1.58 Стандарт
« Тұнбаларды, экстракты пайдалану »
Мақсаты: емдеу
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайыны
Дайында: дәрі-дәрмектер, белгіленген мензурка немесе ас қасық,
десерт қасық, шай қасық, дез ерітінді
Алгоритм:
1. пациентке шараны түсіндіру, дәрі туралы ақпарат беру
2. дәрінің жарамдылығын тексеру
3. қолға деконтаминтация өткізу (гигиеналық деңгейде
4. мензуркаға дәрінің керекті тамшысын санап түсіру
5. аз мөлшерде су қосу
6. пациентке ішкізу
7. пайдаланған мензурканы дез ерітіндіге малып қою
1.61 Стандарт
« Көзге тамшы тамызу »
Мақсат: емдеу
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайыны
Керекті құралдар: стерилді лоток, пипеткалар, марля, дәрілік зат
(дәрігердің тағайыны бойынша), сыйымдылық, су монша,
перчатка, КБУ
Жасау әдісі:
1. пациентке шараны түсіндіру, келісімін алу
2. дәрінің жарамдылығын тексеру ( аты, жарамдылығы,
флаконның бүтіндігін). Су моншада жылыту t 36-37ºc
3. пипетканың бүтіндігін тексеру
4. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде), перчатка
кию
5. пациенттің басын жарыққа бұрамыз бір жақ иығына немесе
арқасына жатқызу жастықсыз
6. стерилді көз тамшысы пластик флаконда болса, оны төңкеріп,
тамызғанда қабырғасынан басу керек.
7. пипетканы оң қолға алып, дәріні 2көзге жинап алыңдар
8. марляны сол қолға алыңдар, астыңғы қабағын ашып,
пациенттің жоғары қарауын сұра
9. дәрілік затты тамызамыз бір тамшы көздің астыңғы дәнекерлі
қабығына, кірпікпен қабаққа тигізбей, көздің ішкі бұрышына
жақынырақ 1,0-1,5 см ара қашықтықта көзден
10. пациентке ақырын көзін жұмып, көз алмасын сипауын ұсыну
(дәрілік зат ағып кетпеуі керек), бірнеше секундтан кейін осы
әрекетті қайтала, 2-ші тамшыны осы көзге тамызу
11. марля мен көздің ішкі бұрышындағы тамшы қалдығын
сүртіп өту
12. келесі көзгеде тамшы тамызу осы тізбекпен
13. пайдаланылған заттарды КБУ-ға тастау
перчатканы шешу, қолды жуып құрғату
Достарыңызбен бөлісу: |