, табиғатта кездесуі. Оттекті алу Химиялық эксперимент Зертханада оттекті алу .
|
Қосымша әдебиетпен жұмыс.Оттегі тақырыбына реферат дайындау.
|
2-сабақ
|
2.Дәріс. Оттектің қасиеттері.Тірек-сызбалармен жұмыс
|
Жаттығуларды орындау
|
|
Диалогтық бөлім.
|
3-сабақ
|
Сарамандық жұмыс. Оттек
алу және оның қасиеттері.
|
Оттегі тақырыбына эссе дайындау
|
4-сабақ
|
«Брейн-ринг» сайыс ойыны
|
Топтық тапсырмаларға дайындалу
|
|
Қорытынды
|
5-сабақ
|
Оқу материалдары бойынша жеке-дары жұмыс
|
Оқушы деңгейі бойынша тапсырма орындау
|
6-сабақ
|
Бақылау жұмысы
|
Жаттығлар мен есептер шығару
|
Бұл әдіспен жұмыс бастаған алғашқы жылы мұғалім сабақтардың құрылымын, формасын және мазмұнын өзгертеді. Мұғалімнің өз рөлі де түбегейлі өзгереді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқарып қана, оқушылардың өздік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады. Мұғалімге оқушылардың белсенді оқу қызметін ұйымдастыру формаларын мұқият ойлап, өзірлеуге тура келеді. Ұйымдастырушы, кеңесші, рөліне көшу мұғалімнен өзінің сана-сезімін, оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл-ой қуатын қайта құруды талап етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2004 ж. – 19 наурыз // Егемен Қазақстан. – 2004. – 20 наурыз.
2. Абдуахитова Озатгүл. «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру».,// Қазақстан мектебі. № 11-12. 2005 ж. 29-30 бет.
3 .Бейсембаева Зәмзия. «Өзіндік жұмыс- кәсіби біліктіліктің көзі». // Бастауыш мектеп., 2002, №5, 14 -16бет.
4. Есипов Б.П. Самостоятельные работы учащихся на уроке., Москва, Педагогика, 1961 г. 5.Р.Есеева «Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудағы ролі». // Қазақстан мектебі., 2005, №5, 22-24бет.
6. Т.Қоқымбаева. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. // Бастауыш мектеп. 2001, №3, 14-16 бет.
7.Источник: http://баяндама
Достарыңызбен бөлісу: |