Көрсеткіштері: дәрігердің тағайыны
Керекті құралдар: стерилді бір рет қолданатын шприц, пипеткалар, мақта
тампон, дәрісі бар ампула, пинцет, лоток, спирт 70º
перчатка, пилочка, КБУ
Жасау әдісі:
1. дәрігер тағайындаған дәріні, дәрігер тағайынымен тексеру.
2. дәрінің жарамдылығын тексеру ( аты, дозасы, сыртын ).
3. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде),
перчатка кию шприцті упаковкадан жинап алу
5. ампулан сол қолға алып, сәл сілку, ерітінді ампуланың кең
жағына түседі
6. спиртке малынған мақта тампонымен, ампуланың мойнын
сүртіп ал (жоғарыдан төмен)
7. ампуланың қыр мойнын пилочкамен егелеу.
8. құрғақ мақта шарикпен ампуланы ашу.
9. II және III сол қолдың саусақтарының арасына ашылған
ампуланы ұста.
10. оң қолға жиналған шприцті ұста, II саусақпен иненің
канюлясын, I, II, III, саусақтармен цилиндрді, V- поршенді ұста.
11. инені ампуланың 0,5мл ұзындығына енгізу, сыртқы жағына тигізбей, оң қолмен поршынды тартып, дәрінің керекті мөлшерін жинап ал, назар аударыңдар ине ерітіндіде болу керек.
12. ампуланың түбін жайлап көтеріп дәріні жинаңдар
13. инені шешіп, инсулин жасайтын инеге ауыстырыңдар. Бір рет қолданатын шприцпен жұмыс істегенде, стерилді упаковкадан ине аласыңдар.
14. шприцті вертикальды ұстап, инеден ауасын шығарыңдар, сол кезде шприцтен 1-2 тамшы шығару керек V саусақ- поршенде,
II – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар цилиндрде.
15. инеден қақпақты шешпейміз
16. шприцті упаковканың ішкі жағына салыңдар
17. перчатканы шешу, қолды жуып, құрғату
1.75 Стандарт
« Флаконнан ерітінді алу »
Мақсат: дәріні парентеральды енгізу
Көрсеткіштері: дәрігер тағайыны
Керекті құралдар: дәрісі бар флаконды, еріткішті, шприцті, 2ине, пинцет,
мақта тампон, лоток, спирт 70º перчатка, КБУ
Жасау әдісі:
1. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде),
перчатка кию
2. флаконды алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқу
3. пинцет пен алюминий қақпақтың орта бөлігін аш
4. мақталы тампонды спиртке малып, резеңке тығындыны сүртіп
тазала.
5. шприцті 90º бұрышта ұстап, инені флаконға енгіз 0,5-1,0 см
6. сол қолға флаконды ұстап жоғары көтер дәрінің мөлшерін жинап
ал
7. инеден, жиналған дәрімен шприцті шешіп ал, инекцияға арналған
инеге ауыстыр, бекіт
8. шприцті вертикаль ұстап, инеден 1-2 тамшы шығар, қорғау
қақпағын шешпей
9. шприцты, спирттелген мақта тампонды упаковканың ішкі жағына
салып қою.
10. перчатканы шешіп КБУ- ға таста, қолды жуып, құрғату
Ескерту: Антибиотикті еріту (1,2,3,4,5 қара)
1. 5,0 шприцті құрастырып, антибиотикті еріту үшін конусқа инені кигіз.
2. Шприцке қажетті мөлшердегі еріткішті алып, резеңке тығыны бар
флаконға құй.
1:1 тәсілмен антибиотиктерді еріту:
100 000 ЕД 1,0 мл еріткіш ал
250 000 ЕД 2,5 мл еріткіш ал
500 000 ЕД 5,0 мл еріткіш ал
1000 000 ЕД 10,0 мл еріткіш ал
3. Шприц пен флаконды инемен бірге шығарып алып, оның ішіндегі ұнтақ дәрі толық ерігенше флаконды шайқа.
4. 5,0 – 10,0 шприцті құрастырып, оны флакондағы инеге кигіз, флаконның түбін жоғары көтеріп қажет мөлшердегі ерітіндіні дәріні сорып ал.
5. ВМ/В мөлшердегі антибиотикті гр. және мл. айналдыр
100.00 ЕД – 0.1г 5000. 000 В/ ЕД/-0,5г
250.000В – 0,25г 1.000.000 В/ЕД/-1,0 г
Тағайындалды Сорып ал
Достарыңызбен бөлісу: |